Акционерлерге
05.02.2021 16:20 Эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару туралы ақпарат.
03.02.2021 15:32 Эмитенттің жарғысына және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүдделерін қозғайтын өзге де оқиғалар туралы ақпарат
27.01.2021 14:00 Эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін болатын ұйымдардың тізімі және эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдар тізіміндегі өзгерістер туралы ақпарат
06.01.2021 15:00 Акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
aкционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы ақпарат
24.12.2020 11:30 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2020 жылғы 22 желтоқсан , басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 15 сағ. 40 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:
1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен бұрыннан жасаған «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесінің өзгертулер енгізу туралы.
3. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар ірі мәмілені жасау туралы
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1-ші сұрақ бойынша.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 441 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібін бекіту:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен бұрыннан жасаған «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесінің өзгертулер енгізу туралы.
3. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар ірі мәмілені жасау туралы.
2-ші сұрақ бойынша.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 441 дауыс. «Қарсы болғандар – жоқ.«Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Қоғамның мүлігін қайта бағалауға және сәйкесінше барлық жасалған/жасалатын шарттар мен келісімдерге, соның ішінде кепіл шартына және көрсетілген шарттар мен келісімдердің қосымшаларына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуге байланысты, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен «Sweet City» ЖШС және «Азия АгроФуд» АҚ аффилденген тұлғаларымен «Баян Сулу» АҚ-ның жасалған, Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар, ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу мақұлдансын.
3-ші сұрақ бойынша.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 441 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Шартты жасау мерзімі 01.01.2021 жылдан бастап 31.12.2022 жылға дейін, ҚҚС қоса, Шарттың болжамды сомасы 50 000 000 000 (елу миллиард теңге) болатын, аффилденген тұлға «Sweet City» ЖШС-мен «Баян Сұлу» АҚ-ныңКондитерлік өнімдерді жеткізу шартын жасаумен байланысты, Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар ірі мәмілені жасау мақұлдансын.
23.12.2020 15:00 «Баян Сұлу» АҚ несиегерлері мен акционерлерінің назарына!
Қоғамның Басқармасы орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198) 2020 жылғы 22 желтоқсанда 15 сағат 00 минутта өткен «Баян Сұлу» АҚ (бұдан әрі «Қоғам») акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы келесі шешімдерді қабылдады:
1) Қоғамның мүлігін қайта бағалауға және сәйкесінше барлық жасалған/жасалатын шарттар мен келісімдерге, соның ішінде кепіл шартына және көрсетілген шарттар мен келісімдердің қосымшаларына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуге байланысты, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен «Sweet City» ЖШС және «Азия АгроФуд» АҚ аффилденген тұлғаларымен «Баян Сулу» АҚ-ның жасалған, Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар, ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу мақұлдансын;
2) аффилденген тұлға «Sweet City» ЖШС-мен «Баян Сулу» АҚ-ның Кондитерлік өнімдерді жеткізу шартын жасауымен байланысты, Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар ірі мәмілені жасау мақұлдансын.
07.12.2020 16:30 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының Күн тәртібіне толықтыру енгізу туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы , 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік-тұрмыстық корпус, мәжіліс залы мекенжайы бойынша «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің 2020 жылғы 22 желтоқсан жергілікті уақыт бойынша 15 сағат 00 минутқа белгіленген кезектен тыс жалпы жиналысының Күн тәртібін 3-мәселесімен толтыру туралы 2020 жылғы 03 желтоқсан қабылданған шешімі (№ 30 хаттамасы) туралы хабарлайды: «3. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар ірі мәмілені жасау туралы».
20.11.2020 16:30 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан орны: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды бастаушысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны:
2020 жылғы 22 желтоқсан, жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік – тұрмыстық корпус, мәжіліс залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақыттың 14 сағат 30 мин.
Егер өткізілуі тиіс бірінші жиналыс өткізілмеген болса, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қайта өтетін күні, уақыты және орны: 2020 жылғы 23 желтоқсан 15 сағат 00 мин. жергілікті уақытпен.
Акционерлік қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2020 жылғы 30 қараша.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен бұрыннан жасаған «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесінің өзгертулер енгізу туралы.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:
Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар жиналыс өткізу күніне дейін он күннен кешіктірмей акционерлерге танысу үшін Қоғамның Басқармасы орналасқан орнының мекенжайы бойынша қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198; акционер сұранысы болғанда – материалдар сұранысты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жолданатын болады.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі:
Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке басының куәлігі болуы тиіс. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Жалпы жиналысқа арнайы шақырусыз өзге тұлғалар қатыса алмайды. Мұндай тұлғалар акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеуге ғана құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.
Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды, дауыс беру нысанын айқындайды – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша). Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Әрбір акционердің бір дауысы болғанда, ал шешім қатысушылардың жай көпшілігімен қабылданғанда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (президиумнің) төрағасын және хатшысын сайлау мәселесі жөнінде дауыс беруді қоспағанда осы қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру «бір акция – бір дауыс» қағидасы бойынша жүзеге асырылады.
Осы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша шешімдері дауыс беруге қатысатын жалпы дауыс беруші акциялардың жай көпшілігімен қабылданады.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін:
1) өздігінен немесе басқа акционерлермен жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да артық пайызына ие болатын акционерлермен немесе қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналысты өткізу күніне дейін кемінде он бес күн бұрын хабарланған шарты сақталғанда директорлар кеңесімен ұсынылған толықтырулар;
2) оларды енгізу үшін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беруші акцияларының жиынтығында кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген өзгерістер және (немесе) толықтырулар.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.
Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сәйкестілікте жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35 – 37; 39 – 48; 50 -52-баптары; ҚР ЖС 2009 жылғы 28.12. №8 НҚ 13,15,16, 17-тармақтары.