Акционерлерге

26.01.2015 15:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының өзі мүдделі болып табылатын мәмілені жасасу ниеті туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні: Директорлар кеңесінің 23 қаңтар 2015 жылғы шешімі, № 2А хаттама;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы: қолданылмайды; 
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Баян Сұлу» АҚ мен «АзияАгроФуд» АҚ арасында тауар қоймасында сақтау туралы келісім-шарттың жасалуы, соған сәйкес, «АзияАгроФуд» АҚ кондитерлік өнімдерді қабылдайды, сақтайды және «Баян Сұлу» АҚ-ның бірінші талабы бойынша сақталған күйде қайтарады, тауарды сақтау қызметінің құны ҚҚС-пен бірге айына 400 000 (төрт жүз мың) теңге сомасын құрайды;
6) мәміленің жасалған күні: тиісті келісім-шарттың болашақта жасалатын күні.
26.12.2014 18:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының мүлкін, осы қоғамның активтерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға қайта кепілдеутуралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілдеу) туралы шешім қабылдау күні:  Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 20 қарашадағы шешімі, №28 хаттама;

2) акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілдеу) күні (келісім-шарт жасалған күні):  10.12.2014;                                                                                                                                           мүлік кепілге (қайта кепілге) берілетін мерзім: 09.06.2014 бастап 09.06.2019 дейін;

3) акционерлік қоғамның кепілге (қайта кепілге) берілетін құны:
бағалау құны  12 096 611 037 (он екі миллиард тоқсан алты миллион алты жүз он бір мың отыз жеті) теңге;

4) акционерлік қоғамның кепілге (қайта кепілге) берілетін мүлкін соңғы бағалау күні:  11.03.2014;12.03.2014; 07.04.2014; 23.04.2014; 05.05.2014;

5) кепілге (қайта кепілге) берілетін мүліктің осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына қатысты пайыздық қатынасы: 61,7%.

24.12.2014 18:00:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені акционерлік қоғамның жасағаны туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні – Директорлар кеңесінің 18.12.2014 жылғы №32 шешімі;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні – қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы – 1,1%;
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Баян Сұлу» АҚ мен «АзияАгроФуд» АҚ арасында қаржылық көмек көрсету туралы келісім-шарт жасасу, соған сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ қаржыландыру және айналым қаражатын толықтыру мақсатымен «Баян Сұлу» АҚ-на 223 000 000 (Екі жүз жиырма миллион) теңге көлемінде пайызсыз қайтарымды қаржылық көмек көрсетеді, ал «Баян Сұлу» АҚ қаржылық көмекті келісім-шарттың талаптарына сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ қайтаруға міндетті болады; келісім-шарт, қаржылық көмек сомасы ұсынылған сәттен бастап келісім-шарттың тараптары өз міндеттемелерін орындаған мерзімге дейін әрекет етеді;
6) мәміленің жасалған күні – 18.12.2014
26.11.2014 16:00:00

03.04.2014 және 02.10.2014 жылғы кезең аралығындағы «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының бағалы қағаздарын орналастыру қорытындысы туралы есеп-қисапты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бекітуі туралы ақпарат

1) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізген мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі;
бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркеуден өткен күні: 
2010 жылғы 02 сәуір;
2) шығарылымға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны:
100 000 000 (жүз миллион) жай акция;
бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі:  KZ1C24120012;
3) облигациялар шығарылған жағдайда, солар бойынша номинал құны, айналым мерзімі және өтеу тәртібі, табыс төлеу тәртібі мен мерзімі, ковенанттар және (немесе) шығарылымда көрсетілген өзге шектеулер: қолданылмайды;
4)жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту:
бағалы қағаздар шығарылмына, жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту бөлігінде енгізілген өзгерістердің мемлекеттік тіркеуден өткен күні: 
2010 жылғы 02 сәуір;
жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту туралы шешімнің қабылданған күні және осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғамның органының атауы:
«Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2010 жылғы 09 наурыздағы шешімі;
бағалы қағаздардың шығарылым аңдатпасына бағалы қағаздардың түрлері бойынша енгізілген тиісті өзгерістер мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жарияланған бағалы қағаздардың саны: 100 000 000 (жүз миллион) жай акция;
5) бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешімнің қабылданған күні: есеп-қисап кезеңінде бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылданбады;
6) бағалы қағаздардың орналастырыла бастаған күні, бағалы қағаздарды орналастыру шарттары, орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздардың санын және орналастыру тәсілін көрсетумен: қолданылмайды;
7) бағалы қағаздардың орналастырып аяқталатын күні (орналастырудың есеп-қисап кезеңін көрсетумен), бағалы қағаздардың өтелетін күні:  03.04.2014 жылдан бастап 02.10.2014 жылға дейін бағалы қағаздарды орналастырудың есеп-қисап кезеңі;
     8) бағалы қағзадарды орналастыру қорытындысы туралы есеп-қисаптың, өтеу қорытындысы туралы есеп-қисаптың бекітілген күні, есеп-қисап кезеңінде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың саны мен түрін көрсетумен: есеп-қисап 2014 жылғы 14қараша  айында бекітілді, есеп-қисап кезеңінде акциялар орналастырылмады;
9) есеп-қисап кезеңінде бағалы қағаз ұстаушыларынан акционерлік қоғам тарапынан сатып алынған бағалы қағаздардың саны мен түрі: есеп-қисап кезеңінде «Баян Сұлу» АҚ акциялар сатып алынбады;
10) есеп-қисап кезеңінде акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы мәлімет:
     Қоғамның жай акциялары бойынша 2013 жылы есептелген және төленуге тиісті дивидендтердің сомасы 407 745 800 (төрт жүз жеті миллион жеті жүз қырық бес мың сегіз жүз) теңге құрады, акционерлерге төленген дивидендтердің сомасы – 407 289 000  теңге;
бір жай акция (артықшылықты акциялары жоқ) үшін 2013 жылы есептелген және есептелмеген дивидендтердің мөлшері – 9 (тоғыз) теңге 13 тиын; 2013 жылдың қорытындылары бойынша бір жай акцияға қатысты таза табыстың мөлшері 9 (тоғыз) теңге 14 тиын құрады. 
Дивиденттердің уақытылы төленбеу жағдайлары Ұйымда жоқ.
11) бағалы қағаздар шығарылымының күші жойылған күні, күшін жоюдың негіздемесі: қолданылмайды.

 
24.11.2014

Мүдделі болып табылатын «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының ірі мәмілені жасасу ниеті туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні:
     Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 20 қарашадағы шешімі, №28 хаттама;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: 12 096 611 037 (он екі миллиард тоқсан алты миллион алты жүз он бір мың отыз жеті) теңге;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: 11.03.2014;12.03.2014; 07.04.2014; 23.04.2014:05.05.2014.;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы: 61,7%;
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
Қоғам мүдделі болып табылатын ірі мәмілені жасасуды мақұлдау, дәлірек айтқанда, Қоғамның толық ортақ кепілдігін ұсыну, сондай-ақ Қарыз алушы мен Банк арасында жасалатын Жаңартылатын несие желісін ашу туралы келісім-шарт бойынша Банктің алдында міндеттемелердің «АзияАгроФуд» АҚ (бұдан әрі – Қарыз алушы) тарапынан орындалуын қамтамасыз ету ретінде бұған дейін «Сбербанк» АҚ ЕБ-не (бұдан әрі – Банк) кепілге/қайта кепілге салынған мүлікті таратуды мақұлдау; аталған келісім-шарттың талаптарына сәйкес Банк тиісті кепілдік келісім-шартын және төмендегі келісім-шарттардың қосымша келісімдерін жасасу арқылы Қарыз алушыға жылдық 9,6% сыйақы мөлшерлемесімен, 12 ай мерзіміне 1 000 000 000 (Бір миллиард) теңге сомасындағы несие желісін ұсынатын болады: 
1) Жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес орынжайды) кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-1 келісім-шарт; 
2) Жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес орынжайды) қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-2 келісім-шарт; 
3) Жабдықты қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-3 келісім-шарт; 
4) Жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес орынжайды) қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-4 келісім-шарт; 
5) Айналыстағы және қайта өңдеудегі тауарларды қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-5 келісім-шарт;
6) Айналыстағы және қайта өңдеудегі тауарларды қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-6 келісім-шарт;
7) Айналыстағы және қайта өңдеудегі тауарларды қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-7 келісім-шарт;
8) Айналыстағы және қайта өңдеудегі тауарларды қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-8 келісім-шарт;
9) Автокөлік құралын қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-9 келісім-шарт.
Қарыз алушы Банкінің алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Банкіге мүлікті соттан тыс тәртіпте өткізу, сондай-ақ Қоғамның барлық есепшоттарынан ақшаны акцептісіз түрде есептен шығару құқығын ұсынумен.
6) мәміленің жасалатын күні – болашақта жасалатын келісімдердің, келісім-шарттардың күндері.  
12.11.2014 10:00:00

29.10.2014 жылы мемлекеттік тіркеуден өткен «Баян Сұлу» АҚ-ның эмиссиялық құнды қағаздарын шығару бағыттамасына енгізілген өзгерістер туралы ақпарат

1) эмиссиялық құнды қағаздарды шығару бағыттамасына өзгертулер енгізу үшін негіздеме болып табылатын құнды қағаздар шығарушы орган шешім қабылдаған күні, шешім қабылдаған органның атауы:
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің 01.10.2014 жылғы шешімі, № 25 хаттамасы;
2) эмиссиялық құнды қағаздарды шығару бағыттамасына енгізілген өзгертулердің мазмұны (мәні):
Басқарманың ұйымдық құрылымына өзгерістер мен толықтырмалар енгізілгендігіне, сондай-ақ «Баян Сұлу» АҚ бөлімшелерінің жетекшілері туралы мәліметті сәйкестікке келтіруге байланысты, акциялар шығарылымының бағыттамасына келесі өзгерістер мен толықтырмалар енгізілді:
1) 14 тармақтың 1) тармақшасы: 
– «2.8.1. тармақша  Маркетинг пен сатылымдарды басқару жөніндегі бөлім» – алынып тасталды;
– 2.8.4. тармақша келесі басылымда баяндалды: «2.8.4. Маркетинг пен сатылымдарды басқару жөніндегі директордың орынбасары»;
– келесі тармақшамен толықтырылды:  «2.8.4.2. Маркетинг пен сатылымдарды басқару жөніндегі бөлім»;
2) 14 тармақтың 4) тармақшасы: 
  59-ші жол келесі басылымда баяндалды:
59    Мирзахметова Айман Муратовна    1980    Маркетинг пен сатылымдарды басқару жөніндегі директордың орынбасары

 
20.08.2014 16:00:00

03.10.2013 және 02.04.2014 жылғы кезең аралығындағы «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының бағалы қағаздарын орналастыру қорытындысы туралы есеп-қисапты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бекітуі туралы ақпарат

1) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізген мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі;
бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркеуден өткен күні: 
2010 жылғы 02 сәуір;
2) шығарылымға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны:
100 000 000 (жүз миллион) жай акция;
бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі:  KZ1C24120012;
3) облигациялар шығарылған жағдайда, солар бойынша номинал құны, айналым мерзімі және өтеу тәртібі, табыс төлеу тәртібі мен мерзімі, ковенанттар және (немесе) шығарылымда көрсетілген өзге шектеулер: қолданылмайды;
4) жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту:
бағалы қағаздар шығарылмына, жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту бөлігінде енгізілген өзгерістердің мемлекеттік тіркеуден өткен күні: 
2010 жылғы 02 сәуір;
жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту туралы шешімнің қабылданған күні және осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғамның органының атауы:
«Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2010 жылғы 09 наурыздағы шешімі;
бағалы қағаздардың шығарылым аңдатпасына бағалы қағаздардың түрлері бойынша енгізілген тиісті өзгерістер мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жарияланған бағалы қағаздардың саны: 100 000 000 (жүз миллион) жай акция;
5) бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешімнің қабылданған күні: есеп-қисап кезеңінде бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылданбады;
6) бағалы қағаздардың орналастырыла бастаған күні, бағалы қағаздарды орналастыру шарттары, орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздардың санын және орналастыру тәсілін көрсетумен:  қолданылмайды;
7) бағалы қағаздардың орналастырып аяқталатын күні (орналастырудың есеп-қисап кезеңін көрсетумен), бағалы қағаздардың өтелетін күні:  03.10.2013 жылдан бастап 02.04.2014 жылға дейін бағалы қағаздарды орналастырудың есеп-қисап кезеңі;
8) бағалы қағзадарды орналастыру қорытындысы туралы есеп-қисаптың, өтеу қорытындысы туралы есеп-қисаптың бекітілген күні, есеп-қисап кезеңінде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың саны мен түрін көрсетумен: есеп-қисап 2014 жылғы 24 шілде айында бекітілді, есеп-қисап кезеңінде акциялар орналастырылмады;
9) есеп-қисап кезеңінде бағалы қағаз ұстаушыларынан акционерлік қоғам тарапынан сатып алынған бағалы қағаздардың саны мен түрі: есеп-қисап кезеңінде «Баян Сұлу» АҚ акциялар сатып алынбады;
10) есеп-қисап кезеңінде акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы мәлімет: 
есеп-қисап кезеңінде дивидендтер төленбеді;
11) бағалы қағаздар шығарылымының күші жойылған күні, күшін жоюдың негіздемесі: қолданылмайды.
29.07.2014 16:00:00

Баян Сұлу» АҚ-ң 18.07.2014 жылы мемлекеттік тіркеуден өткен эмиссиялық құнды қағаздарды шығару проспектіне енгізілген ақпарат.

1) эмиссиялық құнды қағаздарды шығару бағыттамасына өзгертулер енгізу үшін негіздеме болып табылатын құнды қағаздар шығарушы орган шешім қабылдаған күні, шешім қабылдаған органның атауы:
«Баян Сұлу» АҚ-ң 02.06.2014 жылғы шешімі, №16 хаттама және 23.06.2014 жылғы №17 хаттама;
2) эмиссиялық құнды қағаздарды шығару бағыттамасына енгізілген өзгертулердің мазмұны (мәні):
а) банктік деректемелердің өзгеруіне байланысты проспекттің «Акционерлік қоғамның банктік деректемелері» деп аталатын 6-тарау келесі басылымда баяндалсын;
б) Басқарма құрамының сандық құрамының ұлғаюына және Қоғам Басқармасының жаңа мүшелері Т.М. Садыков пен Д.Д. Ахметжановты сайлаумен байланысты Қоғам Басқармасының құрамына өзгертулер енгізілді (проспекттің 12-тарауының кестесі);
в) бөлімшенің жетекшілері туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіруге  байланысты «Акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері» деп аталатын  14-тармағының 1) тармақшасына және «Акционерлік қоғам бөлімшелерінің жетекшілері туралы мәліметтер» деп аталатын 14-тармағының 4) тармақшасына өзгертулер енгізілді;
г) Қоғамның үлестес жеке тұлғаларының құрамының өзгеруімен байланысты проспекттің «Акционерлік қоғамның басқа үлестес тұлғалары туралы мәліметтер» деп аталатын 18-тарауына өзгертулер енгізілді.

 
01.07.2014 15:30:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының жасау ниеті туралы ақпараты

1) акционерлік қоғамның органы мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдаған күні:
«Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесінің 25.06.2014 жылғы шешімі, №18 хаттамасы;
2) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің құны:
ҚҚС есептегенде 7 340 000 (Жеті миллион үш жүз қырық мың) теңге;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы: 0.04%;
5)  мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Баян Сұлу» АҚ «АзияАгроФуд» АҚ-мен келісім-шарт жасалды, оған сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ «Баян Сұлу»АҚ-ң меншігіне табыстайды, ал «Баян Сұлу» АҚ келісім-шарттың талаптарына сәйкес маркасы – BMW X5, шығарылған жылы – 2007 г., қозғалтқышының нөмірі – 51454061, кузовының нөмірі – WBAFE81070LZ71579, түсі – күміс түсті, құны ҚҚС есептегенде 7 340 000 (Жеті миллион үш жүз қырық мың) теңгені құрайтын автокөлікті қабылдайды және ақысын төлейді.
6) мәміленің жасалған күн – 25.06.2014.
25.06.2014 17:30:00

«Баян Сұлу» АҚ органдарының құрамының өзгеруі туралы ақпарат

1) Шешім қабылдаған эмитент органының атауы көрсетілген эмитент органының құрамының өзгергені туралы шешімнің қабылданған күні: Директорлар кеңесінің 23.06.2014 жылғы шешімі, хаттама №17;
2) құрамы өзгертілген эмитент органының атауы: «Баян Сұлу» АҚ Басқармасы;
3) эмитент органының құрамына енгізілген өзгертулердің мәні: 
Басқарманың сан құрамы 5 адамнан 7 адамға көбейді, Басқарманың екі мүшесі толықтай сайланды, соның ішінде:  Басқарма Төрағасының орынбасары болып Садыков Тимур Мейрханович, Басқарма мүшесі болып Ахметжанов Дулат Даулетбаевич сайланды.