Компания туралы

Кондитерлік индустрияның
көрегендері

BAYAN SULU — кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша ірі қазақстандық кәсіпорын. Фабрика 1974 жылдың желтоқсанында құрылған және 50 жылдан астам уақыт бойы өз клиенттерін дәмді өнімдермен қуантып келеді.

Бренд дамып жатыр және озық технологияларды енгізуде. BAYAN SULU командасы нарықтың кез келген сын-қатеріне сенімді түрде жауап беріп, саланың көшбасшысы ретіндегі өз орнын одан әрі нығайтып келеді.

BAYAN SULU өнім желісінде 300-ден астам атау бар — шоколад пен карамельден бастап печенье, вафли, кәмпиттер, драже, сондай-ақ ирис, мармелад және зефирге дейін.

ISO және экспорт

«Баян Сұлу» АҚ негізгі өткізу нарықтарының заңнамалық талаптары мен мәдени дәстүрлеріне сәйкес болу үшін өндірістік процестерін үздіксіз жетілдіріп келеді. Өнім сапасының ішкі және халықаралық нарықтарда мойындалуының маңызды кезеңдерінің бірі - өндірістегі тазалық стандарттарының қатаң сақталуына кепілдік беретін «Халал» ресми сертификаты.

Сонымен қатар, ірі экспорттаушы ретінде фабрика «Честный знак» («Адал белгі») цифрлық таңбалау жүйесінің барлық талаптарына толық сәйкес келеді.

Бұл кондитерлік өнімдердің логистикалық тізбегінің толық ашықтығын, трансшекаралық жеткізілімдердің заңдылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етіп, импорттаушы елдердің нарықтарында түпнұсқа өнімді қолдан жасалған тауарлардан қорғауға мүмкіндік береді.

«Кондитерлік астана» ӨК

«Кондитерлік астана» жаңа өндірістік кешені Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешенде терең қайта өңдеу жобаларын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылды.

Өндірістік алаңды жаңғырту және озық автоматтандырылған желілерді іске қосу «Баян Сұлу» АҚ-на өнім шығару көлемін арттыруға, мультипликатор ретіндегі ұстанымын нығайтуға, сондай-ақ импортты алмастыру және елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

Демеушілік және мәдениет

BAYAN SULU спортпен қатар, мәдениет пен өнер саласын дамытуға да белсенді көңіл бөлеуде:

Компания — Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, «Тобыл» баскетбол клубының (Қостанай қ.) құрылтайшыларының бірі. 2025 жылы BAYAN SULU және Қазақстан Футбол федерациясы ресми серіктестер атанды. Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, шектеулі шығарылымдағы «олимпиадалық» шоколад сериясы шығарылды. Балалар бастамаларының қатарында — жүзу, конькимен жүгіру спорты, шахмат бойынша жарыстарға демеушілік жасау бар. Компания ардагерлерге жылдан жылға қолдау көрсетіп келеді.

Мәдени демеушілік — ерекше бағыт: қазақ әдебиетінің ұлы мұраларының бірі — аңызға айналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу » пьесасы фабриканың қолдауы арқасында Мұхтар Әуезов ат. театрдың репертуарына қайтарылды.

жылына85 000тоннадан астам
ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫ
300-денастам АТАУ
НАРЫҚТА50ЖЫЛДАН астам
>50%Сұрыпталым«ХАЛАЛ» сертификаты
жылына40 000тонна
жалпы өндірістік ҚУАТЫ
жылына>16 000тонна
Жоба бойынша ӨНДІРІСТІК ҚУАТ
260адам
ЖҰМЫСПЕН қамту
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Мұхтар Әуезов атындағы театр «Тобыл» баскетбол клубы

BAYAN SULU — кондитерлік индустрияның көрегендері және өткеннің тәжірибесіне сүйенетін, қазіргі заманның өзекті сұрауларына жауап беретін және келешек ұрпаққа қамқорлық жасайтын жалғыз шынайы ұлттық өндіруші бренд.

Сапа және технологиялар

BAYAN SULU өнімдерінің әр топтамасы өндірістің барлық кезеңдерінде — шикізаттан қаптамаға дейін — қатаң бақылаудан өтеді, бұл болса тұрақты сапаны қамтамасыз етіп, жарамдылық мерзімін ұзартады.

Кәсіпорын ISO 9001, ISO 22000, сондай-ақ ISO 50001 энергия менеджменті сияқты халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейді және заманауи жабдықты пайдаланады. Фабрика «Халал» сертификатына аттестаттаудан өтті, шығарылатын өнімдердің жартысына жуығы осы стандартқа сәйкес келеді. Сонымен қатар, кәсіпорын EDGE гендерлік теңдіктің жаһандық сертификатына ие болды.

Экспорт және нарықтық жайғасымдар

BAYAN SULU Қазақстанның ішкі нарығында да, кондитерлік өнімдер экспортында да көшбасшылық жайғасымды орнықты ұстап отыр.

Экспорт географиясының ауқымы кең: ТМД елдері, Шығыс Еуропа, Қытай және т.б. Бүгінгі таңда «Made in Kazakhstan» өнімдері Қытай, Моңғолия, Кореяны және т.б. қоса алғанда 14 елге жеткізіледі.  Экспорт үлесі 40 %-дан асады.

Іскерлік абырой-бедел

BAYAN SULU бренді өзінің тарихы бойы Ресей, Украина, Германия, Польша, Нидерланды, Дания, Финляндия, Латвия, Литва, Израиль сияқты және басқа да көптеген елдердің жеткізушілерімен және өндірушілерімен тығыз әрі сенімді серіктестіктер құрып келді.

Кәсіпорынның несиелік тарихы мінсіз болып қала беруде, мұны қаржылық тәртіп пен жауапкершілік деңгейі растайды.

Компанияның акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізіміндегі акциялардың екінші санатына енгізілген, бұл болса оның жария мәртебесін атап көрсетеді.

Әлеуметтік саясат

Қызметкерлер — компания бағалайтын ресурс. BAYAN SULU қолайлы еңбек жағдайларын жасайды, қызметкерлердің дамуын ынталандырады, шешім қабылдау кезінде олардың талап-тілектерін ескереді. Материалдық емес қолдау шараларына оқу ақысын төлеу (ел ішінде және шетелде), тамақтану жеңілдіктері, көлік беру, медициналық қолдау және т.б. кіреді.