Акционерлерге

13.12.2013 01:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының өзі мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасу туралы ақпарат

1) Акционерлік Қоғамның ірі мәмілені жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2013 жылдың 27 қарашасы; 2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – 7 015 598 500 (жеті миллиард он бес миллион бес жүз тоқсан сегіз мың бес жүз) теңге; 3) мәміленің мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні – 2013 жылдың 18 қарашасы; 4) мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы – 39.4%; 5) мәміленің негізгі маңызды шарттары: – «Баян Сұлу» АҚ 24.01.2013 ж. № 2000/13/1 Бас Несиелік Келісім (несиелік лимитті белгілеу туралы) (одан әрі – БНК-1) бойынша Қоғамның несиелік міндеттемелерін орындауы қамтамасыз ету түрінде құны 7 015 598 500 (жеті миллиард он бес миллион бес жүз тоқсан сегіз мың бес жүз) теңгені құрайтын (2013 жылдың 18 қарашасындағы №13/380-11 бағалау туралы есеп-қисабына сәйкес) Қоғам мүлігін «БТА Банк» ационерлік қоғамына (одан әрі – Банк) береді, БНК шарттары бойынша Банк 3 032 975 378,00 (үш миллиард отыз екі миллион тоғыз жүз жетпіс бес мың үш жүз жетпіс сегіз) теңге 00 тиын көлеміндегі несиелік желіні 2019 жылдың «10» қаңтарына дейін тағайындады; – «БТА Банк» АҚ-на (одан әрі – Банк) кепілге берілген «Баян Сулу» АҚ-ң мүлкін «АзияАгроФуд» АҚ-ң 2019 жылдың 10 қаңтарын қоса алған мерзімге дейін 2 585 000 000 (Екі миллиард бес жүз сексен бес миллион) теңгені құрайтын жалпы ұлғайтылған сомаға және соның ішінде 2016 жылдың «25» желтоқсанын қоса алған мерзімге дейін 1 000 000 000,00 (Бір миллиард) теңгеге айналым қаражатын толтыру мақсатында жасалған 24.01.2013 жылғы №2000/13/2 Бас Несиелік Келісім-шарт (одан әрі – БНК) бойынша тарату. 6) мәмілені жасасу күні – 2013 жылдың 29 қарашасы және 5 желтоқсаны.
10.12.2013 01:00:00

Баян Сұлу АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырту туралы хабарлама»

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин к-сі, 198, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырту туралы хабарлайды. Қоғамның орындаушы органының толық атауы және орналасқан жері: «Баян Сұлу» АҚ-ң Басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин к-сі, 198 Жиналысты шақыртудың бастамашылары туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ң Директорлар кеңесі. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны: 2014 жылдың 14 қаңтары, жергілікті уақыт бойынша 17 сағ. 30 мин. Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин к-сі,198, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы. Жиналысқа қаысушыларды тіркеуді бастау уақыты: жергілікті уақыт бойынша 16 сағ. Егер алғашқы жиналыс өткізілмесе, қоғам акицонерлерінің қайтадан өткізілетін жалпы жиналысының өтетін күні мен уақыты: 2014 жылдың 15 қаңтары, жегілікті уақыт бойынша 17 сағ. 30 мин. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімін құрастыру күні: 2013 жылдың 9 желтоқсаны Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі: 1. «Баян Сұлу» АҚ-да аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына арналған күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі: Жалпы жиналысқа арналған күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен акционерлер 2013 жылдың 25 желтоқсанында мына мекен-жай бойынша таныса алады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин к-сі, 198 «Баян Сұлу» АҚ-ң Директорлар кеңесі.
09.12.2013 01:00:00

«Баян Сулу» АҚ-ң органдары құрамының өзгеруі туралы ақпарат

1) шешім қабылдаған эмитент органының атауын көрсете отырып, эмитент органы құрамының өзгеруі туралы шешім қабылданған күн – Директорлар кеңесінің 2013 жылдың 04 желтоқсанындағы шешімі, №21 хаттама; 2) құрамы өзгерген эмитент органының атауы – «Баян Сулу» АҚ-ң Басқармасы; 3) эмитент органының құрамына енгізілген өзгертулердің мәні: органның құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты, егер болса, әкесінің аты, органның құрамына қабылданған (тағайындалған) тұлғаның тегі, аты, егер болса, әкесінің аты – Басқарма мүшесі болып «Баян Сулу» АҚ-ң қаржы директоры Губарева Ольга Викторовна сайланды.
06.12.2013 16:00:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені акционерлік қоғамның жасағаны туралы ақпарат.

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні – Директорлар кеңесінің 05.12.2013 жылғы № 21А шешімі;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні – қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы – қолданылмайды;
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Баян Сұлу» АҚ мен «Баян Сауда» ЖШС арасында көліктік-экспедиторлық қызмет туралы келісім-шарт жасасу, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ – жүктерді тасымалдау бойынша көліктік-экспедиторлық қызмет көрсету жөніндегі тапсырма береді, ал «Баян Сауда» ЖШС сол тапсырманы келісім-шарттың талаптарына сәйкес орындау жөніндегі міндеттемені өзіне қабылдайды; аталған қызметтерді орындау үшін «Баян Сұлу» АҚ «Баян Сауда» ЖШС-не 2 000 000 (екі миллион) теңге төлейді.
6) мәміленің жасалған күні – 05.12.2013
29.11.2013 01:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының ірі мәмілені жасасу ниеті туралы ақпарат

Осы құжат арқылы «Баян Сұлу» АҚ (одан әрі – Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесі «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілені жасасатындығы туралы шешім қабылдады: 1) Акционерлік Қоғамның ірі мәмілені жасасу туралы шешім қабылдаған күні – «Баян Сулу» АҚ Директорлар кеңесінің 27.11.2013 ж. шешімі, №19А хаттама; 2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – 7 015 598 500 (жеті миллиард он бес миллион бес жүз тоқсан сегіз мың бес жүз) теңге; 3) мәміленің мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні – 2013 жылдың 18 қарашасы; 4) мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы – 39.4%; 5) мәміленің негізгі маңызды шарттары: 24.01.2013 ж. № 2000/13/1 Бас Несиелік Келісім (несиелік лимитті белгілеу туралы) (одан әрі – БНК-1) бойынша Қоғамның несиелік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде хаттаманың №1 қосымшасына сәйкес құны 7 015 598 500 (жеті миллиард он бес миллион бес жүз тоқсан сегіз мың бес жүз) теңгені құрайтын (2013 жылдың 18 қарашасындағы №13/380-11 бағалау туралы есеп-қисабына сәйкес) Қоғам мүлігін «БТА Банк» ационерлік қоғамына (одан әрі – Банк) беру, БНК шарттары бойынша Банк 3 032 975 378,00 (үш миллиард отыз екі миллион тоғыз жүз жетпіс бес мың үш жүз жетпіс сегіз) теңге 00 тиын көлеміндегі несиелік желіні 2019 жылдың «10» қаңтарына дейін тағайындады; 6) мәмілені жасасу күні – келешекте кепіл келісім-шартын жасасу күні.
28.11.2013 01:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасау ниеті туралы ақпараты

Осы құжат арқылы «Баян Сұлу» АҚ (одан әрі – Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасу ниеті туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды: 1) Акционерлік Қоғамның органы Қоғамның өзі мүдделі болып табылатын мәмілені жасасу ниеті туралы шешім қабылдаған күні – «Баян Сұлу» АҚ-ң Директорлар кеңесінің 27.11.2013 жылғы шешімі, №20 хаттама; 2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – қолданылмайды; 3) мәміленің мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау – қолданылмайды; 4) мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына қатысты мәміленің құнына пайыздық қатынасы – қолданылмайды; 5) мәміленің негізгі маңызды шарттары – «Баян Сұлу» АҚ «БТА Банк» АҚ-ға (одан әрі – Банк) ұсынған мүлікті таратуды мақұлдау, оның тізбесі мен айрықшаламасы отырыс хаттамасының №1 қосымшасында анықталған, ол мынадай міндеттемелерді қамтамасыз етуге арналған: «АзияАгроФуд» АҚ 24.01.2013 ж. №2000/13/2 Бас Несиелік Келісім бойынша (одан әрі – БНК-2), 2 585 000 000 (Екі миллиард бес жүз сексен бес миллион) теңгені құрайтын жалпы ұлғайтылған сомаға 2019 жылдың 10 қаңтарын қоса алғандағы мерзімге дейін, соның ішінде 1 000 000 000,00 (Бір миллиард) теңгені 2016 жылдың «25» желтоқсанына дейінгі мерзімде, мынадай мақсаттар үшін – оның шегінде жасалған және ажырамас бөлігі болып табылатын әрбір/кез-келген келісім-шарт және/немесе келісім, кепілзат келісім-шартының қосымша келісімдеріне қол қою; 6) мәмілені жасасу күні – болашақта БНК-ге және кепілге қою келісім-шартына қатысты қосымша келісім жасалған күн.
05.11.2013 01:00:00

Эмитент органдары құрамының өзгеруі туралы ақпарат

1) шешім қабылдаған эмитент органының атауы көрсету арқылы эмитент органы құрамының өзгеруі туралы шешім қабылдау күні- «Баян Сулу» АҚ Директорлар кеңесінің28.10.2013 жылғы шешімі, №19 хаттама; 2) құрамы өзгертілген эмитент органының атауы- «Баян Сұлу» АҚ Басқармасы, «Баян Сулу» АҚ-ң Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау жəне бюджет жөніндегі Комитеті жəне Ішкі аудит Комитеті; 3) Эмитент органдарының құрамына енгізілетін өзгертудің мəні- «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының мүшесі, «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау жəне бюджет жөніндегі Комитетінің мүшесі жəне Ішкі аудит жөніндегі Комитеттің мүшесі Шамуратова Лиза Назимбековнаның өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы.
30.10.2013 01:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының мүддесі бар мәміленің жасалуы туралы ақпарат

1) Акционерлік Қоғамының органы тарапынан, Қоғамның мүддесі бар мәмілені жасау ниеті туралы шешімнің қабылданған күні – «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің 18.10.2013 жылғы шешімі, №18 хаттама; 2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – 2 080 000 000 (Екі миллиард сексен миллион) теңге сомасындағы ақша; 3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні – қолданылмайды; 4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы – 11,8%; 5) мәміленің негізгі елеулі шарттары – БНК шеңберінде жасалған және оның ажырамас бөлігі болып табылатын әрбір/кез-келген келісім-шарт және/немесе келісім бойынша Банктің алдында «Баян Сұлу» АҚ-ның міндеттемелерінің орындалуын қамсыздандыру ретінде, «KazFoodProducts» ЖШС – «БТА Банк» АҚ-ның кепіліне: 2 080 000 000 (Екі миллиард сексен миллион) теңге көлеміндегі ұлғайтылған сомадағы ақшаны, есептелген сыйақыны, сондай-ақ БНК-де көрсетілген, уәкілеттті органдарда тіркелген кепіл келісім-шарттарын «Баян Сұлу» АҚ берген сәтке дейін, заңды тұлғамен жасалған «Формула успеха» банк салымы туралы 2013 жылғы 19 наурыздағы № 1704 келісім-шарт бойынша ДБВ-да ашылған салымшының құқықтарын ұсынады және Банктік жарна туралы келісім-шарт бойынша жинақ ақша шотындағы ақшаны және құқықтарды кепілге салу туралы келісім-шартқа арналған қосымша келісімге қол қояды. 6) мәміленің жасалған күні – Банктік жарна туралы №13/06/kz келісім-шарт бойынша ақша мен құқықтарды кепілге салу туралы келісім-шартқа арналған 25.10.2013 жылғы № 5 қосымша келісімнің жасалған күні.
(Рус) 30.10.2013 01:00:00

Кешіріңіз, бұл мәтін тек Рус и Eng-нде қол жетімді.

24.10.2013 01:00:00

Хабарлама

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі 18.10.2013 ж. №18 хаттамада көрсетілген Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді ниет жасауға туралы: «Баян Сұлу» АҚ-ң Банк алдындағы БНК бойынша оның шеңберінде жасалған әрбір/кез-келген келісім-шарт және/немесе келісім бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде «БТА Банк» АҚ-на (одан әрі «Банк» деп аталады) кепілге беру үшін «KazFoodProducts» ЖШС-не: 2 080 000 000 (екі миллиард сексен миллион) теңге көлеміндегі ұлғайтылған сомада ақшаны, есептелген сыйақыны, сондай-ақ заңды тұлғамен арада 2013 жылдың 19 наурызындағы №1704 «Сәттілік формуласы» («Формула успеха») деп аталатын БСШ-да ашылған банктік салымның келісім-шарты бойынша салымшының құқықтарын «Баян Сұлу» АҚ-на БНК-де көрсетілген, уәкілетті органдарда тіркелген кепіл келісім-шартын берген сәтке дейін беру және жинақ шотындағы ақша мен банктік салым келісім-шарты бойынша салымшының құқықтарын кепілге қою келісім-шартына деген қосымша келісіге қол қою туралы шешім қабылдады.