Акционерлерге

01.04.2015 16:45:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы қоғамның жасауға мүддесі бар мәмілелер жасауы туралы ақпарат

     1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешім қабылдаған күні: Директорлар кеңесінің 26.03.2015 жылғы шешімі, № 6-1 хаттама;
     2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: қолдануға болмайды;
     3) мәміленің мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні: қолдануға болмайды;
     4) мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық арасалмағы: қолдануға болмайды;
     5) мәміленің негізгі мәнді шарттары: «Баян Сұлу» АҚ «АзияАгроФуд» АҚ-мен тауар қоймасында жауапты сақтау келісім-шартын жасау, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ тапсырады, ал «АзияАгроФуд» АҚ келісім-шарттың талаптарына сәйкес тауарларды (ұн, сірне, кебек, астық қалдықтары, жүгері және басқаларын) жауапты сақтауға қабылдайды. Тауарды сақтау бойынша қызметтің құны ҚҚС есепке алғанда айына 800 000 (сегіз жүз мың) теңгені құрайды, келісім-шарттың әрекет ету мерзімі 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
     6) мәмілені жасау күні:01.04.2015.
31.03.2015 15:30:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының өзі мүдделі болып табылатын мәмілелер болып саналатын мәмілелерді жасасу ниеті туралы ақпарат

      «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі 2015 жылғы « 27 » наурызда № 7 хаттамасында көрсетілген қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасуды мақұлдады: 
1) Банкке ұсынылған соңғы бағалау туралы есеп-қисаптардың бағалау құнын көрсетіп, «АзияАгроФуд» АҚ және «Сбербанк» Сбербанк» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Банк) арасында жасалған барлық кепілзат шарттарына мүліктің бағалау құнын өзгерту бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізуді мақұлдады:
1) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-1 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
2) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-2 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) қайта кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
3) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-3 жабдықты қайта кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
4) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-4 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) қайта кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
5) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-5 тауарларды қайта кепілге салу және қайта өңдеу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
6) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-6 тауарларды қайта кепілге салу және қайта өңдеу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
7) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-7 тауарларды қайта кепілге салу және қайта өңдеу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
8) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-8 тауарларды қайта кепілге салу және қайта өңдеу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
9) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-9 автокөлік құралын қайта кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша; 

2) «АзияАгроФуд» АҚ және Банк арасында жасалған Технологиялық жабдықты кепілге салу туралы шарт бойынша «АзияАгроФуд» АҚ міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынуды мақұлдады:
– 26.03.2013 жылғы № 24 келісім-шарт бойынша сатып алынған және әкелінген, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайында орналасқан, IDA 3002CV драже өндіретін технологиялық жабдығы;
– кондитерлік өнеркәсіптіке арналған технологиялық жабдық: 2012 жылдың 20 желтоқсанындағы №212/ALM-2012 сатып алынған және әкелінген, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайында орналасқан, SWAKN типті салындысы бар вафляларды өндіруге арналған 1-типті өнеркәсіптік қондырғы;
– болашақта 06.12.2013 ж. № 104916 келісім-шарты бойынша келіп түсетін, карамельді өндіруге арналған жабдық (соның ішіне MILLETWIST 8012 типті 10 (он) орау автоматы кіреді)
Банктің алдындағы «АзияАгроФуд» АҚ міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретіндегі жалпы бағалау құны 1 695 143 182 теңге құрайды: 
09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО несие желісін ашу туралы келісім:
1) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО_02 шарт;
2) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО_01 шарт;
3) 25.11.2014 жылғы №14-53431-00-КЛ шарт.

27.03.2015 16:00:00

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

     110006 Қостанай қ-сы Бородин к-сі, 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі 26.03.2015 жылы жергілікті уақытпен сағат 11-де өткен отырыста № 6-1 хаттама келесідей шешім қабылдады:

     Қоғамның жасауға мүддесі бар мәмілелер жасау мақұлдансын: «Баян Сұлу» АҚ «АзияАгроФуд» АҚ-мен тауар қоймасында жауапты сақтау келісім-шартын жасау, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ тапсырады, ал «АзияАгроФуд» АҚ келісім-шарттың талаптарына сәйкес тауарларды (ұн, сірне, кебек, астық қалдықтары, жүгері және басқаларын) жауапты сақтауға қабылдайды. Тауарды сақтау бойынша қызметтің құны ҚҚС есепке алғанда айына 800 000 (сегіз жүз мың) теңгені құрайды, келісім-шарттың әрекет ету мерзімі 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
19.03.2015 15:00:00

АҚ филиалы «Баян Сұлу» АҚ орналасқан жері өзгерту туралы

«Баян Сұлу» АҚ өзінің «Баян Сұлу» АҚ Тараздық филиалының жаңа орналасқан орны тіркелгендігі туралы хабарлайды: Қазақстан, 080015, Жамбыл облысы, Тараз қ., СЫПАТАЙ БАТЫР к-сі, 8 «Б» үй.

 
19.02.2015 16:00:00

АҚ филиалы «Баян Сұлу» АҚ орналасқан жері өзгерту туралы

«Баян Сұлу» АҚ өзінің «Баян Сұлу» АҚ Шымкенттік филиалының жаңа орналасқан жерін тіркегендігі туралы хабарлайды:
Қазақстан Республикасы, 160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Енбекші ауданы, Цемент зауытының алаңы, 26 үй.

 
16.02.2015 15:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының өзі мүдделі болып табылатын мәмілелер болып саналатын мәмілелерді жасасу ниеті туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдаған күні: Директорлар кеңесінің 2015 жылғы  13   ақпандағы шешімі, № 6-хаттама;
2) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің құны:  728 658 568,00 (жеті жүз жиырма сегіз миллион алты жүз елу сегіз мың бес жүз алпыс сегіз) теңге;
3) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: 
2014 жылғы 18 желтоқсан;
4) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы: 3,8%;
5) мәмілелердің негізгі елеулі шарттары:
2014 жылғы 09 маусымда № 14-0022ЦО болып жасалған Несие желісін ашу туралы келісім, 2014 жылғы 25 қарашада № 14-53431-00-КЛ болып жасалған Жаңғыртылмайтын несие желісін ашу туралы келісім-шарт бойынша Банктің алдындағы «АзияАгроФуд» АҚ міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде төменде көрсетілен жабдықтарды «Баян Сұлу» АҚ тарапынан «Сбербанк» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Банк) кепіліне ұсыну: 
– 26.03.2013 жылғы № 24 келісім-шарт бойынша сатып алынған және әкелінген, түгендеме нөмірі 000007652 болып табылатын, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайында орналасқан, өнімділігі жылына 1800 тоннаны құрайтын IDA 3002CV драже өндіретін технологиялық жабдығы;
– кондитерлік өнеркәсіптіке арналған технологиялық жабдық: 2012 жылдың 20 желтоқсанындағы №212/ALM-2012 сатып алынған және әкелінген, түгендеме нөмірі 000007222 болып табылатын, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайында орналасқан, өнімділігі жылына 3825 тоннаны құрайтын SWAKN типті салындысы бар вафляларды өндіруге арналған 1-типті өнеркәсіптік қондырғы.
«АзияАгроФуд» АҚ Банк алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, Банкке техникалық жабдықты соттан тыс тәртіпте өткізу құқығын беру;
6) мәмілелердің жасалған күні: тиісті келісімдердің, келісім-шарттардың болашақта жасалатын күні.
12.02.2015 15:00:00

«Баян Сұлу» АҚ-ң 02.02.2015 жылы мемлекеттік тіркеуден өткен эмиссиялық құнды қағаздарды шығару проспектіне енгізілген ақпарат

1) эмиссиялық құнды қағаздарды шығару бағыттамасына өзгертулер енгізу үшін негіздеме болып табылатын құнды қағаздарды шығарушы орган шешім қабылдаған күн, шешім қабылдаған органның атауы:
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің 10.12.2014 жылғы шешімі, №30 хаттама және 24.12.2014 жылғы №33 хаттама; 
2) эмиссиялық құнды қағаздарды шығару бағыттамасына енгізілген өзгертулердің мазмұны (мәні):
Басқарманың ұйымдық құрылымына өзгертулер мен толықтырулар енгізуіне байланысты, сондай-ақ бөлімшелердің жетекшілері туралы мәліметтерді ретке келтірумен байланысты «Баян Сұлу» АҚ акциялар шығару проспектінің «Акционерлік қоғамның  ұйымдастырушылық құрылымы» деп аталатын 14-тармағының келесі тармақшаларына өзгертулер мен қосымшалар енгізді: 1) тармақша «Акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері», 4) тармақша «Акционерлік қоғамның бөлімшесінің басшылар туралы мәліметтер», 5) тармақша «Филиалдар мен өкілдіктердің жетекшілері туралы мәліметтер».

 
26.01.2015 15:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының өзі мүдделі болып табылатын мәмілені жасасу ниеті туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні: Директорлар кеңесінің 23 қаңтар 2015 жылғы шешімі, № 2А хаттама;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы: қолданылмайды; 
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Баян Сұлу» АҚ мен «АзияАгроФуд» АҚ арасында тауар қоймасында сақтау туралы келісім-шарттың жасалуы, соған сәйкес, «АзияАгроФуд» АҚ кондитерлік өнімдерді қабылдайды, сақтайды және «Баян Сұлу» АҚ-ның бірінші талабы бойынша сақталған күйде қайтарады, тауарды сақтау қызметінің құны ҚҚС-пен бірге айына 400 000 (төрт жүз мың) теңге сомасын құрайды;
6) мәміленің жасалған күні: тиісті келісім-шарттың болашақта жасалатын күні.
26.12.2014 18:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының мүлкін, осы қоғамның активтерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға қайта кепілдеутуралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілдеу) туралы шешім қабылдау күні:  Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 20 қарашадағы шешімі, №28 хаттама;

2) акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілдеу) күні (келісім-шарт жасалған күні):  10.12.2014;                                                                                                                                           мүлік кепілге (қайта кепілге) берілетін мерзім: 09.06.2014 бастап 09.06.2019 дейін;

3) акционерлік қоғамның кепілге (қайта кепілге) берілетін құны:
бағалау құны  12 096 611 037 (он екі миллиард тоқсан алты миллион алты жүз он бір мың отыз жеті) теңге;

4) акционерлік қоғамның кепілге (қайта кепілге) берілетін мүлкін соңғы бағалау күні:  11.03.2014;12.03.2014; 07.04.2014; 23.04.2014; 05.05.2014;

5) кепілге (қайта кепілге) берілетін мүліктің осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына қатысты пайыздық қатынасы: 61,7%.

24.12.2014 18:00:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені акционерлік қоғамның жасағаны туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні – Директорлар кеңесінің 18.12.2014 жылғы №32 шешімі;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні – қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы – 1,1%;
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Баян Сұлу» АҚ мен «АзияАгроФуд» АҚ арасында қаржылық көмек көрсету туралы келісім-шарт жасасу, соған сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ қаржыландыру және айналым қаражатын толықтыру мақсатымен «Баян Сұлу» АҚ-на 223 000 000 (Екі жүз жиырма миллион) теңге көлемінде пайызсыз қайтарымды қаржылық көмек көрсетеді, ал «Баян Сұлу» АҚ қаржылық көмекті келісім-шарттың талаптарына сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ қайтаруға міндетті болады; келісім-шарт, қаржылық көмек сомасы ұсынылған сәттен бастап келісім-шарттың тараптары өз міндеттемелерін орындаған мерзімге дейін әрекет етеді;
6) мәміленің жасалған күні – 18.12.2014