«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы 2012 жылдың 15-17 қарашасы аралығында Омск қаласында өткен «Сібір Агроөнеркісіптік аптасы» көрме-жәрмеңкесіе қатысты. Бұл аймақта біздің өнім алғаш рет ұсынылды, десек те, фабрикамыздың кондитерлік өнімдері кеңінен танымал екені белгілі. Біздің өнім Омск қаласы тұрғындарының сұранысына ие, олар көрмеде өнімнің жаңа түрлерімен танысып, фабрика қызметінің бүгіні мен болашағы жайлы мағлұмат алды. Көрме…
«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы 2012 жылдың 30 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Жаңасібір қаласында (Ресей Федерациясы) өткен «Продсиб/InterFood Novosibirsk-2012» көрмесіне қатысты. Ағымдағы жылы компаниямыз Жаңасібірлік «Опт Сибирь» ЖШҚ-мен тығыз қарым-қатынаста. Осы байланыстың арқасында аталмыш аймақта фабрика өнімі айтарлықтай танымал. Көрме қатысушыларының пікірлеріне сүйенсек, өнімнің безендірілуі мен сапасы жоғары бағаға ие болды. Көрме жұмысы кезінде біздің…
«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы ағымдағы жылдың 12-14 қыркйегінде Оренбург қаласында өткен «Айырбас ауласы – 2012» күзгі аймақаралық көрмесіне қатысты. Аталмыш аймақта фабрика өнімі зор сұранысқа ие. Көрме қатысушылары өнімнің дәмін татып, өнімнің жаңа түрлерімен танысып, өз аймақтарындағы дүкендерден сатып алу мүмкіндігне ие болды. Көрме жұмысына белсенді қатысқаны үшін «Баян Сұлу» АҚ алғыс хатпен марапатталды.
«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы 17-20 қыркүйек аралығында Мәскеуде өткен «World Food Moscow» атты Халықаралық көрмесіне қатысты. Компаниямызға ұсынылған көрме қойылымы мен белсенді атсалысқаны үшін сертификат табыс етілді, мұнымен қоса, Ресей Федерациясы аймағында өнімді өткізу бойынша жаңа әріптестермен танысу мүмкінді туды.
2012 жылдың 1 қазанында фабрикада жыл сайын Қарттар күні атап өтілді. Біздің тарапымыздан қазір демалыстағы, бұрынғы қызметкерлермен (238-ге жуық адам) кездесу өткізілді. Зейнеткерлерге кондитерлік өнімдері бар сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар берілді. Кейін акті залында зейнеткерлердің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттік бөлім біткеннен соң барлық қатысушылар мерекелік асқа шақырылды. Дастархан басында фабрика мен басшылыққа қонақтардың атынан…
«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы ағымдағы жылдың 2-7 қыркүйегі аралығында Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында өткен «Қытай - Еуразия» ІІ ЭКСПО Халықаралық көрмесіне қатысты. ҚХР аймағында алғаш қатысқанымен, әр түрлі мемлекеттен келген қатысушылар арасында өнімге деген аса қызығушылық танытылды. Есте тез сақталатын әсем безендірулері бар «Баян Сұлу» таңбасының негізін құрайтын «табиғи» дәмі ерекше әсер қалдырды.