Акционерлерге

04.11.2024 14:30 Эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару туралы ақпарат

Ақпарат

30.10.2024 14:30 Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

Ақпарат

30.10.2024 14:30 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

Қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан орны: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды бастаушысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны:

2024 жылғы 29 қараша, жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік – тұрмыстық корпус, мәжіліс залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақыттың 14 сағат

30 мин.
Егер өткізілуі тиіс бірінші жиналыс өткізілмеген болса, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қайта өтетін күні, уақыты және орны: 2024 жылғы 02 желтоқсан 15 сағат 00 мин. жергілікті уақытпен.
Акционерлік қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2024 жылғы 05 қараша.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау.

3. Бұрын “Bereke Bank” АҚ-мен жасалған, оны жасауға мүдделілік бар “Баян Сұлу” АҚ-ның ірі мәмілесіне (өзара байланысқан мәмілелер жиынтығы) өзгерістер енгізу туралы.

4. «Баян Сұлу» АҚ-мен жасауға мүдделілігі бар ірі мәміле жасасу туралы.

5. «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау, оның өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.

6. Бұрын “Баян Сұлу” АҚ мен “Export BS” ЖШС-мен жасалған ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:

Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар жиналыс өткізу күніне дейін он күннен кешіктірмей акционерлерге танысу үшін Қоғамның Басқармасы орналасқан орнының мекенжайы бойынша қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198; акционер сұранысы болғанда – материалдар сұранысты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жолданатын болады.

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі:

Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке басының куәлігі болуы тиіс. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.

 Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

Жалпы жиналысқа арнайы шақырусыз өзге тұлғалар қатыса алмайды. Мұндай тұлғалар акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеуге ғана құқылы.

Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта

ашылады.

Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.

Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды, дауыс беру нысанын айқындайды – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша). Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.

Осы акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру мына жағдайларды қоспағанда «бір акция – бір дауыс» қағидаты бойынша жүргізіледі:

  1. акционерлердің жалпы жылдық жиналысының төрағасы (президиумі) мен хатшысын сайлау жөніндегі мәселе бойынша дауыс беру, әрбір акционердің бір дауысы бар болғанда, ал шешім қатысқандар санынан қарапайым дауыс көпшілігімен қабылданатын болғанда;

2) директорлар кеңесінің мүшелерін сайлаған кезде жинақтамалы дауыс бергенде;

Жинақтамалы дауыс берген кезде акциялар бойынша берілетін дауыстар акционермен директорлар кеңесінің мүшелеріне бір кандидат үшін берілуі немесе директорлар кеңесінің мүшелеріне бірнеше кандидаттар арасында бөлінуі мүмкін. Ең көп дауыс мөлшерін алған кандидаттар директорлар кеңесіне сайланған деп танылады.

Егер акционерлердің жалпы жиналысында тікелей жүргізілетін дауыс беру жасырын тәсілімен жүзеге асырылатын болса, жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер дауыс берілуі жасырын тәсілімен жүзеге асырылатын әрбір мәселе бойынша бөлек құрастырылуы тиіс. Бұл арада тікелей жасырын дауыс беруге арналған бюллетень келесіні қамтуы тиіс:

1) мәселе берілісі немесе оның жиналыс күн тәртібіндегі реттік нөмірі;

2) мәселе бойынша «қолдау», «қарсы», «қалыс қалған» сөздерімен белгіленген дауыс беру нұсқалары немесе қоғам органдарына әрбір кандидат жөнінде дауыс беру нұсқалары;

3) акционерге тиесілі дауыс саны.

Акционер өзі бюллетеньге қол қоямын, соның ішінде заңнамаға сәйкес қоғамға оған тиесілі акцияларды сатып алу туралы талап ету мақсатында қалауы болған жағдайларды қоспағанда акционер тікелей жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қоймайды.

Тікелей жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер бойынша дауыстарды есептеген кезде дауыс беруші бюллетеньмен белгіленген дауыс беру тәртібі сақталған және дауыс беру нұсқаларының біреуі ғана белгіленген мәселелер бойынша дауыстар ескеріледі

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін:

1) өздігінен немесе басқа акционерлермен жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да артық пайызына ие болатын акционерлермен немесе қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналысты өткізу күніне дейін кемінде он бес күн бұрын хабарланған шарты сақталғанда директорлар кеңесімен ұсынылған толықтырулар;

2) оларды енгізу үшін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беруші акцияларының жиынтығында кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген өзгерістер және (немесе) толықтырулар.

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.

Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.

Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.

Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады.

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сәйкестілікте жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35 – 37; 39 – 48; 50 -52-баптары; ҚР ЖС 2009 жылғы 28.12. №8 НҚ 13,15,16, 17-тармақтары.

28.10.2024 16:00 Эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару туралы ақпарат

Ақпарат

24.10.2024 15:00 Эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару туралы ақпарат

Ақпарат

24.10.2024 15:00 Информация о передаче в залог (перезалог) имущества эмитента на сумму, составляющую десять и более процентов от размера общей балансовой стоимости активов данного эмитента, а также снятии с залога (перезалога) имущества эмитента на сумму, составляющую десять и более процентов от размера общей балансовой стоимости активов данного эмитента

Информация

26.07.2024 16:30 “Баян Сұлу” АҚ кредиторлары мен акционерлерінің назарына!

2024 жылғы 26 шілде сағат 15.00-де орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасы, 110006 Қостанай қ. Бородин к-сі, 198) өткен Қоғам Басқармасының “Баян Сұлу” АҚ (бұдан әрі-Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы бұрын “Bereke Bank” АҚ-мен жасалған, оны жасауға мүдделілік бар “Баян Сұлу” АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгерістер енгізуді мақұлдау туралы шешім қабылдады.

26.07.2024 16:30 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2024 жылғы 26 шілде , басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 16 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.

2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2. Жасалуы мүдделі ертеректе жасалған “Bereke Bank” АҚ-мен “Баян Сұлу” АҚ арасындағы ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 704 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім: Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібін бекіту:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту. 2. Жасалуы мүдделі ертеректе жасалған “Bereke Bank” АҚ-мен “Баян Сұлу” АҚ арасындағы ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.

2-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 704 325 дауыс. «Қарсы болғандар – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ..

Қабылданған шешім:

“Bereke Bank” АҚ-мен бұрын жасалған, оны жасауға мүдделілік бар “Баян Сұлу” АҚ-ның бұрын ірі мәмілесіне өзгерістер енгізу мақұлдансын.

03.07.2024 16:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

1)акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 28 маусым 2024 жыл, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 00 мин., аяқталуы – жергілікті уақыт бойынша 16 сағ.20 мин. келесі мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ.Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2023 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту.

4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, 2023 жылғы дивидендтер туралы.

5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2023 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

7. Жасалуы мүдделі ертеректе жасалған “Bereke Bank” АҚ-мен “Баян Сұлу” АҚ арасындағы ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.

8. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар мен өтемақыларды төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1-сұрақ бойынша.

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» -44 587 741дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің жылдық жиналысының Күн тәртібін бекітілсін:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2023 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту.

4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, 2023 жылғы дивидендтер туралы.

5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2023 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

7. Жасалуы мүдделі ертеректе жасалған “Bereke Bank” АҚ-мен “Баян Сұлу” АҚ арасындағы ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.

8. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар мен өтемақыларды төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.

2-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 587 741дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ 2023 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп бекітілсін, Басқарманың жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

3-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 587 741дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі мынадай құрамда бекітілсін:

– қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есеп;

– кіріс немесе залал және басқа да жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есеп;

– ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп;

– капиталдың өзгерістері туралы шоғырландырылған есеп;

– шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер.

4-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 784 741 дауыс. «Қарсы болғандар» – 3 800 000 дауыс . «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

2023 жылғы “Баян Сұлу” АҚ жұмысының қорытындысы бойынша 2 793 379 мың теңге сомасында алынған жиынтық табыс бөлінбесін, бөлінбеген пайда шотта қалдырылсын, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.

5-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 587 741дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты 2023 жылғы өтініштері болмағаны туралы ақпарат назарға алынсын.

6-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 587 741 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелеріне 2023 жылы төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.

7-сұрақ бойынша: Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 784 741 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – 3 800 000 дауыс.

Қабылданған шешім:

Бұрын «Bereke Bank» АҚ – мен (бұдан әрі – Банк) жасалған, Қоғам мен «Азия АгроФуд» АҚ арасында жасауға мүдделілік бар «Баян Сұлу» АҚ-ның (бұдан әрі Қоғам) мынамен байланысты ірі мәмілесіне өзгерістер енгізу мақұлдансын:

  1. Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 198-үй мекенжайында орналасқан жылжымалы мүлік объектісін кепілге беру жолымен кепіл мүлкінің бір бөлігін ауыстырумен;

2) Қоғамның мүлкін (автокөлік құралдарын) қайта бағалаумен және мүліктің бағалау құнын өзгерту бөлігінде тиісінше кепіл шартына өзгерістер енгізу, соңғысы бойынша Банкке автокөлік құралдарын бағалау туралы ұсынылған есеппен;

және 09.06.2014 ж. №14-0022ЦО-9 автокөлік құралдарын қайта кепілге қою шартына «Bereke bank» АҚ, «АзияАгроФуд» АҚ-мен қосымша келісімдердің жоғарыда көрсетілген 1), 2) тармақшаларына байланысты қол қоюмен;

сондай-ақ, жоғарыда аталған мәмілелерді өзара байланысты деп танумен.

8-сұрақ бойынша:

1) Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 784 741 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – 3 800 000 дауыс.

Қабылданған шешім:

1. 2024 жылғы 28 маусымнан бастап акционерлердің 2022 жылғы 30 мамырдағы жалпы жиналысымен, 5 адамнан тұратын, 3 жыл мерзімге сайлаған Директорлар кеңесінің барлық мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын:

1.Баймуратов Ерлан Уразгельдиевич – «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның акционерінің өкілі.

2. Садықов Тимур Мейрханович – акционер, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның акционерінің өкілі.

3. Талгатбек Алихан Қайратбекулы – акционер, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның акционерінің өкілі.

4. Қасымов Булат Даулетханович – тәуелсіз директор.

5. Алдонгаров Сабыр-бек Садыкович – тәуелсіз директор.

2. «Баян Сұлу» АҚ 5 адам санында Директорлар кеңесінің құрамы бекітілсін.

3. «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 3 жыл болып белгіленсін, ол акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күні аяқталады, онда жаңа Директорлар кеңесі сайланатын болады.

2) Күн тәртібіндегі осы мәселе жөнінде кумулятивтік дауыстардың жалпы саны- 222 938 705

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» -203 938 705 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» -19 000 000 дауыс .

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мына құрамында сайлансын:

1.Талгатбек Алихан Кайратбекулы – акционер, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның акционерінің өкілі.

2. Садықов Тимур Мейрханович – акционер, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның акционерінің өкілі.

3. Узакова Адиля Еркіңқызы – «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның акционерінің өкілі.

4. Белименко Надежда Алексееевна – тәуелсіз директор.

5. Артеменко Светлана Владимировна – тәуелсіз директор.

3) Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 787 741дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – 3 800 000 дауыс.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттемелерін өкілеттік мерзімі ішінде орындағаны үшін сыйақыны ай сайын штат кестесімен белгіленген мөлшер мен шарттарда жүргізілсін.

02.07.2024 15:30 Эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамын көрсете отырып, эмитенттің басқару органын (байқаушы кеңесін), атқарушы органын (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау, сондай-ақ эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат

Ақпарат