26.11.2014 16:00:00
03.04.2014 және 02.10.2014 жылғы кезең аралығындағы «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының бағалы қағаздарын орналастыру қорытындысы туралы есеп-қисапты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бекітуі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі;
бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркеуден өткен күні:
2010 жылғы 02 сәуір;
2) шығарылымға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны:
100 000 000 (жүз миллион) жай акция;
бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZ1C24120012;
3) облигациялар шығарылған жағдайда, солар бойынша номинал құны, айналым мерзімі және өтеу тәртібі, табыс төлеу тәртібі мен мерзімі, ковенанттар және (немесе) шығарылымда көрсетілген өзге шектеулер: қолданылмайды;
4)жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту:
бағалы қағаздар шығарылмына, жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту бөлігінде енгізілген өзгерістердің мемлекеттік тіркеуден өткен күні:
2010 жылғы 02 сәуір;
жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту туралы шешімнің қабылданған күні және осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғамның органының атауы:
«Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2010 жылғы 09 наурыздағы шешімі;
бағалы қағаздардың шығарылым аңдатпасына бағалы қағаздардың түрлері бойынша енгізілген тиісті өзгерістер мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жарияланған бағалы қағаздардың саны: 100 000 000 (жүз миллион) жай акция;
5) бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешімнің қабылданған күні: есеп-қисап кезеңінде бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылданбады;
6) бағалы қағаздардың орналастырыла бастаған күні, бағалы қағаздарды орналастыру шарттары, орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздардың санын және орналастыру тәсілін көрсетумен: қолданылмайды;
7) бағалы қағаздардың орналастырып аяқталатын күні (орналастырудың есеп-қисап кезеңін көрсетумен), бағалы қағаздардың өтелетін күні: 03.04.2014 жылдан бастап 02.10.2014 жылға дейін бағалы қағаздарды орналастырудың есеп-қисап кезеңі;
8) бағалы қағзадарды орналастыру қорытындысы туралы есеп-қисаптың, өтеу қорытындысы туралы есеп-қисаптың бекітілген күні, есеп-қисап кезеңінде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың саны мен түрін көрсетумен: есеп-қисап 2014 жылғы 14қараша айында бекітілді, есеп-қисап кезеңінде акциялар орналастырылмады;
9) есеп-қисап кезеңінде бағалы қағаз ұстаушыларынан акционерлік қоғам тарапынан сатып алынған бағалы қағаздардың саны мен түрі: есеп-қисап кезеңінде «Баян Сұлу» АҚ акциялар сатып алынбады;
10) есеп-қисап кезеңінде акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы мәлімет:
Қоғамның жай акциялары бойынша 2013 жылы есептелген және төленуге тиісті дивидендтердің сомасы 407 745 800 (төрт жүз жеті миллион жеті жүз қырық бес мың сегіз жүз) теңге құрады, акционерлерге төленген дивидендтердің сомасы – 407 289 000 теңге;
бір жай акция (артықшылықты акциялары жоқ) үшін 2013 жылы есептелген және есептелмеген дивидендтердің мөлшері – 9 (тоғыз) теңге 13 тиын; 2013 жылдың қорытындылары бойынша бір жай акцияға қатысты таза табыстың мөлшері 9 (тоғыз) теңге 14 тиын құрады.
Дивиденттердің уақытылы төленбеу жағдайлары Ұйымда жоқ.
11) бағалы қағаздар шығарылымының күші жойылған күні, күшін жоюдың негіздемесі: қолданылмайды.