1)акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 28 маусым 2024 жыл, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 00 мин., аяқталуы – жергілікті уақыт бойынша 16 сағ.20 мин. келесі мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ.Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.
2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2023 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту.
4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, 2023 жылғы дивидендтер туралы.
5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2023 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
7. Жасалуы мүдделі ертеректе жасалған “Bereke Bank” АҚ-мен “Баян Сұлу” АҚ арасындағы ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.
8. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар мен өтемақыларды төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1-сұрақ бойынша.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» -44 587 741дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Акционерлердің жылдық жиналысының Күн тәртібін бекітілсін:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.
2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2023 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту.
4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, 2023 жылғы дивидендтер туралы.
5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2023 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
7. Жасалуы мүдделі ертеректе жасалған “Bereke Bank” АҚ-мен “Баян Сұлу” АҚ арасындағы ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.
8. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар мен өтемақыларды төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.
2-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 587 741дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ 2023 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп бекітілсін, Басқарманың жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
3-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 587 741дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі мынадай құрамда бекітілсін:
– қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есеп;
– кіріс немесе залал және басқа да жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есеп;
– ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп;
– капиталдың өзгерістері туралы шоғырландырылған есеп;
– шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер.
4-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 784 741 дауыс. «Қарсы болғандар» – 3 800 000 дауыс . «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
2023 жылғы “Баян Сұлу” АҚ жұмысының қорытындысы бойынша 2 793 379 мың теңге сомасында алынған жиынтық табыс бөлінбесін, бөлінбеген пайда шотта қалдырылсын, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.
5-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 587 741дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты 2023 жылғы өтініштері болмағаны туралы ақпарат назарға алынсын.
6-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 587 741 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелеріне 2023 жылы төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
7-сұрақ бойынша: Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 784 741 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – 3 800 000 дауыс.
Қабылданған шешім:
Бұрын «Bereke Bank» АҚ – мен (бұдан әрі – Банк) жасалған, Қоғам мен «Азия АгроФуд» АҚ арасында жасауға мүдделілік бар «Баян Сұлу» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) мынамен байланысты ірі мәмілесіне өзгерістер енгізу мақұлдансын:
-
Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 198-үй мекенжайында орналасқан жылжымалы мүлік объектісін кепілге беру жолымен кепіл мүлкінің бір бөлігін ауыстырумен;
2) Қоғамның мүлкін (автокөлік құралдарын) қайта бағалаумен және мүліктің бағалау құнын өзгерту бөлігінде тиісінше кепіл шартына өзгерістер енгізу, соңғысы бойынша Банкке автокөлік құралдарын бағалау туралы ұсынылған есеппен;
және 09.06.2014 ж. №14-0022ЦО-9 автокөлік құралдарын қайта кепілге қою шартына «Bereke bank» АҚ, «АзияАгроФуд» АҚ-мен қосымша келісімдердің жоғарыда көрсетілген 1), 2) тармақшаларына байланысты қол қоюмен;
сондай-ақ, жоғарыда аталған мәмілелерді өзара байланысты деп танумен.
8-сұрақ бойынша:
1) Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 784 741 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – 3 800 000 дауыс.
Қабылданған шешім:
1. 2024 жылғы 28 маусымнан бастап акционерлердің 2022 жылғы 30 мамырдағы жалпы жиналысымен, 5 адамнан тұратын, 3 жыл мерзімге сайлаған Директорлар кеңесінің барлық мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын:
1.Баймуратов Ерлан Уразгельдиевич – «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның акционерінің өкілі.
2. Садықов Тимур Мейрханович – акционер, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның акционерінің өкілі.
3. Талгатбек Алихан Қайратбекулы – акционер, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның акционерінің өкілі.
4. Қасымов Булат Даулетханович – тәуелсіз директор.
5. Алдонгаров Сабыр-бек Садыкович – тәуелсіз директор.
2. «Баян Сұлу» АҚ 5 адам санында Директорлар кеңесінің құрамы бекітілсін.
3. «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 3 жыл болып белгіленсін, ол акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күні аяқталады, онда жаңа Директорлар кеңесі сайланатын болады.
2) Күн тәртібіндегі осы мәселе жөнінде кумулятивтік дауыстардың жалпы саны- 222 938 705
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» -203 938 705 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» -19 000 000 дауыс .
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мына құрамында сайлансын:
1.Талгатбек Алихан Кайратбекулы – акционер, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның акционерінің өкілі.
2. Садықов Тимур Мейрханович – акционер, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның акционерінің өкілі.
3. Узакова Адиля Еркіңқызы – «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның акционерінің өкілі.
4. Белименко Надежда Алексееевна – тәуелсіз директор.
5. Артеменко Светлана Владимировна – тәуелсіз директор.
3) Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 787 741дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – 3 800 000 дауыс.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттемелерін өкілеттік мерзімі ішінде орындағаны үшін сыйақыны ай сайын штат кестесімен белгіленген мөлшер мен шарттарда жүргізілсін.
Ақпарат
«Баян Сұлу» АҚ 2024 жылы 28 маусым өткізілген жалпы акционерлердің жылдық жиналысында «Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша алынған таза табысты, бөлмеуге, бөлінбеген пайда шотында қалдыруға, 2023 жылғы қорытындылары бойынша Қоғамның қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді есептемеуге және төлемеуге деген шешім қабылдағанын хабарлайды
2024 жылғы 28 маусым сағат 15.00-де орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасы, 110006 Қостанай қ. Бородин к-сі, 198) өткен Қоғам Басқармасының “Баян Сұлу” АҚ (бұдан әрі-Қоғам) акционерлерінің жалпы жиналысы бұрын “Bereke Bank” АҚ-мен жасалған, оны жасауға мүдделілік бар “Баян Сұлу” АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгерістер енгізуді мақұлдау туралы шешім қабылдады.
Ақпарат
Ақпарат
Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан орны: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды бастаушысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны:
2024 жылғы 26 шілде, жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік – тұрмыстық корпус, мәжіліс залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақыттың 14 сағат
30 мин.
Егер өткізілуі тиіс бірінші жиналыс өткізілмеген болса, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қайта өтетін күні, уақыты және орны: 2024 жылғы 29 шілде 15 сағат 00 мин. жергілікті уақытпен.
Акционерлік қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2024 жылғы 1 шілде.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Жасалуы мүдделі ертеректе жасалған “Bereke Bank” АҚ-мен “Баян Сұлу” АҚ арасындағы ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:
Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар жиналыс өткізу күніне дейін он күннен кешіктірмей акционерлерге танысу үшін Қоғамның Басқармасы орналасқан орнының мекенжайы бойынша қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198; акционер сұранысы болғанда – материалдар сұранысты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жолданатын болады.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі:
Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке басының куәлігі болуы тиіс. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Жалпы жиналысқа арнайы шақырусыз өзге тұлғалар қатыса алмайды. Мұндай тұлғалар акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеуге ғана құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта
ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.
Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды, дауыс беру нысанын айқындайды – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша). Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Әрбір акционердің бір дауысы болғанда, ал шешім қатысушылардың жай көпшілігімен қабылданғанда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (президиумнің) төрағасын және хатшысын сайлау мәселесі жөнінде дауыс беруді қоспағанда осы қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру «бір акция – бір дауыс» қағидасы бойынша жүзеге асырылады.
Осы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша шешімдері дауыс беруге қатысатын жалпы дауыс беруші акциялардың жай көпшілігімен қабылданады.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін:
1) өздігінен немесе басқа акционерлермен жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да артық пайызына ие болатын акционерлермен немесе қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналысты өткізу күніне дейін кемінде он бес күн бұрын хабарланған шарты сақталғанда директорлар кеңесімен ұсынылған толықтырулар;
2) оларды енгізу үшін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беруші акцияларының жиынтығында кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген өзгерістер және (немесе) толықтырулар.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.
Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сәйкестілікте жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35 – 37; 39 – 48; 50 -52-баптары; ҚР ЖС 2009 жылғы 28.12. №8 НҚ 13,15,16, 17-тармақтары.
Ақпарат
Ақпарат
Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198 мекенжай бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы 2023 жылғы жұмыс қорытындылары туралы жалпы жылдық жиналысына шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын шақыруды бастаушысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы өтетін күні, уақыты және орны:
2024 жылғы 28 маусым жергілікті уақытпен 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақытпен 14 сағат 30 минут.
Егер бірінші жиналыс өткізілмеген болса, қоғам акционерлерінің өткізілуі тиіс жалпы жиналысы қайта өтетін күні және уақыты:
2024 жылғы 29 маусым, жергілікті уақытпен 15 сағат 00 минут.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2024 жылғы 30 мамыр.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.
2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2023 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту.
4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, 2023 жылғы дивидендтер туралы.
5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2023 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
7. Жасалуы мүдделі ертеректе жасалған “Bereke Bank” АҚ-мен “Баян Сұлу” АҚ арасындағы ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.
8. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар мен өтемақыларды төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:
акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар жиналыс өткізу күніне дейін он күннен кешіктірмей акционерлерге танысу үшін мына мекенжайы бойынша қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198; акционер сұранысы болғанда – сұраныс алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жолданатын болады.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын өткізу тәртібі:
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысын ашу үшін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге тұлғаны куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционер өкілі акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысу және дауыс беру өкілеттігін растайтын сенімхат ұсынуы тиіс.
Тіркелмеген Акционер (Акционердің өкілі) кворум анықталғанда есептелмейді және оның дауыс беруге қатысу құқығы жоқ.
Жалпы жиналыста арнайы шақырылмаған басқа тұлғалар қатыса алмайды. Ондай тұлғалардың акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеу құқығы бар.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болғанда жарияланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыс ашылу уақытын өзгертуге қарсы болмаған жағдайды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы жарияланған уақыттан бұрын ашылуы мүмкін емес.
Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасы (президиумі) мен хатшысын сайлауды жүргізеді, ашық немесе (бюллетеньдер бойынша) жасырын – дауыс беру нысанын анықтайды. Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Осы акционерлердің жалпы жылдық жиналысында дауыс беру мына жағдайларды қоспағанда «бір акция – бір дауыс» қағидаты бойынша жүргізіледі акционерлердің жалпы жылдық жиналысының төрағасы (президиумі) мен хатшысын сайлау жөніндегі мәселе бойынша дауыс беру, әрбір акционердің бір дауысы бар болғанда, ал шешім қатысқандар санынан қарапайым дауыс көпшілігімен қабылданатын болғанда.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін:
1) өздігінен немесе басқа акционерлермен жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да артық пайызына ие болатын акционерлермен немесе қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналысты өткізу күніне дейін кемінде он бес күн бұрын хабарланған шарты сақталғанда директорлар кеңесімен ұсынылған толықтырулар;
2) оларды енгізу үшін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беруші акцияларының жиынтығында кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген өзгерістер және (немесе) толықтырулар.
Жалпы жиналыстың күн тәртіпке енгізілмеген мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында төрағаның қарастырылатын мәселе бойынша пікірталасты тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс беру тәсілін өзгерту туралы ұсынысты дауыс беруге шығару құқығы бар.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселені талқылауға қатысу құқығы бар тұлғаларға кедергі жасау құқығы жоқ, осындай сөйлеу сөздері акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соқтыратын немесе осы мәселе жөнінде пікірталас тоқтатылған жағдайлар кірмейді.
Акционерлердің жалпы жиналысының өз жұмысында үзіліс жасау және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, соның ішінде Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жеке мәселелерін қарауды келесі күнге қалдыру туралы шешім қабылдау құқығы бар.
Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарағаннан және олар бойынша шешім қабылдағаннан кейін ғана жабылған деп жариялуы мүмкін.
Дауыс беру нәтижелері бойынша есептеу комиссиясы дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы жасайды және оған қол қояды.
Акционердің дауыс беруге шығарылған мәселе жөнінде ерекше пікірі болған кезде қоғамның есептеу комиссиясы хаттамаға тиісті жазу енгізуге міндетті.
Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысын жапқаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құрастырылады және қолдары қойылады.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы сәйкестілікте жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 22, 23; 35 – 37; 39 – 48; 50 -52; 68-73-баптары, ҚР ЖС 28.12.2009ж. №8 НҚ 13,15,16, 17,19,20-тармақтары.