Акционерлерге

06.05.2016 17:00:00

Осымен «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы «Баян Сұлу» АҚ филиалдарының жаңа орналасқан жерін тіркеу туралы хабарлайды:

     Өскемен филиалы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, пошталық индексі 070019, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 158;

     Қарағанды филиалы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, пошталық индексі 100004, Қарағанды қаласы, Молоков көшесі, 119/1.

26.04.2016 17:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы «Баян Сұлу» АҚ филиалдарының жаңа орналасқан жерлерін тіркеу туралы хабарлайды:

     Тараз филиалы: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, пошталық индексі 080015, Тараз қаласы, Мамбет батыр көшесі, 9;

     Шымкент филиалы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, пошталық индексі 160000,  Еңбекші ауданы, Шымкент қаласы, Төле би көшесі 43 А.

21.04.2016 14:00:00

2015 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

     Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайында орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, 2015 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды. 
Қоғамның орындаушы органының толық атауы және орналасқан жері: 
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй. 
Жиналысты шақырутдың бастамашылары туралы мәліметтер: 
«Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі. 
Қоға акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны: 
2016 жылғы 26 мамыр, жергілікті уақыт бойынша 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, мәжіліс залы. 
Жиналысқа қаысушыларды тіркеуді бастау уақыты: 
жергілікті уақыт бойынша 13 сағат 30 мин. 
Егер алғашқы жиналыс өткізілмесе, қоғам акицонерлерінің қайтадан өткізілетін жалпы жиналысының күні мен уақыты: 2016 жылғы 27 мамыр, жергілікті уақыт бойынша 15 сағат 00 мин. 
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімін құрастыру күні:2016 жылдың 21 сәуірі. 
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі: 
1. Есептік комиссиясының сандық құрамы мен құзыреттілік мерзімін анықтау, мүшелерін сайлау. 
2. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту. 
3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2015 жылғы өз қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап беру. 
4. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2015 жылғы қаржылық есеп-қисабын бекіту. 
5. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2015 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту. 
6. Үлесақылар туралы. 
7. «Баян Сұлу» АҚ директорлары Кеңесінің сандық құрамын, оның сайланған мүшелерінің уәкілеттілік мерзімін анықтау, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін орындағаны үшін оларға сыйақылар және өтемақылар төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау. 
8. Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгінуі және оларды қарастыру қорытындылары туралы. 
9. «Баян Сұлу» АҚ-ң акционерлеріне Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2015 жыл үшін берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат ұсыну.

Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына арналған күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі: 
жалпы жиналысқа арналған күн тәртібінің сұрақтары бойынша материалдармен акционерлер 2016 жылғы 16 мамырдан бастап мына мекен-жай бойынша таныса алады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198, ал акционер сұратуды жіберген жағдайда – оған сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберілетін болады.
20.04.2016 17:00:00

Акцияларды орналастырылмау жөніндегі ақпаратты ескеру туралы

     «Баян Сұлу» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 03 қазаннан бастап 2016 жылғы 02 сәуірге дейінгі есепті кезең ішінде «Баян Cұлу» АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы ақпаратты ескергенін хабарлайды (ҚР ҰБ 14.04.16 ж. №33-3-03/1632 хат). 2016 жылғы 02 сәуірдегі жағдай бойынша Қоғамның 55 340 000 (елу бес миллион үш жүз қырық мың) жай акциясы орналастырылмаған.
05.04.2016 10:00:00

Справка о крупных акционерах по состоянию на 01.04.2016 00:00:00

26.02.2016 16:00:00

«Баян Сұлу» АҚ директорлары Кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

      110006 Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 198 мекенжайы бойынша 25.02.2016 жылы жергілікті уақыт бойынша сағат 15-те болған «Баян Сұлу» Акционерлік қоғамдығы директорлары Кеңесінің № 6 хаттамасын келесі шешімдер қабылдады:

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

  1. «Баян Сұлу» АҚ (бұдан әрі – «Қоғамдық») мүліктеріне қайта бағалау жүргізуге байланысты бағалау туралы Банкіге есеп беруге ұсынылған соңғы бойынша бағалау құнын көрсете отырып, мүліктің бағалау құнын өзгерту бөліміндегі барлық жасалған кепілдеу келісім-шарттардағы, оларға Қоғамдық және «Сбербанк» АҚ ЕБ (бұдан әрі – «Банк») және Банк арасындағы қосымша келісімдерге өзгерістер және толықтырулар енгізуді мақұлдау: 

   1) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-1 жылжымайтын мүлікті (тұрғын үй емес) кепілдеу Келісім-шарты және оның қосымша келісімі бойынша орынжайды бағалау құны – 423 153 064 теңге және жер телімі – 9 157 936 теңге; 

   2) 09.06.2014 жылғы № 14-0022ЦО-2 жылжымайтын мүлікті (тұрғын үй емес) қайта кепілдеу Келісім-шарты және оған қосымша келісім бойынша орынжайды бағалау құны – 2 809 391 590 теңге және жер телімі – 148 404 613 теңге;

   3) 09.06.2014 жылғы № 14-0022ЦО-3 жабдықтарды қайта кепілдеу Келісім-шарты және оған қосымша келісім бойынша бағалау құны – 5 471 120 209 теңге;

   4) 02.04.2015 жылғы № 14-0022ЦО-11 жабдықтарды кепілдеу Келісім-шарты және оған қосымша келісім бойынша бағалау құны – 388 953 190 теңге;

   5) 02.04.2015 жылғы № 14-0022ЦО-12 жабдықтарды кепілдеу Келісім-шарты және оған қосымша келісім бойынша бағалау құны – 489 686 398 теңге;

   6) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-4 жылжымайтын мүлікті (тұрғын үй емес) қайта кепілдеу Келісім-шарты және оның қосымша келісімі бойынша орынжайды бағалау құны – 156 681 916 теңге және жер телімі – 21 744 084 теңге;

   7) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-5 айналымдағы және жасап шығарудағы тауарларды қайта кепілдеу Келісім-шарты және оның қосымша келісімі бойынша бағалау құны 1 230 154 000 теңге,

   8) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-6 айналымдағы және жасап шығарудағы тауарларды қайта кепілдеу Келісім-шарты және оның қосымша келісімі бойынша бағалау құны 455 919 000 теңге;

   9) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-7 айналымдағы және жасап шығарудағы тауарларды қайта кепілдеу Келісім-шарты және оның қосымша келісімі бойынша бағалау құны 1 476 224 000 теңге;

   10) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-8 айналымдағы және жасап шығарудағы тауарларды қайта кепілдеу Келісім-шарты және оның қосымша келісімі бойынша бағалау құны 173 557 000 теңге.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Мүдделілігі бар Қоғамдықпен істеуге мәміле жасауды мақұлдау – бірінші күн тәртібі мәселесі бойынша 1-10) тармақшаларда келтірілген бағалау туралы Банкіге есеп беруге ұсынылған соңғы бойынша бағалау құнын көрсете отырып, мүліктің бағалау құнын өзгерту бөліміндегі барлық жасалған кепілдеу келісім-шарттардағы, оларға «АзияАгроФуд» АҚ және Банк арасындағы қосымша келісімдерге енгізілген өзгерістер және толықтыруларды мақұлдау. 

Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша:

Мүдделілігі бар қоғамдықпен істеудегі мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауды мақұлдау, Банкпен соңғы кепілдеу Келісім-шартын жасау жөніндегі «АзияАгроФуд» АҚ міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде ұсынудың келесі қамтамасыз етулері:

– Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 198 мекенжайы бойынша тұрған, мүліктік нөмірі 000010433, 09.12.2013 жылғы № 515 келісімшарт бойынша сатып алынған және келіп түскен TYP HFS 180E бес роликті диірменнің технологиялық жабдығының (толық электрлі қамтамасыз етумен) бағалау құны 105 388 996 теңге,

– Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 198 мекенжайы бойынша тұрған, мүліктік нөмірі 000011249, 11.05.2014 жылы № 1108460 келісім-шарт бойынша сатып алынған және келіп түскен MONO орындауындағы ТИП 462,00 құйып алатын машинаның технологиялық жабдығының бағалау құны 72 111 070 теңге;

– Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 198 мекенжайы бойынша тұрған, мүліктік нөмірі 000011467, 17.03.2015 жылы № 7772 келісімшарт бойынша сатып алынған және келіп түскен 1110 үлгілі «Сигнал-Пак» қаптау автоматының технологиялық жабдығының бағалау құны 19 226 501 теңге;

– Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 198 мекенжайы бойынша тұрған, мүліктік нөмірі 000011607, ерекше талаптары жоқ материалдарды сақтайтын жеке тұрған қойманың бағалау құны 35 216 801 теңге

      «АзияАгроФуд» АҚ банк алдындағы міндеттерін орындауды қамтамасыз ету ретінде келесі кредиттік келісім-шарттар бойынша:

– 09.06.2014 жылғы «14-0022ЦО» кредиттік желіні ашу бойынша келісім:

1) 09.06.2014 жылғы 14-0022ЦО_02 келісім-шарты;

2) 09.06.2014 жылғы 14-0022ЦО_01 келісім-шарты;

3) 25.11.2014 жылғы 14-53431-00-КЛ келісім-шарты;

– 26.06.2015 жылғы 15-08650-00-КЛ келісім-шарты

      «АзияАгроФуд» АҚ Банкі алдындағы өз міндеттерін орындамаған және /немесе тиісінше орындамаған жағдайда Банкіге жабдықтарды және тұрғын үй емес орынжайларды соттан тыс жүзеге асыруға арналған, сондай-ақ Қоғамдықтың барлық ағымдағы шоттарынан акцептісіз ақша есептен шығаруға арналған құқығын берумен.

03.02.2016 16:45:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы қоғамның жасауға мүддесі бар мәмілелер жасауы туралы ақпарат

      1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешім қабылдаған күні: Директорлар кеңесінің 29.01.2016 жылғы шешімі, №5 хаттама;
      2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: 1 135 000 000 (бір миллиард жүз отыз бес бес миллион) теңге;
      3) мәміленің мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні: қолдануға болмайды;
      4) мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық арасалмағы: 4.1%;
      5) мәміленің негізгі мәнді шарттары: «Баян Сұлу» АҚ «АзияАгроФуд» АҚ-мен келісім-шарт жасау, соған сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ «Баян Сұлу» АҚ меншігіне жеткізеді, ал «Баян Сұлу» АҚ келісім-шарттың талаптарына сәйкес ҚҚС есепке алғанда 1 135 000 000 (бір миллиард жүз отыз бес бес миллион) теңге сомаға 10 000 (он мың) тонна крахмал сірнесін қабылдайды және ақы төлейді, келісім-шарттың әрекет ету мерзімі 31.01.2017 жылға дейін;
      6) мәмілені жасау күні: 01.02.2016.
02.02.2016 16:00:00

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

     110006 Қостанай қ-сы Бородин к-сі, 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі 29.01.2016 жылы жергілікті уақытпен сағат 11-де өткен отырыста № 5 хаттама келесідей шешім қабылдады:
     Қоғамның жасауға мүддесі бар мәмілелер жасау мақұлдансын:
     «Баян Сұлу» АҚ «АзияАгроФуд» АҚ-мен келісім-шарт жасау, соған сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ «Баян Сұлу» АҚ меншігіне жеткізеді, ал «Баян Сұлу» АҚ келісім-шарттың талаптарына сәйкес ҚҚС есепке алғанда 1 135 000 000 (бір миллиард жүз отыз бес бес миллион) теңге сомаға 10 000 (он мың) тонна крахмал сірнесін қабылдайды және ақы төлейді, келісім-шарттың әрекет ету мерзімі 31.01.2017 жылға дейін.
21.01.2016 16:50:00

Мемлекеттік тіркеу 08.01.2016 жүргізілген, «Баян Сұлу» АҚ эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектіне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат

    1) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектіне өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылатын эмитент органымен шешім қабылдау күні, шешім қабылдаған органның атауы: «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің №23 хаттама, 10.12.2015 жылғы және №25 хаттама, 15.12.2015 жылғы шешімдері;
    2) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектіне енгізілген өзгерістердің мазмұны (мәні): 
    Директорлар кеңесінің мүшесі Трайбер В.А. оның бастамасы бойынша өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатумен, «Баян Сұлу» АҚ Басқармасы барлық құрамының өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтатумен, сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеумен, «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының жаңа құрамын және Басқарма Төрағасын – Президентті сайлаумен байланысты, сондай-ақ бөлімшелердің, филиалдардың басшылары туралы және Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді сәйкестікке келтірумен байланысты, «Баян Сұлу» АҚ акцияларын шығару проспектіне, ал атап айтқанда: «Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі» 11 тармағына.; «Акционерлік қоғамның алқалы атқарушы органы – Басқарма» 12 тармағына; «Акционерлік қоғам бөлімшелерінің басшылары туралы мәліметтер» 14 тармағының 4) тармақшасына; «Филиалдар мен өкілеттіктердің басшылары туралы мәліметтер» 14 тармағының 5) тармақшасына; «Акционерлік қоғамның басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер» 15 тармағына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
 
21.01.2016 16:45:00

Жасалуында «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының қызығушылығы бар мәмілені жасау туралы ақпарат

    1) Акционерлік қоғам органының мәмілені жасау туралы шешім қабылдау күні: 15.01.2016 ж. Директорлар кеңесінің шешімі, №2 хаттама;
    2) мәміле заты болып табылатын мүліктің құны: 375 018 350 (үш жүз жетпіс бес миллион он сегіз мың үш жүз елу) теңге;
    3) мәміле заты болып табылатын мүлікті бағалаудың соңғы күні: қолданылмайды;
    4) мәміле заты болып табылатын заттың осы акционерлік қоғамның жалпы активтер құнына қатысты пайыздық арақатынасы: 1,4 %;
    5) мәміленің негізгі маңызды шарттары: «Баян Сұлу» АҚ мен «KazFoodProducts» ЖШС арасындағы қаржылық көмек көрсету туралы жасалынған шарты, ол бойынша «KazFoodProducts» ЖШС «Баян Сұлу» АҚ-на, тиісті шартқа қол қойылғаннан кейін 15 (он бес) банктік күннің ішінде – «Баян Сұлу» АҚ-ның «Сбербанк» АҚ ЕҰ алдындағы міндеттемесін толығымен орындағанға дейін, «Баян Сұлу» АҚ-ның банктік шотына аудару арқылы, айналым қаражатын қаржыландыру және толықтыру мақсатында 375 018 350 (үш жүз жетпіс бес миллион он сегіз мың үш жүз елу) теңге көлемінде тәртіптелген пайызсыз қайтарымды қаржылық көмек көрсетеді.
    6) мәмілені жасау күні:19.01.2016.