Акционерлерге

02.11.2011 15:30:00

«Баян Сұлу» АҚ жасасуға мүдделі болып табылатын мәміле туралы ақпарат

«Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі 28.10.2011 жылы № 113А хаттамасында көрсетілген Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені жасасу туралы шешім қабылдады:
«Баян Сұлу» АҚ мен «АзияАгроФуд» АҚ арасында келісім-шарт жасасу, соған сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ – жалпы сомасы ҚҚС есепке алғанда 1 556 568 (бір миллион бес жүз елу алты мың бес жүз алпыс сегіз) теңге, мөлшері 14 967 кг құрайтын ақ-қызғылт түсті зефирді өнеркәсіптік мақсатпен өңдеуге береді, ал «Баян Сұлу» АҚ оны қабылдайды және ақысын төлейді.
03.09.2011 14:00:00

«Баян Сұлу» АҚ жасасуға мүдделі болып табылатын мәміле туралы ақпарат

«Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі 31.08.2011 жылы № 112-БСЛ хаттамасында көрсетілген Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені жасасу туралы шешім қабылдады:
«Баян Сұлу» АҚ мен «Баян Сауда» ЖШС арасында келісім жасасу, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ Қостанай қ-сы, Складская к-сі, №8 мекен-жайында орналасқан қойманы жалға алу шығындарын «Баян Сауда» ЖШС-на ай сайын өтейді.
24.08.2011 15:30:00

«Баян Сұлу» АҚ жасасуға мүдделі болып табылатын мәмілелер туралы ақпарат

«Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі 22.08.2011 жылы № 112АВ хаттамасында көрсетілген Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдады:
– «Баян Сұлу» АҚ мен «Баян Сауда» ЖШС арасында мүлік кешенін жалға алу (жалгерлікке алу) туралы келісім-шартты жасасу, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ Астана қ-сы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс (Победа) д-лы, 72 үй, ВП 5, 1-ші қабат мекен-жайында орналасқан, жалпы ауданы 145,8 ш. м. құрайтын дүкен (Мүлік кешені) мен ауданы 0,0040 га құрайтын жер телімін, сондай-ақ жалпы ауданы 14,9 ш. м. құрайтын № 21 тұрақ орны мен ауданы 0,0004 га құрайтын жер телімін жалға береді, ал «Баян Сауда» ЖШС оларды жалға алады.  Мүлік кешені, келісім-шартқа қосымшаға сәйкес барлық коммуникациялармен және жабдықтармен бірге беріледі. Мүлік кешенін жалға алу құны ҚҚС есепке алғанда айына 300 000 (үш жүз мың) теңге сомасын құрайды;
– «Баян Сұлу» АҚ мен «Баян Сауда» ЖШС арасында орынжайды жалға алу туралы келісім-шартты жасасу, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайында орналасқан, жалпы ауданы 124 ш. м. құрайтын орынжайды, келісім-шарттың қосымшаларына сәйкес жабдықтарды, сонда орнатылған және орналасқан телефон желілерін «Баян Сауда» ЖШС-не ұсынады; жалгерлік төлем ҚҚС есепке алғанда айына 148 800 (жүз қырық сегіз мың сегіз жүз) теңге сомасын құрайды;
– «Баян Сұлу» АҚ мен «Баян Сауда» ЖШС арасында мүлік кешенін жалға алу (жалгерлікке алу) туралы келісім-шартты жасасу, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198А мекен-жайында орналасқан, ауданы 568,1 ш. м. құрайтын “Центр фирменной торговли” (“Фирмалық сауда орталығы”) ғимараты мен келісім-шарттың қосымшаларына сәйкес сауда жабдықтарын жалға береді, ал «Баян Сауда» ЖШС оларды жалға алады. Жалға алу құны ҚҚС есепке алғанда айына 1 051 200 (бір миллион елу бір мың екі жүз) теңге сомасын құрайды;
– «Баян Сұлу» АҚ мен «Баян Сауда» ЖШС арасында тұрғын орынжайды жалға алу туралы келісім-шартты жасасу, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ – Қостанай қ-сы, Қасымқанов к-сі, 16 үй, 22 пәт. мекен-жайында орналасқан, жалпы ауданы 61,00 ш. м., соның ішінде тұрғын ауданы 36,10 ш. м. құрайтын, 2 бөлмеден құралған тұрғын орынжайды және келісім-шарттың қосымшаларына сәйкес мүлікті «Баян Сауда» ЖШС-не ұсынады; жалгерлік төлем ҚҚС есепке алғанда айына 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасын құрайды, оның үстіне «Баян Сұлу» АҚ тарапынан ұсынылған шот бойынша коммуналдық қызметке ақы төленеді;
– «Баян Сұлу» АҚ мен «Баян Сауда» ЖШС арасында келісім-шартты жасасу, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ құны ҚҚС есепке алғанда айына 2 227 105 (екі миллион екі жүз жиырма жеті мың жүз бес) теңге сомасын құрайтын ОМ 906LA № 906911-00-111797 қозғалтқышын береді, ал «Баян Сауда» ЖШС оны қабылдайды және ақысын төлейді.
(Рус) 19.08.2011 01:00:00

Кешіріңіз, бұл мәтін тек Рус и Eng-нде қол жетімді.

(Рус) 15.08.2011 01:00:00

Кешіріңіз, бұл мәтін тек Рус и Eng-нде қол жетімді.

29.07.2011 16:00:00

«Баян Сұлу» АҚ жасасуға мүдделі болып табылатын мәміле туралы ақпарат

«Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі 25.07.2011 жылы № 112В хаттамасында көрсетілген Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені жасасу туралы шешім қабылдады:
«Баян Сұлу» АҚ мен «АзияАгроФуд» АҚ арасында келісім-шартты жасасу, соған сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ – келісім-шарттың талаптарына сәйкес жалпы сомасы ҚҚС есепке алғанда 21 500 000 (жиырма бір миллион бес жүз мың) теңге сомасын құрайтын дәндегі жүгеріні меншікке береді, ал «Баян Сұлу» АҚ оны қабылдайды және ақысын төлейді.
(Рус) 27.07.2011 15:00:00

Кешіріңіз, бұл мәтін тек Рус и Eng-нде қол жетімді.

(Рус) 14.07.2011 01:00:00

Кешіріңіз, бұл мәтін тек Рус-нде қол жетімді.

22.06.2011 15:00:00

«Баян Сұлу» АҚ жасасуға мүдделі болып табылатын мәмілелер туралы ақпарат

«Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі 17.06.2011 жылы № 111А хаттамасында көрсетілген Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдады:
– «Баян Сұлу» АҚ мен «АзияАгроФуд» АҚ арасында келісім-шарттарды жасасу, соған сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ – тиісті келісім-шарттың талаптарына сәйкес жалпы сомасы ҚҚС есепке алғанда 54 500 000 (елу төрт миллион бес жүз мың) теңге сомасын құрайтын дәндегі жүгеріні меншікке береді, ал «Баян Сұлу» АҚ оны қабылдайды және ақысын төлейді;
– «Баян Сұлу» АҚ мен «АзияАгроФуд» АҚ арасында келісім-шарттарды жасасу, соларға сәйкес «Баян Сұлу» АҚ – тиісті келісім-шарттың талаптарына сәйкес мыналарды меншікке береді, ал «АзияАгроФуд» АҚ оларды қабылдайды және ақысын төлейді: сомасы ҚҚС есепке алғанда 620 000 (алты жүз жиырма мың) теңге, мөлшері 5000 кг құрайтын сульфиттелген желелі алма езбесі; жалпы сомасы ҚҚС есепке алғанда 227 500 (екі жүз жиырма жеті мың бес жүз) теңге, мөлшері 1 500 кг құрайтын қант ұнтағы.
(Рус) 31.05.2011 01:00:00

Кешіріңіз, бұл мәтін тек Рус и Eng-нде қол жетімді.