12.01.2023 15:30 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан орны: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды бастаушысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны:
2023 жылғы 14 ақпан, жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік – тұрмыстық корпус, акт залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақыттың 14 сағат
30мин.
Егер өткізілуі тиіс бірінші жиналыс өткізілмеген болса, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қайта өтетін күні, уақыты және орны: 2023 жылғы 15 ақпан 15 сағат 00 мин. жергілікті уақытпен.
Акционерлік қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2023 жылғы 19 қаңтар.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Жасалуында мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Bereke Bank» АҚ жасалған «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу туралы.
3. Жасалуында мүдделілігі бар, «Export BS» ЖШС-мен және «Sweet City» ЖШС-мен «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілелерді мақұлдау туралы.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі: Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар жиналыс өткізу күніне дейін он күннен кешіктірмей акционерлерге танысу үшін Қоғамның Басқармасы орналасқан орнының мекенжайы бойынша қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198; акционер сұранысы болғанда – материалдар сұранысты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жолданатын болады. Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі: Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке басының куәлігі болуы тиіс. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Жалпы жиналысқа арнайы шақырусыз өзге тұлғалар қатыса алмайды. Мұндай тұлғалар акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеуге ғана құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.
Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды, дауыс беру нысанын айқындайды – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша). Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Әрбір акционердің бір дауысы болғанда, ал шешім қатысушылардың жай көпшілігімен қабылданғанда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (президиумнің) төрағасын және хатшысын сайлау мәселесі жөнінде дауыс беруді қоспағанда осы қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру «бір акция – бір дауыс» қағидасы бойынша жүзеге асырылады.
Осы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша шешімдері дауыс беруге қатысатын жалпы дауыс беруші акциялардың жай көпшілігімен қабылданады.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін:
1) өздігінен немесе басқа акционерлермен жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да артық пайызына ие болатын акционерлермен немесе қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналысты өткізу күніне дейін кемінде он бес күн бұрын хабарланған шарты сақталғанда директорлар кеңесімен ұсынылған толықтырулар;
2) оларды енгізу үшін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беруші акцияларының жиынтығында кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген өзгерістер және (немесе) толықтырулар.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.
Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады. Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сәйкестілікте жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35 – 37; 39 – 48; 50 -52-баптары; ҚР ЖС 2009 жылғы 28.12. №8 НҚ 13,15,16, 17-тармақтары.