«Атамекен» Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев өңір басшысы Архимед Мұхамбетовпен бірге Қостанайға жұмыс іссапары барысында «Баян Сұлу» АҚ қарап шығып, энергия үнемдеуші технологиялар арқылы сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығаруды мүмкіндік беретін, пайдалануға жаңа қосылған бисквит цехінің жабдығымен және жұмысымен танысты.
2017 жылғы 10 ақпан күні, «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасында, 2016 жылы өз жұмысының үздік нәтижелерін көрсеткен үздік супервайзерлерге, сауда агенттеріне және менеджерлерге құрмет көрсетілді. «Баян Сұлу» АҚ-ның барлық филиалдарынан келген сауда агенттері үшін кондитерлік фабриканың өндірістік цехтары бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Өңірлік менеджерлер табысты сатылымдардың тренингін өткізді және жаңа 2017 жылы одан да көп табысқа жетуге…
2017 жылғы 6-10 ақпан аралығында Мәскеу қаласының «Экспоцентр» орталық көрме кешенінде Азық-түліктің, сусындардың және оларды өндіруге арналған шикізаттың «Продэкспо-2017» атты 24-ші халықаралық көрмесі болып өтті және оған әлемнің 57 елінен келген 2178 компания қатысты. Аталған көрме қатысушылар мен қонақтарды кең ауқымды экспозициясымен, мінсіз ұйымдастырылуымен және мазмұнды іскерлік бағдарламасымен қайта қуантты. «Продэкспо-2017» халықаралық көрмесінің 28 тақырыптық…