21.01.2016 16:50:00
Мемлекеттік тіркеу 08.01.2016 жүргізілген, «Баян Сұлу» АҚ эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектіне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат
Мемлекеттік тіркеу 08.01.2016 жүргізілген, «Баян Сұлу» АҚ эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектіне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат
Жасалуында «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының қызығушылығы бар мәмілені жасау туралы ақпарат
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің қабылданған шешімдері туралы ақпарат
110006, Қостанай қ., Бородин көшесі,198 мекенжайында орналасқан «Баян Сұлу» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 15.01.2016 жылы, жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-де болған жиналыста, №2 хаттама, келесі шешім қабылдады:
Сведения о членах органа управления общества, совмещающих руководящую должность или иную основную деятельность в другом юридическом лице. ( по состоянию на 13.01.2016.)
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар Кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат
110006, Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан, «Баян Сұлу» Акционерлік қоғамы директорларының кеңесі 06.01.2016 жылы, жергілікті уақыт бойынша сағат 10-да өткен отырыста, №1 хаттама, мынадай шешімдер қабылдады:
«Баян сұлу» АҚ «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-ке (бұдан әрі- «Банк») мынадай талаптармен 2014 жылғы «09» маусымдағы № 14-22214-09-НЖ жаңғыртылатын несие желісін ашу туралы Шарт бойынша қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына, ірі мәміленің өзгеруіне себеп болатын өзгерістер енгізу мақсатында жүгінуі мақұлдансын:
-қаржыландыру сомасы қаржыландырудың 31.12.2018 ж. дейінгі мерзімімен 2 000 000 000 (екі миллиард) теңгеге дейін өсірілсін,
Мынадай мүлік бойынша кепілдікке салу/ қайта кепілдікке салу шарттарына қосымша келісімдер жасау жолымен ірі мәмілеге өзгертулер енгізілсін:
Банк алдында өз міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайында, Банкке мүлікті соттан тыс өткізуге, сондай-ақ Қоғамның барлық ағымдағы шотынан ақшаны акцептісіз шығынға жазу құқығы берілген.
Жасалуында Қоғамның мүддесі бар мәмілені кепілдік туралы шартқа, бұдан бұрын жасалған кепілге салу/ қайта кепілге салу шарттарына қосымша келісімдер жасау, сондай-ақ қаржыландыру шарттарының өзгеруі: осы ақпараттың 2-тармағының 1-13 қосалқы тармақтарында көрсетілген, «АзияАгроФуд» АҚ және Банк арасында жасалған 09.06.2014ж. №14-0022ЦО_02 жаңғыртылатын несие желісін ашу туралы Шарт бойынша қаржылу мерзімін 31.12.2018ж. дейін ұзарту және сыйақы мерзімін 16%-ға дейін өсіруге байланысты «АзияАгроФуд» АҚ Банк алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде кепілге мүлік беру жолымен мәмілені жасау мақұлдансын.
«АзияАгроФуд» АҚ (Қарыз алушы) Банк алдында өз міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайында, Банкке мүлікті соттан тыс өткізуге, сондай-ақ Қоғамның барлық ағымдағы шотынан ақшаны акцептісіз шығынға жазу құқығы берілген.
Акционерлік қоғамның Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасу туралы ақпарат
1) Акционерлік қоғамның органы мәмілені жасасу туралы шешім қабылдаған күні:
Директорлар кеңесінің 29.12.2015 жылғы шешімі, №29 хаттама;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүлікті бағалау күні: қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің осы акционерлік қоғамның жалпы құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды;
5) мәміленің негізгі маңызды шарттары:
– «Баян Сұлу» АҚ-ның «АзияАгроФуд» АҚ-мен үй-жайды жалға беру шартын жасау, оған келісімді «АзияАгроФуд» АҚ «Баян Сұлу» АҚ-на қызметтік пайдалану үшін, жалпы ауданы 20 ш.м., Алматы обл., Қарасай ауданы, Шамалған ст., Сүйінбай к-сі, 1 мекен-жайы бойынша орналасқан үй-жайды және онда орнатылған және тұрған телефон желісін жалға ұсынады.
Коммуналдық қызмет көрсету, күзет, телефон байланысы қызметтері үшін төлемдермен үй-жайды пайдаланған үшін жалға беру ақысы айына 5000 (бес мың) теңге құрайды, шарттың қолданылу мерзімі 31.12.2016ж. дейін;
– «Баян Сұлу» АҚ-ның «АзияАгроФуд» АҚ-мен 2015ж. 01 ақпандағы № 1-БС Тауар қоймасында сақтау шартына Қосымша келісімді жасау, оған келісімді Шарттың 5 б. 5.1. т. мына редакцияда жазылсын:
«Шарт екі Тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2016ж. 29 ақпанға дейін қолданылады»;
6) мәмілені жасасу күні – 05.01.2016 ж.
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат
110006 Қостанай қ-сы Бородин к-сі, 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі 29.02.2015 жылы жергілікті уақытпен сағат 15-те өткен отырыста № 29 хаттама келесідей шешім қабылдады:
Қоғамның оларды жасауда қызығушылығы бар мәмілелерді жасау мақұлдансын:
– «Баян Сұлу» АҚ-ның «АзияАгроФуд» АҚ-мен үй-жайды жалға беру шартын жасау, оған келісімді «АзияАгроФуд» АҚ «Баян Сұлу» АҚ-на қызметтік пайдалану үшін, жалпы ауданы 20 ш.м., Алматы обл., Қарасай ауданы, Шамалған ст., Сүйінбай к-сі, 1 мекен-жайы бойынша орналасқан үй-жайды және онда орнатылған және тұрған телефон желісін жалға ұсынады.
Коммуналдық қызмет көрсету, күзет, телефон байланысы қызметтері үшін төлемдермен үй-жайды пайдаланған үшін жалға беру ақысы айына 5000 (бес мың) теңге құрайды, шарттың қолданылу мерзімі 31.12.2016ж. дейін;
– «Баян Сұлу» АҚ-ның «АзияАгроФуд» АҚ-мен 2015ж. 01 ақпандағы № 1-БС Тауар қоймасында сақтау шартына Қосымша келісімді жасау, оған келісімді Шарттың 5 б. 5.1. т. мына редакцияда жазылсын:
«Шарт екі Тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2016ж. 29 ақпанға дейін қолданылады».
«Баян Сұлу» АҚ органдарының құрамының өзгеруі туралы ақпарат
1) шешім қабылдаған эмитент органының атауы көрсетілген эмитент органы құрамының өзгеруі туралы шешім қабылдау күні:
Директорлар кеңесінің 15.12.2015 жылғы шешімі, №25 хаттамасы;
2) құрамы өзгерген эмитент органының атауы: «Баян Сұлу» АҚ Басқармасы;
3) эмитент органының құрамына енгізілген өзгертулердің мәні:
1) Виталий Андреевич Трайбер, Басқарма Төрағасы-«Баян Сұлу» АҚ Президенті
2) Тимур Мейрханович Садыков, Басқарма Төрағасының орынбасары
3) Александр Владимирович Пыльский
4) Турсынбек Турсынгалиевич Шаяхметов
5) Ольга Викторовна Губарева
6) Дмитрий Алексеевич Зайцев
7) Наталья Николаевна Шаповалова.
1) Тимур Мейрханович Садыков
2) Турсынбек Турсынгалиевич Шаяхметов
3) Ольга Викторовна Губарева
4) Айман Муратовна Мирзахметова
5) Дулат Даулетбаевич Ахметжанов
«Баян Сұлу» АҚ органдарының құрамының өзгеруі туралы ақпарат
1) шешім қабылдаған эмитент органының атауы көрсетілген эмитент органы құрамының өзгеруі туралы шешім қабылдау күні: Директорлар кеңесінің 10.12.2015 жылғы шешімі, №23 хаттамасы;
2) құрамы өзгерген эмитент органының атауы: «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі;
3) эмитент органының құрамына енгізілген өзгертулердің мәні: Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды «Баян Сұлу» АҚ Трайбер Виталий Андреевичтің 07.12.2015 жылдан бастап өзінің ынтасымен.
© 2011-2024, «Баян Сұлу» АҚ Барлық құқықтар қорғалған |
+7(7142)56-62-71 bayansulu@bayansulu.kz |