Акционерлерге

13.05.2015 16:00:00

«Баян Сұлу» АҚ-ң 27.04.2015 жылы мемлекеттік тіркеуден өткен эмиссиялық құнды қағаздарды шығару проспектіне енгізілген ақпарат

1) эмиссиялық құнды қағаздарды шығару бағыттамасына өзгертулер енгізу үшін негіздеме болып табылатын құнды қағаздарды шығарушы орган шешім қабылдаған күн, шешім қабылдаған органның атауы:
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің 30.03.2015 жылғы шешімі, №8 хаттама; 
2) эмиссиялық құнды қағаздарды шығару бағыттамасына енгізілген өзгертулердің мазмұны (мәні):
Басқарма мүшесі Д.Д. Ахметжановтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына, Басқарманың жаңа мүшесі болып Н.Н. Шаповалованың тағайындалуына, сондай-ақ Қоғамның үлестес тұлғаларының құрамында орын алған өзгерістерге байланысты, «Баян Сұлу» АҚ акциялар шығарылымының даңғылына келесі өзгерістерді енгізеді: «Акционерлік қоғамның алқалық атқарушы органы – Басқарма» атты 12-тармақтың кестесінің жетінші жолағы жаңа оқылымда баяндалады; «Акционерлік қоғамның басқа үлестес тұлғалары туралы мәлімет» атты 18-тармақтың кестесінің «Жеке тұлғалар» бөлімінен №№81-85;96-103 жолақтары алынып тасталды.
05.05.2015 16:30:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені акционерлік қоғамның жасағаны туралы ақпарат.

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні –   Директорлар кеңесінің 28.04.2015 жылғы шешімі, №11 хаттамасы;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні – қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы – қолданылмайды;
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Баян Сұлу» АҚ-ң «KazFoodProducts» ЖШС-мен арада орынжайды қосалқы жалға беру құқығымен мүліктік жалға алу (жалдау) келісім-шартын жасасуы, сол келісім-шартқа сәйкес «Баян Сұлу» АҚ табыстайды, ал «KazFoodProducts» ЖШС ауданы 624,4 ш.м. құрайтын, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Алматы қ-сы, Достық даңғылы, 132 үй, 75 т.е.о., «Сбербанк» АҚ ЕБ-де кепілде тұрған орынжайды уақытша иелік етуге қабылдады. Жалгерлік ақының мөлшері 3 200 000 (үш миллион екі жүз мың) теңгені құрайды, соның ішіне ҚҚС кіреді, келісім-шарт 2016 жылғы 30 сәуірге дейін әрекет етеді;
6) мәміленің жасалған күні –01.05.2015.
29.04.2015 17:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының өзі мүдделі болып табылатын мәмілені жасасу ниеті туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні: Директорлар кеңесінің 28 сәуір 2015 жылғы шешімі, № 11 хаттама;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы: қолданылмайды; 
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Баян Сұлу» АҚ-ң «KazFoodProducts» ЖШС-мен арада орынжайды қосалқы жалға беру құқығымен мүліктік жалға алу (жалдау) келісім-шартын жасасуы, сол келісім-шартқа сәйкес «Баян Сұлу» АҚ табыстайды, ал «KazFoodProducts» ЖШС ауданы 624,4 ш.м. құрайтын, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Алматы қ-сы, Достық даңғылы, 132 үй, 75 т.е.о., «Сбербанк» АҚ ЕБ-де кепілде тұрған орынжайды уақытша иелік етуге қабылдады. Жалгерлік ақының мөлшері 3 200 000 (үш миллион екі жүз мың) теңгені құрайды, соның ішіне ҚҚС кіреді, келісім-шарт 2016 жылғы 30 сәуірге дейін әрекет етеді.
6) мәміленің жасалған күні: тиісті келісім-шарттың болашақта жасалатын күні.
21.04.2015 16:30:00

Қоғам өзі мүдделі болып табылатын мәмілелерді «Баян Сұлу» Акционерлік қоғам тарапынан жасау туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдаған күні:
Директорлар кеңесінің 27.03.15 жылғы шешімі, №7 хаттамасы.
2) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің құны:
     – бұрын жасалған кепілзат келісім-шарттары бойынша мүлікті толық бағалау сомасы: 415 500 505 теңге;
    – технологиялық жабдықтың құны: 939 180 766 теңге.
3) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: 18.12.14.; 19.12.14.; 05.01.15.; 12.01.15.
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы:7,3%.
5) мәмілелердің негізгі елеулі шарттары:
     а) Банкіге ұсынылған соңғы бағалау туралы есеп-қисаптар бойынша бағалау құнын көрсетіп, «АзияАгроФуд» АҚ және «Сбербанк» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Банк) арасында бұрын жасалған келісім-шарттардың барлығына мүлікті бағалау құнының өзгерісі бөлігінде өзгерту және толықтыру енгізу:
1) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-1 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
2) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-2 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
3) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-3 жабдықты қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
4) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-4 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
5) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-5 айналыстағы және қайта өңделіп жатқан тауарларды қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
6) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-6 айналыстағы және қайта өңделіп жатқан тауарларды қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
7) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-7 айналыстағы және қайта өңделіп жатқан тауарларды қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
8) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-8 айналыстағы және қайта өңделіп жатқан тауарларды қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
9) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-9 автокөлік құралын қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша; 
     б) «АзияАгроФуд» АҚ және Банк арасында Техникалық жабдықтарды кепілге салу туралы келісім-шартты жасасу бойынша «АзияАгроФуд» АҚ-ның міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде келесіні ұсыну:
– 26.03.2013 жылғы № 24 келісім-шарт бойынша сатып алынған және әкелінген IDA 3002CV драже өндіретін технологиялық жабдығы;
– кондитерлік өнеркәсіптіке арналған технологиялық жабдық: 2012 жылдың 20 желтоқсанындағы №212/ALM-2012 сатып алынған және әкелінген SWAKN типті салындысы бар вафляларды өндіруге арналған 1-типті өнеркәсіптік қондырғы.  
6) мәмілелердің жасалған күні: 14.04.15.; 16.04.15.
21.04.2015 16:30:00

«Баян Сұлу» Акционерлік қоғамының мүлкін, осы қоғамның активтерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға кепілге беру (қайта кепілдеу) туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілдеу) туралы шешім қабылдау күні:  
Директорлар кеңесінің 27.03.15 жылғы шешімі, №7 хаттамасы.
2) акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілдеу) күні (келісім-шарт жасалған күні):  14.04.15.; 16.04.15.;
     мүлік кепілге (қайта кепілге) берілетін мерзім:  25.11.15.; 09.06.19.
3)  акционерлік қоғамның кепілге (қайта кепілге) берілетін құны:
     – бұрын жасалған кепілзат келісім-шарттары бойынша мүлікті толық бағалау сомасы: 
415 500 505 теңге;
     – технологиялық жабдықтың құны: 939 180 766 теңге.
4) акционерлік қоғамның кепілге (қайта кепілге) берілетін мүлкін соңғы бағалау күні:
18.12.14.; 19.12.14.; 05.01.15.; 12.01.15.
5) кепілге (қайта кепілге) берілетін мүліктің осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына қатысты пайыздық қатынасы: 7,3%.
21.04.2015 16:00:00

2014 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайында орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, 2014 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның орындаушы органының толық атауы және орналасқан жері:
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы  басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй.
Жиналысты шақырутдың бастамашылары туралы мәліметтер:
«Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Қоға акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны:
2015 жылғы 26 мамыр, жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 30 минут,  Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, мәжіліс залы.
Жиналысқа қаысушыларды тіркеуді бастау уақыты:
жергілікті уақыт бойынша 11 сағат.
Егер алғашқы жиналыс өткізілмесе, қоғам акицонерлерінің қайтадан өткізілетін жалпы жиналысының күні мен уақыты: 2015 жылғы 27 мамыр, жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 30 минут.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімін құрастыру күні: 2015 жылдың 20 сәуірі.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:
         1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Есептік комиссиясының сандық құрамы мен құзыреттілік мерзімін анықтау, мүшелерін сайлау. 
3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2014 жылғы өз қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап беру.
4. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2014 жылғы қаржылық есеп-қисабын бекіту. 
5. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2014 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
6.  Үлесақылар туралы. 
         7. «Баян Сұлу» АҚ-ң Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы.
8. Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгінуі және  оларды қарастыру қорытындылары туралы.
9. «Баян Сұлу» АҚ-ң акционерлеріне Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2014 жыл үшін берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат ұсыну. 
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына арналған күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:
жалпы жиналысқа арналған күн тәртібінің сұрақтары бойынша материалдармен акционерлер 2015 жылғы 15 мамырдан бастап мына мекен-жай бойынша таныса алады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198, ал акционер сұратуды жіберген жағдайда – оған сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберілетін болады.
01.04.2015 16:30:00

«Баян Сулу» АҚ органдарының құрамының өзгеруі туралы ақпарат

1) шешім қабылдаған эмитент органының атауы көрсетілген эмитент органы құрамының өзгеруі туралы шешім қабылдау күні:  Директорлар кеңесінің 30.03.2015 жылғы шешімі, №8 хаттамасы;
2) құрамы өзгерген эмитент органының атауы:  «Баян Сұлу» АҚ басқармасы;
3) эмитент органының құрамына енгізілген өзгертулердің мәні: 
«Баян Сулу» АҚ басқармасының мүшесі Ахметжанов Дулат Даулетбаевичтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«Баян Сулу» АҚ басқармасының құрамына Шаповалова Наталья Николаевна, Қоғамның өндіріс жөніндегі директоры сайланды.
01.04.2015 16:45:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы қоғамның жасауға мүддесі бар мәмілелер жасауы туралы ақпарат

     1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешім қабылдаған күні: Директорлар кеңесінің 26.03.2015 жылғы шешімі, № 6-1 хаттама;
     2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: қолдануға болмайды;
     3) мәміленің мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні: қолдануға болмайды;
     4) мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық арасалмағы: қолдануға болмайды;
     5) мәміленің негізгі мәнді шарттары: «Баян Сұлу» АҚ «АзияАгроФуд» АҚ-мен тауар қоймасында жауапты сақтау келісім-шартын жасау, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ тапсырады, ал «АзияАгроФуд» АҚ келісім-шарттың талаптарына сәйкес тауарларды (ұн, сірне, кебек, астық қалдықтары, жүгері және басқаларын) жауапты сақтауға қабылдайды. Тауарды сақтау бойынша қызметтің құны ҚҚС есепке алғанда айына 800 000 (сегіз жүз мың) теңгені құрайды, келісім-шарттың әрекет ету мерзімі 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
     6) мәмілені жасау күні:01.04.2015.
31.03.2015 15:30:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының өзі мүдделі болып табылатын мәмілелер болып саналатын мәмілелерді жасасу ниеті туралы ақпарат

      «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі 2015 жылғы « 27 » наурызда № 7 хаттамасында көрсетілген қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасуды мақұлдады: 
1) Банкке ұсынылған соңғы бағалау туралы есеп-қисаптардың бағалау құнын көрсетіп, «АзияАгроФуд» АҚ және «Сбербанк» Сбербанк» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Банк) арасында жасалған барлық кепілзат шарттарына мүліктің бағалау құнын өзгерту бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізуді мақұлдады:
1) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-1 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
2) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-2 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) қайта кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
3) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-3 жабдықты қайта кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
4) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-4 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) қайта кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
5) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-5 тауарларды қайта кепілге салу және қайта өңдеу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
6) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-6 тауарларды қайта кепілге салу және қайта өңдеу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
7) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-7 тауарларды қайта кепілге салу және қайта өңдеу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
8) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-8 тауарларды қайта кепілге салу және қайта өңдеу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
9) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-9 автокөлік құралын қайта кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша; 

2) «АзияАгроФуд» АҚ және Банк арасында жасалған Технологиялық жабдықты кепілге салу туралы шарт бойынша «АзияАгроФуд» АҚ міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынуды мақұлдады:
– 26.03.2013 жылғы № 24 келісім-шарт бойынша сатып алынған және әкелінген, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайында орналасқан, IDA 3002CV драже өндіретін технологиялық жабдығы;
– кондитерлік өнеркәсіптіке арналған технологиялық жабдық: 2012 жылдың 20 желтоқсанындағы №212/ALM-2012 сатып алынған және әкелінген, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайында орналасқан, SWAKN типті салындысы бар вафляларды өндіруге арналған 1-типті өнеркәсіптік қондырғы;
– болашақта 06.12.2013 ж. № 104916 келісім-шарты бойынша келіп түсетін, карамельді өндіруге арналған жабдық (соның ішіне MILLETWIST 8012 типті 10 (он) орау автоматы кіреді)
Банктің алдындағы «АзияАгроФуд» АҚ міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретіндегі жалпы бағалау құны 1 695 143 182 теңге құрайды: 
09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО несие желісін ашу туралы келісім:
1) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО_02 шарт;
2) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО_01 шарт;
3) 25.11.2014 жылғы №14-53431-00-КЛ шарт.

27.03.2015 16:00:00

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

     110006 Қостанай қ-сы Бородин к-сі, 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі 26.03.2015 жылы жергілікті уақытпен сағат 11-де өткен отырыста № 6-1 хаттама келесідей шешім қабылдады:

     Қоғамның жасауға мүддесі бар мәмілелер жасау мақұлдансын: «Баян Сұлу» АҚ «АзияАгроФуд» АҚ-мен тауар қоймасында жауапты сақтау келісім-шартын жасау, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ тапсырады, ал «АзияАгроФуд» АҚ келісім-шарттың талаптарына сәйкес тауарларды (ұн, сірне, кебек, астық қалдықтары, жүгері және басқаларын) жауапты сақтауға қабылдайды. Тауарды сақтау бойынша қызметтің құны ҚҚС есепке алғанда айына 800 000 (сегіз жүз мың) теңгені құрайды, келісім-шарттың әрекет ету мерзімі 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін.