Акционерлерге

11.01.2016 16:00:00

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар Кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

   110006, Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан, «Баян Сұлу» Акционерлік қоғамы директорларының кеңесі 06.01.2016 жылы, жергілікті уақыт бойынша сағат 10-да өткен отырыста, №1 хаттама, мынадай шешімдер қабылдады:  

  1. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша: 

«Баян сұлу» АҚ «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-ке (бұдан әрі- «Банк») мынадай талаптармен 2014 жылғы «09» маусымдағы № 14-22214-09-НЖ жаңғыртылатын несие желісін ашу туралы Шарт бойынша қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына, ірі мәміленің өзгеруіне себеп болатын өзгерістер енгізу мақсатында жүгінуі мақұлдансын: 

-қаржыландыру сомасы қаржыландырудың 31.12.2018 ж. дейінгі мерзімімен 2 000 000 000 (екі миллиард) теңгеге дейін өсірілсін, 

  1. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша: 

Мынадай мүлік бойынша кепілдікке салу/ қайта кепілдікке салу шарттарына қосымша келісімдер жасау жолымен ірі мәмілеге өзгертулер енгізілсін: 

  1. Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы, 132-үй, 75 с.о. мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 20:315:020:271, жалпы алаңы – 0,9657 га (үлесі – 0,0067 га) жер учаскесінде орналасқан, жалпы алаңы 624,4  ш.м. тұрғын емес үй жай; 
  2. Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Бородин к., 198-үй мекенжайы бойынша орналасқан: Тірек алаңы 3,27 ш.м., ұзақтығы 2,8844 км, «Орталық» ө/с бастап  РП-10к дейінгі ауа-кәбілді АЖ-10 кВ, негізгі алаңы 713,7 ш.м., жалпы алаңы 791,7 ш.м. автожуу (2-лит.); Негізгі алаңы 1223,4  ш.м., жалпы алаңы 1 254 ш.м жалғастыра салынған жай (1-лит.); Жалпы алаңы 531,6 ш.м. дайын өнім қоймасы (А-лит.); Негізгі алаңы 5429,8 ш.м., жалпы алаңы 6 656,8 ш.м. цех (В-лит.); Жалпы алаңы 975,2 ш.м. темір жол тұйығы (I,II-лит.); Жалпы алаңы 50,1 ш.м. таразы бөлмесі (Ч,Ш.-лит.); Жалпы алаңы 13,4 ш.м. сыйымдылықтар (Ч,Ш.-лит.); Негізгі алаңы 389,8 ш.м. жалпы алаңы 473,2 ш.м. үй-жай (Ц-лит.); Негізгі алаңы 14,9 ш.м. жалпы алаңы 29,8 ш.м. бекет (Х-лит.); Негізгі алаңы 219,8 ш.м. жалпы алаңы 451,6 ш.м. аккумуляторлық бөлме (Т-Т1-Т2.-лит.); Негізгі алаңы 416,1 ш.м. жалпы алаңы 450,5 ш.м. гараж (С-С1-лит.); Негізгі алаңы 469 ш.м. жалпы алаңы 469 ш.м. қойма (М-лит.); Негізгі алаңы 129,7 ш.м., жалпы алаңы 281,2 ш.м. бекет (И-лит.); Жалпы алаңы 15 ш.м. ЖЖМ (З-лит.); Жалпы алаңы 860,7 ш.м. қойма (Ж-лит.); Негізгі алаңы 874 ш.м. жалпы алаңы 882,6 ш.м. қосалқы станция (Е-лит.); Жалпы алаңы 4,3 ш.м. бекет (Д-лит.); Жалпы алаңы 6,1 ш.м. өтетін бөлме (Г-лит.); Негізгі алаңы 22230,5 ш.м., жалпы алаңы 24 692,1 ш.м. өндірістік цех (Б,Б1,Б2,Б3,Б4,Б5,Б6,Б7,Б8,Б9-лит.); Негізгі алаңы 3303,6 ш.м., жалпы алаңы 4 439,2 ш.м. ӘТК ((А), (А1), (А2)-лит.); Негізгі алаңы 636,8 ш.м., жалпы алаңы 682,2 ш.м. (А, А1-лит.) қазандық; Жалпы алаңы 7,08га жер учаскісімен жалпы алаңы 3 527,4 ш.м. дайын өнім қоймасы (PI,PI 1,PI 2-лит.) (кадастрлік нөмірі 12:193:005:033; мақсатты тағайындалуы: кондитерлік фабрикаға қызмет көрсету үшін). 
  3. Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Бородин к., 198-үй. мекенжайы бойынша орналасқанжылжымалы мүлік (жабдық); 
  4. Қостанай қ., Бородин к., 198А-үйі мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі, 12:193:005:2665: 198А/А,а, жалпы алаңы 0,6591 га, жер учаскесінде орналасқан жалпы алаңы 568,1 ш.м. фирмалық сауда орталығы (А,а-лит.); 
  5. IDA 3002CV дражесінің өндірісі бойынша жабдық; 
  6. Карамель өндірісі бойынша (MILLETWIST 8012 10 орау автоматтарын қосқанда) жабдық; 
  7. Жабдық: SWAKN типті салындысы бар вафли өндірісіне арналған қондырғы; 
  8. Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан айналымдағы тауарлар (дайын өнім); 
  9. Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан айналымдағы тауарлар (орап-байлау материалдары); 
  10. Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан айналымдағы тауарлар  (шикізат қоймасы); 
  11. Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан айналымдағы тауарлар (материалдық қойма); 
  12. Қостанай обл., Қостанай қ. мекенжайы бойынша орналасқан көліктік құралдар 41 бірлік санында; 
  13. Тауар белгісіне ерекше құқық. 

   Банк алдында өз міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайында, Банкке мүлікті соттан тыс өткізуге, сондай-ақ Қоғамның барлық ағымдағы шотынан ақшаны акцептісіз шығынға жазу құқығы берілген. 

  1. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша: 

Жасалуында Қоғамның мүддесі бар мәмілені кепілдік туралы шартқа, бұдан бұрын жасалған кепілге салу/ қайта кепілге салу шарттарына қосымша келісімдер жасау, сондай-ақ қаржыландыру шарттарының өзгеруі: осы ақпараттың 2-тармағының 1-13 қосалқы тармақтарында көрсетілген, «АзияАгроФуд» АҚ және Банк арасында жасалған 09.06.2014ж. №14-0022ЦО_02 жаңғыртылатын несие желісін ашу туралы Шарт бойынша қаржылу мерзімін 31.12.2018ж. дейін ұзарту және сыйақы мерзімін  16%-ға дейін өсіруге байланысты «АзияАгроФуд» АҚ Банк алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде кепілге мүлік беру жолымен мәмілені жасау мақұлдансын.

   «АзияАгроФуд» АҚ (Қарыз алушы) Банк алдында өз міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайында, Банкке мүлікті соттан тыс өткізуге, сондай-ақ Қоғамның барлық ағымдағы шотынан ақшаны акцептісіз шығынға жазу құқығы берілген.

06.01.2016 16:30:00

Акционерлік қоғамның Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасу туралы ақпарат

      1) Акционерлік қоғамның органы мәмілені жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 
Директорлар кеңесінің 29.12.2015 жылғы шешімі, №29 хаттама; 
      2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды; 
      3) мәміленің мәні болып табылатын мүлікті бағалау күні: қолданылмайды; 
      4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің осы акционерлік қоғамның жалпы құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды; 
      5) мәміленің негізгі маңызды шарттары: 
   – «Баян Сұлу» АҚ-ның «АзияАгроФуд» АҚ-мен үй-жайды жалға беру шартын жасау, оған келісімді «АзияАгроФуд» АҚ «Баян Сұлу» АҚ-на қызметтік пайдалану үшін, жалпы ауданы 20 ш.м., Алматы обл., Қарасай ауданы, Шамалған ст., Сүйінбай к-сі, 1 мекен-жайы бойынша орналасқан үй-жайды және онда орнатылған және тұрған телефон желісін жалға ұсынады. 
Коммуналдық қызмет көрсету, күзет, телефон байланысы қызметтері үшін төлемдермен үй-жайды пайдаланған үшін жалға беру ақысы айына 5000 (бес мың) теңге құрайды, шарттың қолданылу мерзімі 31.12.2016ж. дейін; 
   – «Баян Сұлу» АҚ-ның «АзияАгроФуд» АҚ-мен 2015ж. 01 ақпандағы № 1-БС Тауар қоймасында сақтау шартына Қосымша келісімді жасау, оған келісімді Шарттың 5 б. 5.1. т. мына редакцияда жазылсын: 
«Шарт екі Тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2016ж. 29 ақпанға дейін қолданылады»; 
      6) мәмілені жасасу күні – 05.01.2016 ж.

30.12.2015 16:00:00

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

110006 Қостанай қ-сы Бородин к-сі, 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі 29.02.2015 жылы жергілікті уақытпен сағат 15-те өткен отырыста № 29 хаттама келесідей шешім қабылдады: 
     Қоғамның оларды жасауда қызығушылығы бар мәмілелерді жасау мақұлдансын: 
     – «Баян Сұлу» АҚ-ның «АзияАгроФуд» АҚ-мен үй-жайды жалға беру шартын жасау, оған келісімді «АзияАгроФуд» АҚ «Баян Сұлу» АҚ-на қызметтік пайдалану үшін, жалпы ауданы 20 ш.м., Алматы обл., Қарасай ауданы, Шамалған ст., Сүйінбай к-сі, 1 мекен-жайы бойынша орналасқан үй-жайды және онда орнатылған және тұрған телефон желісін жалға ұсынады. 
Коммуналдық қызмет көрсету, күзет, телефон байланысы қызметтері үшін төлемдермен үй-жайды пайдаланған үшін жалға беру ақысы айына 5000 (бес мың) теңге құрайды, шарттың қолданылу мерзімі 31.12.2016ж. дейін; 
     – «Баян Сұлу» АҚ-ның «АзияАгроФуд» АҚ-мен 2015ж. 01 ақпандағы № 1-БС Тауар қоймасында сақтау шартына Қосымша келісімді жасау, оған келісімді Шарттың 5 б. 5.1. т. мына редакцияда жазылсын: 
     «Шарт екі Тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2016ж. 29 ақпанға дейін қолданылады».

18.12.2015 17:30:00

«Баян Сұлу» АҚ органдарының құрамының өзгеруі туралы ақпарат

1) шешім қабылдаған эмитент органының атауы көрсетілген эмитент органы құрамының өзгеруі туралы шешім қабылдау күні:

Директорлар кеңесінің 15.12.2015 жылғы шешімі, №25 хаттамасы;

2) құрамы өзгерген эмитент органының атауы: «Баян Сұлу» АҚ Басқармасы;

3) эмитент органының құрамына енгізілген өзгертулердің мәні:

  1. 15 .12. 2015ж. бастап  «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының толық құрамдағы өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды:

   1) Виталий Андреевич Трайбер, Басқарма Төрағасы-«Баян Сұлу» АҚ Президенті

   2) Тимур Мейрханович Садыков, Басқарма Төрағасының орынбасары

   3) Александр Владимирович Пыльский

   4) Турсынбек Турсынгалиевич Шаяхметов

   5) Ольга Викторовна Губарева

   6) Дмитрий Алексеевич Зайцев

   7) Наталья Николаевна Шаповалова.

  1. Басқарманың жаңа толық құрамын сайлауға дейінгі өкілеттік мерзіміне«Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 5 адам санындағы құрамы белгіленді.
  2. «Баян Сұлу»АҚ Басқармасының жаңа құрамына мынадай тұлғалар сайланды:

   1) Тимур Мейрханович Садыков

   2) Турсынбек Турсынгалиевич Шаяхметов

   3) Ольга Викторовна Губарева

   4) Айман Муратовна Мирзахметова

   5) Дулат Даулетбаевич Ахметжанов

  1. Басқарма Төрағасы– «Баян Сулу»АҚ Президенті болып  Тимур Мейрханович Садыков мырза сайланды.
14.12.2015 10:00:00

«Баян Сұлу» АҚ органдарының құрамының өзгеруі туралы ақпарат

1) шешім қабылдаған эмитент органының атауы көрсетілген эмитент органы құрамының өзгеруі туралы шешім қабылдау күні: Директорлар кеңесінің 10.12.2015 жылғы шешімі, №23 хаттамасы;

2) құрамы өзгерген эмитент органының атауы: «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі;

3) эмитент органының құрамына енгізілген өзгертулердің мәні: Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды «Баян Сұлу» АҚ Трайбер Виталий Андреевичтің 07.12.2015 жылдан бастап өзінің ынтасымен.

24.11.2015 17:00:00

03.04.2015 және 02.10.2015 жылғы кезең аралығындағы «Баян Сұлу» Акционерлік қоғамының бағалы қағаздарын орналастыру қорытындысы туралы есеп-қисапты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бекітуі туралы ақпарат

1) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізген мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі;

бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркеуден өткен күні: 2010 жылғы 02 сәуір;

2) шығарылымға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны: 100 000 000 (жүз миллион) жай акция;

бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі:  KZ1C24120012;

3) облигациялар шығарылған жағдайда, солар бойынша номинал құны, айналым мерзімі және өтеу тәртібі, табыс төлеу тәртібі мен мерзімі, ковенанттар және (немесе) шығарылымда көрсетілген өзге шектеулер: қолданылмайды;

4) жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту:

бағалы қағаздар шығарылмына, жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту бөлігінде енгізілген өзгерістердің мемлекеттік тіркеуден өткен күні: 2010 жылғы 02 сәуір;

жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту туралы шешімнің қабылданған күні және осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғамның органының атауы:

 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2010 жылғы 09 наурыздағы шешімі;

бағалы қағаздардың шығарылым аңдатпасына бағалы қағаздардың түрлері бойынша енгізілген тиісті өзгерістер мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жарияланған бағалы қағаздардың саны: 100 000 000 (жүз миллион) жай акция;

5) бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешімнің қабылданған күні:

есеп-қисап кезеңінде бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылданбады;

6) бағалы қағаздардың орналастырыла бастаған күні, бағалы қағаздарды орналастыру шарттары, орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздардың санын және орналастыру тәсілін көрсетумен:  қолданылмайды;

7) бағалы қағаздардың орналастырып аяқталатын күні (орналастырудың есеп-қисап кезеңін көрсетумен), бағалы қағаздардың өтелетін күні:  03.04.2015 жылдан бастап 02.10.2015 жылға дейін бағалы қағаздарды орналастырудың есеп-қисап кезеңі;

8) бағалы қағзадарды орналастыру қорытындысы туралы есеп-қисаптың, өтеу қорытындысы туралы есеп-қисаптың бекітілген күні, есеп-қисап кезеңінде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың саны мен түрін көрсетумен:есеп-қисап 2015 жылғы 11 қараша  айында бекітілді, есеп-қисап кезеңінде акциялар орналастырылмады;

9) есеп-қисап кезеңінде бағалы қағаз ұстаушыларынан акционерлік қоғам тарапынан сатып алынған бағалы қағаздардың саны мен түрі: есеп-қисап кезеңінде «Баян Сұлу» АҚ акциялар сатып алынбады;

10) есеп-қисап кезеңінде акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы мәлімет:   есеп-қисап кезеңінде акционерлерге төленген дивидендтердің сомасы –   70 157 851 теңге;

11) бағалы қағаздар шығарылымының күші жойылған күні, күшін жоюдың негіздемесі: қолданылмайды.

20.10.2015 16:30:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының жасау ниеті туралы ақпараты

1) акционерлік қоғамның органы мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдаған күні: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесінің 20.08.2015 жылғы шешімі, №17   хаттамасы;

2) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің құны:  771 009 164 (жеті жүз жетпіс бір миллион тоғыз мын бір жүз алпыс төрт) теңге ;

3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: 20.04.2015;

4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның    активтерінің жалпы құнының қатынасы:   3,9 %;

 5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:

«Ресей Жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк), «АзияАгроФуд» АҚ және «Баян Сулу» АҚ арасында мүліктік құқық (тауар белгісіне айрықша құқық) кепілі келісім-шартын жасау, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ өзіне меншік құқығында тиесілі мүліктік құқықты (мүлікті): саны 4 бірлік тауар белгілеріне айрықша құқықты, «Баян Сұлу» АҚ тіркелген: 12.11.2003 ж. № 15878,15.09.2009 ж. № 29996, 15.09.2010 ж. № 33802, 19.03.2014 ж. № 44153 куәлік «АзияАгроФуд» АҚ Банк алдында 09.06.2014 ж. кредит желісін ашу туралы № 14-0022ЦО  Келісім, 25.11.2014 ж. жаңартылмайтын кредит желісін ашу туралы № 14-53431-00-КЛ Келісім-шарт, 25.06.2015 ж. жаңартылмайтын кредит желісін ашу туралы № 15-08650-00-КЛ келісім-шарт және/немесе Келісім-шарттар/Қосымша келісімдер (оның аясында жасалған және оның ажырамас бөлігі болып табылатын әрқайсы/кез келген келісім-шарт және/немесе келісім) бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде Банкке кепілдік береді;

6) мәміленің жасалған күн –  19.10.2015.

19.10.2015 17:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының мүлкін, осы қоғамның активтерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға кепілге беру (қайта кепілдеу) туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілдеу) туралы шешім қабылдау күні: Директорлар кеңесінің 20.08.2015 жылғы шешімі, №17 хаттамасы;

2) акционерлік қоғамның мүлкін кепілге (қайта кепілге) беру туралы келісім-шарттардың жасалған күні:  13.10.2015.;

– мүлік кепілге (қайта кепілге) берілетін мерзім: 25.11.2014.-25.11.2015.; 09.06.2014.- 09.06.2019.; 25.06.2015.- 25.06.2025.;

3) акционерлік қоғамның кепілге (қайта кепілге) берілетін құны:  1 441 710 416 теңге;

4) акционерлік қоғамның кепілге (қайта кепілге) берілетін мүлкін соңғы бағалау күні: 02.03.2015.;

5) кепілге (қайте кепілге) берілетін мүліктің осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына қатысты пайыздық қатынасы: 7,2 %.

15.10.2015 17:30:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының жасау ниеті туралы ақпараты.

1) акционерлік қоғамның органы мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдаған күні: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесінің 20.08.2015 жылғы шешімі, №17   хаттамасы;

2) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің құны:  1 441 710 416 теңге ;

3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: 02.03.2015;

4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның   активтерінің жалпы құнының қатынасы:   7,2  %;

5)  мәміленің негізгі елеулі шарттары:

   1) «Ресей Жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк), «АзияАгроФуд» АҚ және «Баян Сұлу»АҚ арасында жылжымалы мүлік кепілі келісім-шартын жасау, соған сәйкес «Баян Сұлу»АҚ 2015 жылғы 25 маусымдағы №15-08650-00-КЛ жаңартылмайтын кредит желісін ашу туралы келісім-шарттың жағдайларына және барлық өзгерістер мен толықтырулармен, оған өзге де келісімдерге сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ Банк алдында міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуде айналымдағы тауарларды (дайын өнім) Банкке кепілдікке береді,

     2) «Ресей Жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк), «АзияАгроФуд» АҚ және «Баян Сулу» АҚ арасында жабдық кепілі келісім-шартын жасау, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ 09.06.2014 ж. кредит желісін ашу туралы № 14-0022ЦО Келісім, 25.11.2014 ж. жаңартылмайтын кредит желісін ашу туралы № 14-53431-00-КЛ Келісім-шарт, 25.06.2015 ж. жаңартылмайтын кредит желісін ашу туралы № 15-08650-00-КЛ келісім-шарт және/немесе Келісім-шарттар/Қосымша келісімдер (оның аясында жасалған және оның ажырамас бөлігі болып табылатын әрқайсы/кез келген келісім-шарт және/немесе келісім) бойынша «АзияАгроФуд» АҚ Банк алдында міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуде MILLETWIST 8012 10 (он) орау автоматтарын қоса алғанда, салындысы бар қалыпталған қатты карамель және карамель орауышының өндірісі бойынша ағымдық желісін Банкке кепілдікке береді;

6) мәміленің жасалған күн –  13.10.2015.