Акционерлерге
06.05.2020 16:30 Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат
05.05.2020 10:00 Хабарлама
Осы хабарлама арқылы «Баян Сұлу» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның директорлар кеңесі Қоғамның және «Қазақстанның даму банкі» АҚ арасында жасалған мәмілені Қоғамның өз капиталы өлшемінің 10 % артық құрайтын шамасына Қоғамның міндеттемелерін ұлғайтатын мәміле ретінде мақұлдау туралы шешім қабылдағаны туралы, 05.05.2020 жылғы №4 хаттама, хабарлайды.
27.09.2019 16:30 Акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы ақпарат
16.07.2019 15:00 Акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы ақпарат
20.06.2019 16:05:00 «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі туралы ақпарат
1. Директорлар кеңесінің отырысын өткізу күні: «18» маусым 2019 жыл.
2. Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселенің мазмұны:
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау туралы.
3. Директорлар кеңесімен күн тәртібінің мәселесі жөнінде қабылданған шешім:
Баймұратов Ерлан Оразгелдіұлы «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлансын.
20.06.2019 15:00:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат
1)акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 18 маусым 2019 жыл, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 00 мин., аяқталуы – жергілікті уақыт бойынша 16 сағ.05 мин. келесі мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ.Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының Күн тәртібін бекіту.
2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2018 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
3. «Баян Сұлу» АҚ 2018 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.
4. «Баян Сұлу» АҚ 2018 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту,
кәдімгі акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Баян Сұлу» АҚ бір кәдімгі акциясының есебімен дивиденд өлшемін бекіту.
5. «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2018 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
7. «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ өз міндеттерін орындағаны үшін Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы және шығындарды өтеу мөлшері мен жағдайларын анықтау.
8. Жасауда мүдделілігі бар «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілені жасау туралы.
9. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сулу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу туралы.
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1-сұрақ бойынша.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 713 035 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Акционерлердің жылдық жиналысының Күн тәртібін бекітілсін:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының Күн тәртібін бекіту.
2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2018 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
3. «Баян Сұлу» АҚ 2018 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.
4. «Баян Сұлу» АҚ 2018 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту,
кәдімгі акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Баян Сұлу» АҚ бір кәдімгі акциясының есебімен дивиденд өлшемін бекіту туралы.
5. «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2018 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
7. «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ өз міндеттерін орындағаны үшін Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы және шығындарды өтеу мөлшері мен жағдайларын анықтау.
8. Жасауда мүдделілігі бар «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілені жасау туралы.
9. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сулу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу туралы.
2-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 713 035 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ 2018 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп бекітілсін, Басқарманың жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
3-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 713 035 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ 2018 жыл үшін аудит жүргізілген қаржылық есептілігі мына құрамда бекітілсін (қоса беріледі):
– қаржылық күйі туралы есеп;
– пайда немесе шығын туралы және өзге бірлескен табыс туралы есеп;
– ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;
– капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
– түсіндірме жазба (қаржылық есептіліктің ескертпелері).
4-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 713 035 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
1. «Баян Сұлу» АҚ 2018 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша алынған 1 315 413 920,73теңге сомасындағы таза табысты бөлу тәртібі бекітілсін:
– 394 347 800 теңге сомасындағы таза табыстың бөлігі Қоғамның кәдімгі акциялары бойынша дивидендтерді төлеу үшін бағытталсын;
– 921 066 120,73 теңге сомасындағы таза табыстың қалған бөлігі бөлінбесін, Қоғамның бөлінбеген пайда шотында қалсын.
2. Дивидендтерді төлеу үшін бағытталатын Қоғамның таза пайдасының сомасына, …. теңге мөлшеріндегі сомасына, 44 660 000 – орналастырылған кәдімгі акциялардың мөлшеріне сүйене отырып, 1 (бір) кәдімгі акция есебімен 8 теңге 83 тиын сомасында 2018 жылғы дивиденд мөлшері бекітілсін.
3. Дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны белгіленсін:
1) дивидендтердің төлене басталатын күні 2019 жылғы 5 тамыз болып белгіленсін;
2) дивидендтерді алу құқығы бар акционерлер тізімінің күні 2019 жылғы 29 шілде болып белгіленсін;
3) «Баян Сұлу» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивидендтер «Баян Сұлу» АҚ орналасқан жерде қолма-қол ақшамен және ақшасыз нысанда төленеді;
4) дивидендтер төлем агентін тартпай-ақ төленеді;
5) Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және басқа деректемелері:
«Баян Сұлу» Акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы,
110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198
ЖСК – KZ11914398412ВС02320, «Сбербанк России» АҚ Еншілес Банкінің филиалында;
БСК – SABRKZKA
БСН – 930940000055.
5-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 713 035 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты 2018 жылғы өтініштері болмағаны туралы ақпарат назарға алынсын.
6-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 713 035 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелеріне 2018 жылы төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
7-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 713 035 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
1. «Баян Сұлу» АҚ 5 адам санында Директорлар кеңесінің құрамы бекітілсін.
2. «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 3 жыл болып белгіленсін, ол акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күні аяқталады, онда жаңа Директорлар кеңесі сайланатын болады.
3. «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мына құрамында сайлансын:
1.Баймұратов Ерлан Уразгельдиевич – «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның ірі акционерінің өкілі.
2. Садықов Тимур Мейрханович – акционер, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның ірі акционерінің өкілі.
3. Талғатбек Алихан Қайратбекулы – акционер, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның ірі акционерінің өкілі.
4. Қасымов Булат Даулетханович – тәуелсіз директор.
5. Алдонгаров Сабыр-бек Садыкович – тәуелсіз директор.
4. «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттемелерін өкілеттік мерзімі ішінде орындағаны үшін сыйақыны ай сайын штат кестесімен белгіленген мөлшер мен шарттарда жүргізілсін.
8-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 713 035 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
ҚҚС қоса, шарттың болжамды сомасы 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге болатын, «Баян Сұлу» АҚ-мен «SweetCity» ЖШС аффилденген тұлғасымен 2019 жылғы 01 ақпандағы №1 Кондитерлік өнімдерді жеткізу шартының қосымша келісімін жасаумен байланысты, жасауда мүдделілігі бар ірі мәмілені «Баян Сұлу» АҚ-мен жасау мақұлдансын, шартты қолдану мерзімі 08.02.2019 жылдан бастап 31.12.2020 жылға дейін.
9-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» -40 713 035 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Қоғамның мүлігін (көлік құралдарын) қайта бағалауға және сәйкесінше барлық жасалған/жасалатын шарттар мен келісімдерге, соның ішінде кепіл шартына және көрсетілген шарттар мен келісімдердің қосымшаларына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге байланысты бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен «SweetCity» ЖШС және «Азия АгроФуд» АҚ аффилденген тұлғаларымен жасалған, Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар, «Баян Сулу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу мақұлдансын.
19.06.2019 14:30:00
Эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамын көрсете отырып, эмитенттің басқару органын (байқаушы кеңесін), атқарушы органын (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау, сондай-ақ эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат.
19.06.2019 11:40:00 «Баян Сұлу» АҚ несиегерлері мен акционерлерінің назарына!
Қоғамның Басқармасы орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй) 2019 жылғы 18 маусымда сағат 15. 00-де өткен «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының (бұдан әрі «Қоғам») акционерлерінің жалпы жиналысы
– жасауда Қоғамның мүдделілігі бар ірі мәмілені «Баян Сұлу» АҚ жасауды мақұлдау;
– Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар ірі мәміленің шарттарына өзгерістер енгізуді мақұлдау
туралы шешімдер қабылдады.