1974
Желтоқсан
Қостанай кондитер фабрикасы (қазіргі «Баян Сұлу» АҚ) 1974 жылдың желтоқсан айында жылына 24 560 тонна кондитерлік өнім жобалық өндірістік қуатымен пайдалануға берілді. Фабриканың бірінші директоры 1939 жылы туған Танашев Нығмет Бұқпанұлы болды. Мамандығы бойынша инженер–механик бір топ мамандармен бірге Қарағанды кондитерлік фабрикасының жаңадан ашылған кәсіпорнында жұмысты ұйымдастыруға келген. Оның басшылығымен барлық негізгі өндірістік цехтар іске қосылды. Осы мақсатта білікті кадрлардың үлкен санын даярлау қажет болды; олар институттарда, техникумдарда, ҚКТу-да оқытылды, сондай-ақ Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларындағы кондитерлік фабрикаларға үш айдан алты айға дейінгі мерзімге мамандық бойынша тағылымдамадан өтуге жіберілді.
