Акционерлерге

08.01.2018 16:30:00

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес ақпарат акционерлерге және инвесторларға жіберетін мәселелердің тізбесі бойынша акционерлердің жалпы жиналасында және директорлар кеңесі қабылданған

08.01.2018 16:45:00

Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

 

Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды. 
Қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан орны:  «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198. 
Жиналысты шақыру бастамашысы туралы мәліметтер:  «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі. 
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының өткізілу күні, уақыты және орны: 
2018 жылғы 08  ақпан, жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік – тұрмыстық корпус, мәжіліс залы. 
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақыттың 14 сағат 00 мин. 

Егер бірінші жиналыс өткізілмесе, қоғам акционерлерінің өткізілуі тиіс қайталама жалпы жиналысының өткізілу күні мен уақыты: 2018 жылғы 09 ақпан, жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин. 
Акционерлердің жалпы жиналысында қатысу құқығы бар акционерлер тізімінің жасалу күні:  2018 жылғы 08 қаңтар. 
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1.    «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

            2.Есеп комиссиясының жаңа мүшесін сайлау.

3.«Баян Сұлу» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу.

Қоғамның акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен таныстыру тәртібі: акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар акционерлердің танысуы үшін жиналысты өткізу күнінен он күннен кешіктірмей мына мекенжайы бойынша қолжетімді болады:  Қазақстан Республикасы, 110006,  Қостанай қ., Бородин көш., 198;  акционердің сұрауы болған жағдайда – оған сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.  

Жиналысты өткізу тәртібі:

Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке басының куәлігі болуы тиіс.   Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс. 

 Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

Жалпы жиналысқа арнайы шақырусыз өзге тұлғалар қатыса алмайды. Мұндай тұлғалар акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеуге ғана құқылы.

Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта ашылады.

Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.

     Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды, дауыс беру нысанын айқындайды – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша).       Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды. 

Жалпы жиналыста дауыс беру келесі жағдайларды қоспағанда «бір акция – бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады:

– Жалпы жиналыста дауыс беру құқығы бар әрбір адамға Жалпы жиналысты өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша  бір дауыстан беру.

Күн тәртібі, акционерлер сондай өзгертулер туралы жалпы жиналыстың өткізу күніне дейін он бес күннен кешіктірмей хабарланған жағдайда, ірі акционермен немесе директорлар кеңесімен толықтырылу мүмкін. Егер күн тәртібіне өзгертулерді және (немесе) толықтыруларды енгізу үшін жалпы жиналысқа қатысатын және жиналыстың дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтықта кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген болса, онда күн тәртібіне өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізілу мүмкін.

  Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.

Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.

Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.  

Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады.

Жиналыс сәйкестендіріліп өткізіліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35 – 37; 39 – 48; 50 -52-баптары; ҚР ЖС 2009 жылғы 28.12. №8 НҚ  13,15,16, 17-тармақтары.

03.01.2018 12:00:00

Ірі акционерлердің анықтамасы

26.12.2017 16:30:00

Акционерлік қоғамның заңды тұлғаны құруға қатысуы туралы ақпарат

                                                                                                     
1.Акционерлік қоғамның заңды тұлғаны құру (акционерлік қоғамның мекемеге қатысуы туралы) туралы шешім қабылдаған күні  – 15.12.2017.
2.Шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы -Директорлар кеңесі.
3. Кұрылатын заңды тұлғаның толық атауы – Кредиттік сериктестік “Самал Финанс” жауапкершілігі шектеулі сериктестігі.
4.Кұрылатын заңды тұлғаның БСН; резиденттік белгісі -171240021322, резидент.
5.Кұрылатын заңды тұлғаның орналасқан жері – Қазақстан Републикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 132 үй,75 т.б.
07.12.2017 16:30:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Астана филиалының орналасқан орнын өзгерістіру туралы хабарлайды: Қазақстан Республикасы, пошталық индексі 010000, Астана қаласы, 187 көшесі, 4 үй, Т.Е. бөл.8.

25.10.2017 16:00:00

Акционерлік қоғам органы құрамының өзгергуі туралы ақпарат

18.10.2017 16:30:00

Акционерлік қоғамның мулкін осы акционерлік қоғам активтерінің бес және одан да артық пайызын құртайтын сомаға кепілге беру туралы ақпарат

17.10.2017 16:30:00

Акцияларды орналастырылмау жөніндегі ақпаратты ескеру туралы

«Баян Сұлу» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы  03 сәуірден бастап 2017 жылғы 02 қазанға  дейін есепті кезең ішінде «Баян Cұлу» АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы ақпаратты ескергенін хабарлайды (ҚР ҰБ 11.10.17 ж. №33-11-03/1617 хат). 
2017 жылғы 02 қазанның  жағдай бойынша Қоғамның 55 340 000 (елу бес миллион үш жүз қырық мың) жай акциясы орналастырылмаған. 
03.10.2017 15:00:00

Ірі акционерлердің анықтамасы

13.09.2017 16:00:00

Акционерлік қоғамның мүлкін осы акционерлік қоғам активтерінің бес және одан да артық пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру туралы ақпарат.