Акционерлерге

02.06.2015 11:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының(одан әрі – «Қоғам ») Қоғам мүдделі болып табылатын және нәтижесінде Қоғамның активтерінен бес және одан артық пайызды құрайтын сомаға кепілге/қайта кепілге берілетін ірі мәмілелерді жасасу ниеті туралы ақпарат.

«Баян Сұлу» АҚ-ң Директорлар кеңесі 2015 жылғы «29» мамырдағы шешімімен, № 13 хаттамамен келесі мәмілелерді жасасуды мақұлдады:
1) «Баян Сұлу» АҚ-ң «Сбербанк» АҚ ЕБ-не (одан әрі – «Банк») мынадай шарттарда қаржыландыруды алу үшін жүгінуі:
– Өңдеу өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін және Банк белгілеген нысан бойынша «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ң екінші деңгейлі банктерді банкаралық несиелеу бағдарламасы бойынша жаңғыртылмайтын несиелік желіні ашу туралы тиісті келісім-шартты Банкпен жасасу арқылы 6,0 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 120 ай мерзіміне шақталған 1 500 000 000 (Бір миллиард бес жүз миллион) теңге көлеміндегі жаңғыртылмайтын несиелік желі;

2) «Баян Сұлу» АҚ мен Банк арасындағы өңдеу өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін және Банк белгілеген нысан бойынша «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ң екінші деңгейлі банктерді банкаралық несиелеу бағдарламасы бойынша 6,0 % жылдық пайыз сыйақы мөлшерлемесімен 120 ай мерзіміне шақталған 1 500 000 000 (Бір миллиард бес жүз миллион) теңге көлеміндегі жаңғыртылмайтын несиелік желіні ашу туралы ертеректе жасалған Кепілге қою туралы келісім-шартқа қатысты тиісті қосымша келісімді жасасу арқылы “Баян Сұлу” АҚ-ң Банк алдындағы міндеттемелерін орындауды камтамасыз ету ретінде Банкке кепілге/қайта кепілге ертеректе берілген мүлікті тарату: 
1) 09.06.2014 жылғы № 14-0022ЦО-1 Жылжымайтын мүлікті (тұруға арналмаған) кепілге қою туралы келісім-шарт және қосымша келісімдер.
2) 09.06.2014 жылғы № 14-0022ЦО-2 Жылжымайтын мүлікті (тұруға арналмаған) кепілге қайта қою туралы келісім-шарт және қосымша келісімдер.
3) 09.06.2014 жылғы № 14-0022ЦО-3 Жабдықты кепілге қайта қою туралы келісім-шарт және қосымша келісімдер.
4) 09.06.2014 жылғы № 14-0022ЦО-4 Жылжымайтын мүлікті (тұруға арналмаған) кепілге қайта қою туралы келісім-шарт және қосымша келісімдер.
5) 09.06.2014 жылғы № 14-0022ЦО-5 Айналымдағы және өңделген тауарларды кепілге қайта қою туралы келісім-шарт және қосымша келісімдер.
6) 09.06.2014 жылғы № 14-0022ЦО-6 Айналымдағы және өңделген тауарларды кепілге қайта қою туралы келісім-шарт және қосымша келісімдер.
7) 09.06.2014 жылғы № 14-0022ЦО-7 Айналымдағы және өңделген тауарларды кепілге қайта қою туралы келісім-шарт және қосымша келісімдер.
8) 09.06.2014 жылғы № 14-0022ЦО-8 Айналымдағы және өңделген тауарларды кепілге қайта қою туралы келісім-шарт және қосымша келісімдер.
9) 09.06.2014 жылғы № 14-0022ЦО-9 Автокөлік құралын кепілге қайта қою туралы келісім-шарт және қосымша келісімдер.
10) 02.04.2015 жылғы № 14-0022ЦО-11 Жабдықты кепілге қою туралы келісім-шарт және қосымша келісімдер;
11) 02.04.2015 жылғы № 14-0022ЦО-12 Жабдықты кепілге қою туралы келісім-шарт және қосымша келісімдер;

3) Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені жасасу, атап айтсақ: «Баян Сұлу» АҚ-на толық ынтымақтас кепілдікті ұсыну, сондай-ақ “АзияАгроФруд” АҚ мен Банк арасында жасалған өнеркәсіп саласындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін    қаржыландыру үшін және Банк белгілеген нысан бойынша «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ң екінші деңгейлі банктерді банкаралық несиелеу бағдарламасы бойынша жаңғыртылмайтын несиелік желіні ашу туралы тиісті келісім-шарт бойынша «АзияАгроФуд» АҚ-ң міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде Банкке ертеректе кепілге/қайта кепілге берілген мүлікті таратуды мақұлдау, осы Келісім-шарттың талаптарына сәйкес Банк «АзиАгроФуд» АҚ-на тиісті Кепілдік келісім-шартын және 2 тармағында көрсетілген ертеректе жасалған Кепілдік келісім-шартына қатысты қосымша келісімдерді жасасу арқылы 6,0% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 120 ай мерзіміне 575 000 000 (Бес жүз жетпіс бес миллион) теңге сомасында несиелік желіні ұсынады;

4) Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасу, атап айтсақ:
– «Баян Сұлу» АҚ-ң «АзияАгроФуд» АҚ-на «Сбербанк» АҚ ЕБ-не «Баян Сұлу» АҚ-ң міндеттемелері бойынша келесі жылжымайтын мүлікті: құрама жем зауытының құрылысы үшін бөлінген жер телімін (кадастрлық нөмірі 03-047-532-418), алдағы уақытта пайдалануға қабылданғаннан кейін құрама жем зауытын соттан тыс өткізу құқығымен кепілге беруі туралы жүгінуі, зауыт мына мекен-жай бойынша орналасады: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Новочамолганский а.о., Шамалған бек., Сүйінбай к-сі, 1 үй;
– «АзияАгроФуд» АҚ-ң «Сбербанк» АҚ ЕБ алдындағы барлық жасалған/жасалатын Жаңғыртылмайтын/жаңғыртылатын несиелік желіні ашу туралы келісім-шарттар және барлық несие туралы келісім-шарттар бойынша міндеттемелерін қамтамаыз ету ретінде алдағы уақытта «Баян Сұлу» АҚ-ң меншігіне келіп түсетін карамельді өндіретін жабдықты (соның ішінде MILLETWIST 8012 таңбасының 10 ораушы автоматы), «Баян Сұлу» АҚ-ң тауарлық белгісін, ҚР аумағында айналымдағы тауарларды кепілге/қайта кепілге беру; 

– «Баян Сұлу» АҚ-ң «Сбербанк» АҚ ЕБ алдындағы барлық жасалған/жасалатын Жаңғыртылмайтын/жаңғыртылатын несиелік желіні ашу туралы келісім-шарттар және барлық несие туралы келісім-шарттар бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде алдағы уақытта «Баян Сұлу» АҚ-ң меншігіне келіп түсетін карамельді өндіретін жабдықты (соның ішінде MILLETWIST 8012 таңбасының 10 ораушы автоматы), «Баян Сұлу» АҚ-ң тауарлық белгісін, ҚР аумағында айналымдағы тауарларды кепілге/қайта кепілге беру.

– Өңдеу өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін және Банк белгілеген нысан бойынша «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ң екінші деңгейлі банктерді банкаралық несиелеу бағдарламасы бойынша жаңғыртылмайтын несиелік желіні ашу туралы жаңа келісім-шарт пен 1 500 000 000 (Бір миллиард бес жүз мың) теңге көлеміндегі несие беру туралы келісім-шарттың ауқымында «Баян Сұлу» АҚ-ң «KazFoodproducts» ЖШС-не «Сбербанк» АҚ ЕБ-не «Баян Сұлу» АҚ-ң міндеттемелері бойынша 4 000 000,00 (төрт миллион) АҚШ долл. және 100 000 000,00 (Бір миллион) теңге сомасындағы салымды кепілге беруі туралы жүгінуі.

29.05.2015 15:00:00

«Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша 2014 жылғы дивиндентер төлеу туралы «Баян Сұлу» АҚ-ның жылдық жалпы жиналысының шешімі.

Осы арқылы «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай облысы, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй; ЖСК – KZ11914398412ВС02320, «Ресей Жинақ банкі» АҚ Еншілес Банкінің филиалында; БСК – SABRKZKA; БСН – 930940000055, былай деп хабарлайды: 2015 жылғы 26 мамырда болып өткен «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында Қоғамның жай акциялары бойынша 2014 жылғы дивидендттерді бір жай акция үшін 10 (он) теңге 00 тиын көлемінде төлеу туралы шешім қабылданды (ҰСН – KZ1C24120012).
Дивидендтердің төлене басталатын күні – 2015 жылғы 15 қыркүйек.
Дивидендтерді алуға құқылы акционерлер тізімінің күні – 2015 жылғы 01 қыркүйек.
Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер Қоғамның орналасқан жері бойынша қолма-қол нысанда ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда төленеді.
Дивидендтерді төлеу мерзімі белгіленбейді.

 
 
 
 
29.05.2015 15:00:00

«Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдері туралы ақпарат

1) «Баян Сұлу» АҚ толық атауы және орналасқан жері:
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй
2) акционерлердің жалпы жиналысының өткізілетін күні, уақыты және орны: 
2015 жылғы 26 мамыр, басталуы – жергілікті уақыт бойынша 12 сағ. 30 мин., аяқталуы – 13 сағ. 45 мин.        мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, мәжіліс залы.
3) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:
1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің жалпы жиналысына арналған күн тәртібін       бекіту.
2. Есептеу комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау. 
      3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2014 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
      4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2014 жылғы қаржылық есептілігін бекіту. 
      5. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2014 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
      6. Дивидендтер туралы. 
       7. «Баян Сұлу» АҚ-ның Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы.
       8. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгіну және оларды қарастыру қорытындылары туралы.
    9. Акционерлерді, 2014 жылғы Директорлар кеңесінің және Басқармасының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері мен құрамы туралы хабарландыру. 
4) акционерлердің жалпы жиналысы тарапынан қабылданған шешімдер, дауыс беру қорытындысы (нәтижесі):
Дауыс беру қорытындылары: «Оң» – 3 (үш) дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: 
Қоғамының ірі акционері «KazFoodProducts» ЖШС-ның өкілі Атейбеков Канат Акимжанович – жиналыстың Төрағасы, ал Қоғамның корпоративтік хатшысы Зайцева Светлана Васильевна – жиналыстың хатшысы болып тағайындалсын. 
Күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 714 743 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.                                                                                                  
Қабылданған шешім:
1. Күн тәртібінің мәселелері бойынша дауыс беру нысаны – ашық дауыс беру болып таңдалсын.
      2. Акционерлердің кезекті жиналысының күн тәртібін бекіту:
  1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің жалпы жиналысына арналған күн тәртібін бекіту.
  2. Есептеу комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау. 
        3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2014 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
        4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2014 жылғы қаржылық есептілігін бекіту. 
        5. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2014 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
        6. Дивидендтер туралы. 
         7. «Баян Сұлу» АҚ-ның Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы.
         8. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгіну және оларды қарастыру қорытындылары туралы.
      9. Акционерлерді, 2014 жылғы Директорлар кеңесінің және Басқармасының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері мен құрамы туралы хабарландыру. 
Екінші мәселе бойынша.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 714 743 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ. 
Қабылданған шешім:
1. Келесі құрамдағы 3 адамнан құралған есептеу комиссиясы сайлансын:
Коломейцева С.П.– комиссиясының төрағасы, Қоғамның аға кеңесші заңгері,
Лайконина А.А. – комиссия мүшесі, Қоғамның кәмпит цехының басшысы,
Грунёва Т.В. – комиссия мүшесі, Қоғамның карамель цехының басшысы.
2. Есептеу комиссиясы мүшелерінің өкілеттік мерзімі акционерлердің келесі жылдық жалпы жиналысы өткізілетін күнді қоса алған мерзімге дейін белгіленсін.
Үшінші мәселе бойынша.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 714 743 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ. 
Қабылданған шешім:
Қоғам Басқармасының 2014 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисапты бекіту, Басқарманың жұмысын қанағаттандырарлық деп тану.
Төртінші мәселе бойынша.
Дауыс беру қорытындылары:  «Қолдағандар» – 40 714 743 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ. 
Қабылданған шешім: 
«Баян Сұлу» АҚ-ның 2014 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін:
– қаржылық жағдай туралу есеп-қисап;
– кіріс немесе залал және басқа да жиынтық табыс туралы есеп-қисап;
ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп-қисап;
– капиталдағы өзгеріс туралы есеп-қисап;
– түсініктеме жазбахат.
Бесінші мәселе бойынша. 
Дауыс беру қорытындылары:  «Қолдағандар» – 40 714 743 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ. 
Қабылданған шешім: 
             «Баян Сұлу» АҚ-ның 2014 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша алынған 470 677 589 теңге көлеміндегі      таза табысты бөлу тәртібін бекітілсін:
  – 446 600 000 теңге – «Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша 2014 жылғы дивиндентер төлеуге жіберілсін;
        –    24 077 589 теңге – өндірісті дамытуға жіберілсін.
Алтыншы мәселе бойынша.
Дауыс беру қорытындылары:  «Қолдағандар» – 40 714 743 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ. 
Қабылданған шешім: 
      1.Қоғамның «Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша 2014 жылғы дивидендтерді төлеуге жіберілетін 446 600 000 теңге (орналастырылған жай акциялардың саны – 44 660 000) көлеміндегі 2014 жылғы таза табысының сомасына сүйене отырып, 1 (бір) жай акция үшін есептегенде 2014 жылғы дивиденд көлемі 10 теңге 00 тиын сомасында белгіленсін.
         2. Дивидендтердің төлене басталатын күні 2015 жылғы 15 қыркүйек болып белгіленсін.
         3. Дивидендтерді төлеу мерзімі белгіленбесін.
         4. Дивидендтерді алуға құқылы акционерлер тізімінің күні – 
2015 жылғы 01 қыркүйек болып белгіленсін.
         5. Дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны:
    Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер Қоғамның орналасқан жері бойынша қолма-қол нысанда ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда төленеді.
     6.  «Баян Сұлу» АҚ, дивидендтерді төлеу үшін төлем агентін тартпайды.
7. Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және басқа деректемелері:
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй; ЖСК – KZ11914398412ВС02320, «Ресей Жинақ банкі» АҚ Еншілес Банкінің филиалында; БСК – SABRKZKA; БСН – 930940000055.
    8. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы керек.
   Жетінші мәселе бойынша.
   Дауыс беру қорытындылары:  «Қолдағандар» – 40 714 743 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ. 
Қабылданған шешім:
1. «Баян Сұлу» АҚ-ның Жарғысына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Басқарма Төрағасы – Қоғамның Президенті В.А. Трайбер мырза «Баян Сұлу» АҚ-ның Жарғысына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға қол қоюға уәкілетті етілсін.
Сегізінші мәселе бойынша.
   Дауыс беру қорытындылары:  «Қолдағандар» – 40 714 743 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ. 
Қабылданған шешім:
2014 жылы «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің жүгінбегені туралы ақпарат мәліметке алынсын. 
   Тоғызыншы мәселе бойынша.
   Дауыс беру қорытындылары:  «Қолдағандар» – 40 714 743 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ. 
Қабылданған шешім:
2014 жылғы Директорлар кеңесінің және Қоғам Басқармасының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпаратты мәліметке алынсын.  
5) акционерлердің жалпы жиналысы тарапынан қабылданған шешімдер туралы ақпарат: 
заңнамада және акционерлердің жалпы жиналысымен белгіленген мерзімнің ішінде;
   6) эмитенттің шешімі бойынша басқа да мәліметтер – басқа мәліметтер жоқ.

 
 
 
13.05.2015 16:00:00

«Баян Сұлу» АҚ-ң 27.04.2015 жылы мемлекеттік тіркеуден өткен эмиссиялық құнды қағаздарды шығару проспектіне енгізілген ақпарат

1) эмиссиялық құнды қағаздарды шығару бағыттамасына өзгертулер енгізу үшін негіздеме болып табылатын құнды қағаздарды шығарушы орган шешім қабылдаған күн, шешім қабылдаған органның атауы:
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің 30.03.2015 жылғы шешімі, №8 хаттама; 
2) эмиссиялық құнды қағаздарды шығару бағыттамасына енгізілген өзгертулердің мазмұны (мәні):
Басқарма мүшесі Д.Д. Ахметжановтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына, Басқарманың жаңа мүшесі болып Н.Н. Шаповалованың тағайындалуына, сондай-ақ Қоғамның үлестес тұлғаларының құрамында орын алған өзгерістерге байланысты, «Баян Сұлу» АҚ акциялар шығарылымының даңғылына келесі өзгерістерді енгізеді: «Акционерлік қоғамның алқалық атқарушы органы – Басқарма» атты 12-тармақтың кестесінің жетінші жолағы жаңа оқылымда баяндалады; «Акционерлік қоғамның басқа үлестес тұлғалары туралы мәлімет» атты 18-тармақтың кестесінің «Жеке тұлғалар» бөлімінен №№81-85;96-103 жолақтары алынып тасталды.
05.05.2015 16:30:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені акционерлік қоғамның жасағаны туралы ақпарат.

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні –   Директорлар кеңесінің 28.04.2015 жылғы шешімі, №11 хаттамасы;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні – қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы – қолданылмайды;
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Баян Сұлу» АҚ-ң «KazFoodProducts» ЖШС-мен арада орынжайды қосалқы жалға беру құқығымен мүліктік жалға алу (жалдау) келісім-шартын жасасуы, сол келісім-шартқа сәйкес «Баян Сұлу» АҚ табыстайды, ал «KazFoodProducts» ЖШС ауданы 624,4 ш.м. құрайтын, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Алматы қ-сы, Достық даңғылы, 132 үй, 75 т.е.о., «Сбербанк» АҚ ЕБ-де кепілде тұрған орынжайды уақытша иелік етуге қабылдады. Жалгерлік ақының мөлшері 3 200 000 (үш миллион екі жүз мың) теңгені құрайды, соның ішіне ҚҚС кіреді, келісім-шарт 2016 жылғы 30 сәуірге дейін әрекет етеді;
6) мәміленің жасалған күні –01.05.2015.
29.04.2015 17:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының өзі мүдделі болып табылатын мәмілені жасасу ниеті туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні: Директорлар кеңесінің 28 сәуір 2015 жылғы шешімі, № 11 хаттама;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы: қолданылмайды; 
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Баян Сұлу» АҚ-ң «KazFoodProducts» ЖШС-мен арада орынжайды қосалқы жалға беру құқығымен мүліктік жалға алу (жалдау) келісім-шартын жасасуы, сол келісім-шартқа сәйкес «Баян Сұлу» АҚ табыстайды, ал «KazFoodProducts» ЖШС ауданы 624,4 ш.м. құрайтын, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Алматы қ-сы, Достық даңғылы, 132 үй, 75 т.е.о., «Сбербанк» АҚ ЕБ-де кепілде тұрған орынжайды уақытша иелік етуге қабылдады. Жалгерлік ақының мөлшері 3 200 000 (үш миллион екі жүз мың) теңгені құрайды, соның ішіне ҚҚС кіреді, келісім-шарт 2016 жылғы 30 сәуірге дейін әрекет етеді.
6) мәміленің жасалған күні: тиісті келісім-шарттың болашақта жасалатын күні.
21.04.2015 16:30:00

Қоғам өзі мүдделі болып табылатын мәмілелерді «Баян Сұлу» Акционерлік қоғам тарапынан жасау туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдаған күні:
Директорлар кеңесінің 27.03.15 жылғы шешімі, №7 хаттамасы.
2) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің құны:
     – бұрын жасалған кепілзат келісім-шарттары бойынша мүлікті толық бағалау сомасы: 415 500 505 теңге;
    – технологиялық жабдықтың құны: 939 180 766 теңге.
3) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: 18.12.14.; 19.12.14.; 05.01.15.; 12.01.15.
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы:7,3%.
5) мәмілелердің негізгі елеулі шарттары:
     а) Банкіге ұсынылған соңғы бағалау туралы есеп-қисаптар бойынша бағалау құнын көрсетіп, «АзияАгроФуд» АҚ және «Сбербанк» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Банк) арасында бұрын жасалған келісім-шарттардың барлығына мүлікті бағалау құнының өзгерісі бөлігінде өзгерту және толықтыру енгізу:
1) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-1 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
2) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-2 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
3) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-3 жабдықты қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
4) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-4 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
5) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-5 айналыстағы және қайта өңделіп жатқан тауарларды қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
6) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-6 айналыстағы және қайта өңделіп жатқан тауарларды қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
7) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-7 айналыстағы және қайта өңделіп жатқан тауарларды қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
8) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-8 айналыстағы және қайта өңделіп жатқан тауарларды қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
9) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-9 автокөлік құралын қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша; 
     б) «АзияАгроФуд» АҚ және Банк арасында Техникалық жабдықтарды кепілге салу туралы келісім-шартты жасасу бойынша «АзияАгроФуд» АҚ-ның міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде келесіні ұсыну:
– 26.03.2013 жылғы № 24 келісім-шарт бойынша сатып алынған және әкелінген IDA 3002CV драже өндіретін технологиялық жабдығы;
– кондитерлік өнеркәсіптіке арналған технологиялық жабдық: 2012 жылдың 20 желтоқсанындағы №212/ALM-2012 сатып алынған және әкелінген SWAKN типті салындысы бар вафляларды өндіруге арналған 1-типті өнеркәсіптік қондырғы.  
6) мәмілелердің жасалған күні: 14.04.15.; 16.04.15.
21.04.2015 16:30:00

«Баян Сұлу» Акционерлік қоғамының мүлкін, осы қоғамның активтерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға кепілге беру (қайта кепілдеу) туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілдеу) туралы шешім қабылдау күні:  
Директорлар кеңесінің 27.03.15 жылғы шешімі, №7 хаттамасы.
2) акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілдеу) күні (келісім-шарт жасалған күні):  14.04.15.; 16.04.15.;
     мүлік кепілге (қайта кепілге) берілетін мерзім:  25.11.15.; 09.06.19.
3)  акционерлік қоғамның кепілге (қайта кепілге) берілетін құны:
     – бұрын жасалған кепілзат келісім-шарттары бойынша мүлікті толық бағалау сомасы: 
415 500 505 теңге;
     – технологиялық жабдықтың құны: 939 180 766 теңге.
4) акционерлік қоғамның кепілге (қайта кепілге) берілетін мүлкін соңғы бағалау күні:
18.12.14.; 19.12.14.; 05.01.15.; 12.01.15.
5) кепілге (қайта кепілге) берілетін мүліктің осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына қатысты пайыздық қатынасы: 7,3%.
21.04.2015 16:00:00

2014 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайында орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, 2014 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның орындаушы органының толық атауы және орналасқан жері:
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы  басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй.
Жиналысты шақырутдың бастамашылары туралы мәліметтер:
«Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Қоға акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны:
2015 жылғы 26 мамыр, жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 30 минут,  Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, мәжіліс залы.
Жиналысқа қаысушыларды тіркеуді бастау уақыты:
жергілікті уақыт бойынша 11 сағат.
Егер алғашқы жиналыс өткізілмесе, қоғам акицонерлерінің қайтадан өткізілетін жалпы жиналысының күні мен уақыты: 2015 жылғы 27 мамыр, жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 30 минут.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімін құрастыру күні: 2015 жылдың 20 сәуірі.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:
         1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Есептік комиссиясының сандық құрамы мен құзыреттілік мерзімін анықтау, мүшелерін сайлау. 
3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2014 жылғы өз қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап беру.
4. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2014 жылғы қаржылық есеп-қисабын бекіту. 
5. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2014 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
6.  Үлесақылар туралы. 
         7. «Баян Сұлу» АҚ-ң Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы.
8. Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгінуі және  оларды қарастыру қорытындылары туралы.
9. «Баян Сұлу» АҚ-ң акционерлеріне Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2014 жыл үшін берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат ұсыну. 
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына арналған күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:
жалпы жиналысқа арналған күн тәртібінің сұрақтары бойынша материалдармен акционерлер 2015 жылғы 15 мамырдан бастап мына мекен-жай бойынша таныса алады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198, ал акционер сұратуды жіберген жағдайда – оған сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберілетін болады.
01.04.2015 16:30:00

«Баян Сулу» АҚ органдарының құрамының өзгеруі туралы ақпарат

1) шешім қабылдаған эмитент органының атауы көрсетілген эмитент органы құрамының өзгеруі туралы шешім қабылдау күні:  Директорлар кеңесінің 30.03.2015 жылғы шешімі, №8 хаттамасы;
2) құрамы өзгерген эмитент органының атауы:  «Баян Сұлу» АҚ басқармасы;
3) эмитент органының құрамына енгізілген өзгертулердің мәні: 
«Баян Сулу» АҚ басқармасының мүшесі Ахметжанов Дулат Даулетбаевичтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«Баян Сулу» АҚ басқармасының құрамына Шаповалова Наталья Николаевна, Қоғамның өндіріс жөніндегі директоры сайланды.