2013 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайында орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, 2013 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның орындаушы органының толық атауы және орналасқан жері:
«Баян Сұлу» АҚ басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй.
Жиналысты шақырутдың бастамашылары туралы мәліметтер:
«Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Қоға акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны:
2014 жылғы 23 мамыр, жергілікті уақыт бойынша 17 сағат 30 минут.
Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, мәжіліс залы.
Жиналысқа қаысушыларды тіркеуді бастау уақыты:
жергілікті уақыт бойынша 16 сағат.
Егер алғашқы жиналыс өткізілмесе, қоғам акицонерлерінің қайтадан өткізілетін жалпы жиналысының күні мен уақыты:
2014 жылғы 24 мамыр, жергілікті уақыт бойынша 17 сағат 30 минут.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімін құрастыру күні: 2014 жылдың 23 сәуірі.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің жалпы жиналысына арналған күн тәртібін бекіту.
2. Есептеу комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау.
3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2013 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2013 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.
5. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2013 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
6. Дивидендтер туралы.
7. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгіну және оларды қарастыру қорытындылары туралы.
8. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерін, 2013 жылғы Директорлар кеңесінің және Қоғам Басқармасының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері мен құрамы туралы хабарландыру.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына арналған күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:
Жалпы жиналысқа арналған күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен акционерлер Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайына келіп, заңнамада белгіленген мерзімнің ішінде таныса алады.
«Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.