Акционерлерге

29.11.2023 14:00 “Баян Сұлу” АҚ кредиторлары мен акционерлерінің назарына!

2023 жылғы 28 қарашада сағат 15.00-де орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасы, 110006 Қостанай қ. Бородин к-сі, 198) өткен Қоғам Басқармасының “Баян Сұлу” АҚ (бұдан әрі-Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы бұрын “Bereke Bank” АҚ-мен жасалған, оны жасауға мүдделілік бар “Баян Сұлу” АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгерістер енгізуді мақұлдау туралы шешім қабылдады.

27.10.2023 13:30 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.

Қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан орны: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды бастаушысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 28 қараша, жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік – тұрмыстық корпус, мәжіліс залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақыттың 14 сағат

30 мин.
Егер өткізілуі тиіс бірінші жиналыс өткізілмеген болса, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қайта өтетін күні, уақыты және орны: 2023 жылғы 29 қараша 15 сағат 00 мин. жергілікті уақытпен.
Акционерлік қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2023 жылғы 31 қазан.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2. Жасалуы мүдделі ертеректе жасалған “Bereke Bank” АҚ-мен “Баян Сұлу” АҚ арасындағы ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.

3.«Баян Сұлу» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу.

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:

Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар жиналыс өткізу күніне дейін он күннен кешіктірмей акционерлерге танысу үшін Қоғамның Басқармасы орналасқан орнының мекенжайы бойынша қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198; акционер сұранысы болғанда – материалдар сұранысты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жолданатын болады.

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі:

Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке басының куәлігі болуы тиіс. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.

 Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

Жалпы жиналысқа арнайы шақырусыз өзге тұлғалар қатыса алмайды. Мұндай тұлғалар акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеуге ғана құқылы.

Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта ашылады.

Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.

Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды, дауыс беру нысанын айқындайды – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша). Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.

Әрбір акционердің бір дауысы болғанда, ал шешім қатысушылардың жай көпшілігімен қабылданғанда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (президиумнің) төрағасын және хатшысын сайлау мәселесі жөнінде дауыс беруді қоспағанда осы қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру «бір акция – бір дауыс» қағидасы бойынша жүзеге асырылады.

Осы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша шешімдері дауыс беруге қатысатын жалпы дауыс беруші акциялардың жай көпшілігімен қабылданады.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін:

1) өздігінен немесе басқа акционерлермен жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да артық пайызына ие болатын акционерлермен немесе қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналысты өткізу күніне дейін кемінде он бес күн бұрын хабарланған шарты сақталғанда директорлар кеңесімен ұсынылған толықтырулар;

2) оларды енгізу үшін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беруші акцияларының жиынтығында кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген өзгерістер және (немесе) толықтырулар.

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.

Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.

Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.

Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады.

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сәйкестілікте жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35 – 37; 39 – 48; 50 -52-баптары; ҚР ЖС 2009 жылғы 28.12. №8 НҚ 13,15,16, 17-тармақтары.

27.10.2023 11:30 Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

Ақпарат

31.05.2023 16:30 «Баян Сұлу» АҚ акционерлердің және инвесторлардың назарына!

«Баян Сұлу» АҚ 2023 жылы 30 маусымда өткізілген жалпы акционерлердің жылдық жиналысында «Баян Сұлу» АҚ-ның 2022 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша алынған таза табысты, бөлмеуге, бөлінбеген пайда шотында қалдыруға, 2022 жылғы қорытындылары бойынша Қоғамның қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді есептемеуге және төлемеуге деген шешім қабылдағанын хабарлайды.

31.05.2023 16:30 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

1)акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 30 мамыр 2023 жыл, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 00 мин., аяқталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ.40 мин. келесі мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ.Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2022 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ 2022 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.

4. «Баян Сұлу» АҚ 2022 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, кәдімгі акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Баян Сұлу» АҚ бір кәдімгі акциясының есебімен дивиденд өлшемін бекіту.

5. «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2022 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1-сұрақ бойынша.

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» -44 504 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің жылдық жиналысының Күн тәртібін бекітілсін:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2022 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ 2022 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.

4. «Баян Сұлу» АҚ 2022 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, кәдімгі акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Баян Сұлу» АҚ бір кәдімгі акциясының есебімен дивиденд өлшемін бекіту.

5. «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2022 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

2-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 504 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ 2022 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп бекітілсін, Басқарманың жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

3-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 504 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ 2022 жыл үшін аудит жүргізілген қаржылық есептілігі мына құрамда бекітілсін:

қаржы жағдайы туралы шоғырландырылған есеп;

– пайда мен залал және басқа жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есеп;

– қаржы қаражаты қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп;

– капиталдағы өзгертулер туралы шоғырландырылған есеп;

– шоғырландырылған қаржы есептелігінің ескертпелері.

4-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 704 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – 3 800 000. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ-ның 2022 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша алынған таза табыс бөлінбей, бөлінбеген пайда шотында қалдырылсын, 2022 жылғы қорытындылары бойынша Қоғамның қарапайым акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.

5-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 504 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты 2022 жылғы өтініштері болмағаны туралы ақпарат назарға алынсын.

6-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 504 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелеріне 2022 жылы төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.

28.04.2023 14:30 Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

Ақпарат

28.04.2023 14:30 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің 2022 жылғы жұмыс қорытындылары туралы жалпы жылдық жиналысына шақыру туралы хабарлама

Қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын шақыруды бастаушысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы өтетін күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 30 мамыр жергілікті уақытпен 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.

Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақытпен 14 сағат 30 минут.

Егер бірінші жиналыс өткізілмеген болса, қоғам акционерлерінің өткізілуі тиіс жалпы жиналысы қайта өтетін күні және уақыты:

2023 жылғы 31 мамыр, жергілікті уақытпен 15 сағат 00 минут.

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2023 жылғы 05 мамыр.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2022 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2022 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.

4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2022 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту,

кәдімгі акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Баян Сұлу» АҚ бір кәдімгі акциясының есеппен дивиденд өлшемін бекіту.

5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2022 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:

акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар жиналыс өткізу күніне дейін он күннен кешіктірмей акционерлерге танысу үшін мына мекенжайы бойынша қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198; акционер сұранысы болғанда – сұраныс алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жолданатын болады.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын өткізу тәртібі:

Акционерлердің жалпы жылдық жиналысын ашу үшін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге тұлғаны куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционер өкілі акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысу және дауыс беру өкілеттігін растайтын сенімхат ұсынуы тиіс.

Тіркелмеген Акционер (Акционердің өкілі) кворум анықталғанда есептелмейді және оның дауыс беруге қатысу құқығы жоқ.

Жалпы жиналыста арнайы шақырылмаған басқа тұлғалар қатыса алмайды. Ондай тұлғалардың акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеу құқығы бар.

Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болғанда жарияланған уақытта ашылады.

Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыс ашылу уақытын өзгертуге қарсы болмаған жағдайды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы жарияланған уақыттан бұрын ашылуы мүмкін емес.

Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасы (президиумі) мен хатшысын сайлауды жүргізеді, ашық немесе (бюллетеньдер бойынша) жасырын – дауыс беру нысанын анықтайды. Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.

Осы акционерлердің жалпы жылдық жиналысында дауыс беру мына жағдайларды қоспағанда «бір акция – бір дауыс» қағидаты бойынша жүргізіледі акционерлердің жалпы жылдық жиналысының төрағасы (президиумі) мен хатшысын сайлау жөніндегі мәселе бойынша дауыс беру, әрбір акционердің бір дауысы бар болғанда, ал шешім қатысқандар санынан қарапайым дауыс көпшілігімен қабылданатын болғанда.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін:

1) өздігінен немесе басқа акционерлермен жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да артық пайызына ие болатын акционерлермен немесе қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналысты өткізу күніне дейін кемінде он бес күн бұрын хабарланған шарты сақталғанда директорлар кеңесімен ұсынылған толықтырулар;

2) оларды енгізу үшін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беруші акцияларының жиынтығында кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген өзгерістер және (немесе) толықтырулар.

Жалпы жиналыстың күн тәртіпке енгізілмеген мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау құқығы жоқ.

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында төрағаның қарастырылатын мәселе бойынша пікірталасты тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс беру тәсілін өзгерту туралы ұсынысты дауыс беруге шығару құқығы бар.

Төрағаның күн тәртібіндегі мәселені талқылауға қатысу құқығы бар тұлғаларға кедергі жасау құқығы жоқ, осындай сөйлеу сөздері акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соқтыратын немесе осы мәселе жөнінде пікірталас тоқтатылған жағдайлар кірмейді.

Акционерлердің жалпы жиналысының өз жұмысында үзіліс жасау және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, соның ішінде Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жеке мәселелерін қарауды келесі күнге қалдыру туралы шешім қабылдау құқығы бар.

Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарағаннан және олар бойынша шешім қабылдағаннан кейін ғана жабылған деп жариялуы мүмкін.

Дауыс беру нәтижелері бойынша есептеу комиссиясы дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы жасайды және оған қол қояды.

Акционердің дауыс беруге шығарылған мәселе жөнінде ерекше пікірі болған кезде қоғамның есептеу комиссиясы хаттамаға тиісті жазу енгізуге міндетті.

Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысын жапқаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құрастырылады және қолдары қойылады.

Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы сәйкестілікте жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 22, 23; 35 – 37; 39 – 48; 50 -52; 68-73-баптары, ҚР ЖС 28.12.2009ж. №8 НҚ 13,15,16, 17,19,20-тармақтары.

06.04.2023 15:30 Эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару туралы ақпарат

Ақпарат

05.04.2023 15:30 Эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару туралы ақпарат

Ақпарат

14.03.2023 16:00 Акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы ақпарат

Ақпарат