Акционерлерге

31.08.2016 16:00:00

Информация о совершении акционерным обществом сделки, в совершении которой обществом имеется заинтересованность.

15.08.2016 18:00:00

«Баян Сұлу» АҚ директорлар Кеңесімен ірі мәмілені және мәмілені жасалуына қоғамның мүдделілігі бар мақұлдау туралы ақпарат

     110006, Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан, «Баян Сұлу» Акционерлік қоғамы директорларының кеңесі 11.08.2016 жылы, жергілікті уақыт бойынша сағат 10-да өткен отырыста, №17 хаттама, мынадай шешімдер қабылдады: 

  1. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

«Баян сұлу» АҚ «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-ке (бұдан әрі- «Банк») мынадай талаптармен 2014 жылғы «09» маусымдағы № 14-22214-09-НЖ жаңғыртылатын несие желісін ашу туралы Шарт бойынша қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына, ірі мәміленің өзгеруіне себеп болатын өзгерістер енгізу мақсатында жүгінуі мақұлдансын:

-қаржыландыру сомасы қаржыландырудың 30.07.2019 ж. дейінгі мерзімімен 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңгеге дейін өсірілсін,

  1. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Мынадай мүлік бойынша кепілдікке салу/ қайта кепілдікке салу шарттарына қосымша келісімдер жасау жолымен ірі мәмілеге өзгертулер енгізілсін:

  1. Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы, 132-үй, 75 с.о. мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 20:315:020:271, жалпы алаңы – 0,9657 га (үлесі – 0,0067 га) жер учаскесінде орналасқан, жалпы алаңы 624,4 ш.м. тұрғын емес үй жай;
  2. Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Бородин к., 198-үй мекенжайы бойынша орналасқан: Тірек алаңы 3,27 ш.м., ұзақтығы 2,8844 км, «Орталық» ө/с бастап РП-10к дейінгі ауа-кәбілді АЖ-10 кВ, негізгі алаңы 713,7 ш.м., жалпы алаңы 791,7 ш.м. автожуу (2-лит.); Негізгі алаңы 1223,4 ш.м., жалпы алаңы 1 254 ш.м жалғастыра салынған жай (1-лит.); Жалпы алаңы 531,6 ш.м. дайын өнім қоймасы (А-лит.); Негізгі алаңы 5429,8 ш.м., жалпы алаңы 6 656,8 ш.м. цех (В-лит.); Жалпы алаңы 975,2 ш.м. темір жол тұйығы (I,II-лит.); Жалпы алаңы 50,1 ш.м. таразы бөлмесі (Ч,Ш.-лит.); Жалпы алаңы 13,4 ш.м. сыйымдылықтар (Ч,Ш.-лит.); Негізгі алаңы 389,8 ш.м. жалпы алаңы 473,2 ш.м. үй-жай (Ц-лит.); Негізгі алаңы 14,9 ш.м. жалпы алаңы 29,8 ш.м. бекет (Х-лит.); Негізгі алаңы 219,8 ш.м. жалпы алаңы 451,6 ш.м. аккумуляторлық бөлме (Т-Т1-Т2.-лит.); Негізгі алаңы 416,1 ш.м. жалпы алаңы 450,5 ш.м. гараж (С-С1-лит.); Негізгі алаңы 469 ш.м. жалпы алаңы 469 ш.м. қойма (М-лит.); Негізгі алаңы 129,7 ш.м., жалпы алаңы 281,2 ш.м. бекет (И-лит.); Жалпы алаңы 15 ш.м. ЖЖМ (З-лит.); Жалпы алаңы 860,7 ш.м. қойма (Ж-лит.); Негізгі алаңы 874 ш.м. жалпы алаңы 882,6 ш.м. қосалқы станция (Е-лит.); Жалпы алаңы 4,3 ш.м. бекет (Д-лит.); Жалпы алаңы 6,1 ш.м. өтетін бөлме (Г-лит.); Негізгі алаңы 22230,5 ш.м., жалпы алаңы 24 692,1 ш.м. өндірістік цех (Б,Б1,Б2,Б3,Б4,Б5,Б6,Б7,Б8,Б9-лит.); Негізгі алаңы 3303,6 ш.м., жалпы алаңы 4 439,2 ш.м. ӘТК ((А), (А1), (А2)-лит.); Негізгі алаңы 636,8 ш.м., жалпы алаңы 682,2 ш.м. (А, А1-лит.) қазандық; Жалпы алаңы 7,08га жер учаскісімен жалпы алаңы 3 527,4 ш.м. дайын өнім қоймасы (PI,PI 1,PI 2-лит.) (кадастрлік нөмірі 12:193:005:033; мақсатты тағайындалуы: кондитерлік фабрикаға қызмет көрсету үшін). 
  3. Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Бородин к., 198-үй. мекенжайы бойынша орналасқан жылжымалы мүлік (жабдық); 
  4. Қостанай қ., Бородин к., 198А-үйі мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі, 12:193:005:2665:, жалпы алаңы 0,6591 га, жер учаскесінде орналасқан жалпы алаңы 568,1 ш.м. фирмалық сауда орталығы (А,а-лит.); 
  5. IDA 3002CV дражесінің өндірісі бойынша жабдық;
  6. Карамель өндірісі бойынша (MILLETWIST 8012 10 орау автоматтарын қосқанда) жабдық;
  7. Жабдық: SWAKN типті салындысы бар вафли өндірісіне арналған қондырғы;
  8. Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан айналымдағы тауарлар (дайын өнім);
  9. Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан айналымдағы тауарлар (орап-байлау материалдары);
  10. Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан айналымдағы тауарлар (шикізат қоймасы); 
  11. Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан айналымдағы тауарлар (материалдық қойма); 
  12. Қостанай обл., Қостанай қ. мекенжайы бойынша орналасқан көліктік құралдар 41 бірлік санында; 
  13. Тауар белгісіне ерекше құқық.

Банк алдында өз міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайында, Банкке мүлікті соттан тыс өткізуге, сондай-ақ Қоғамның барлық ағымдағы шотынан ақшаны акцептісіз шығынға жазу құқығы берілген.

3 .Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша:

Жасалуында Қоғамның мүддесі бар мәмілені кепілдік туралы шартқа, бұдан бұрын жасалған кепілге салу/ қайта кепілге салу шарттарына қосымша келісімдер жасау, сондай-ақ мүлікті кепілге беру осы ақпараттың 2- тармағының 1-13 қосалқы тармақтарында көрсетілген, Банктің алдындағы «АзияАгроФуд» АҚ міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қаржыландыру талаптарын өзгеруіне байланысты қаржыландыру сомасы 3 000 000 000 (үш миллиард) теңгеге дейін өсірілуі, қаржыландыру мерзімін 2019 жылғы 30 шілдедегі дейін ұзарту және сыйақы мөлшерімен 15%-ке дейін өзгерістіруі 09.06.2014ж. №14-0022ЦО_02 жаңғыртылатын несие желісін ашу туралы Шарты «АзияАгроФуд» және Банк арасында жасалған алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде кепілге мүлік беру жолымен мәмілені жасау мақұлдансын. 

«АзияАгроФуд» АҚ (Қарыз алушы) Банк алдында өз міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайында, Банкке мүлікті соттан тыс өткізуге, сондай-ақ Қоғамның барлық ағымдағы шотынан ақшаны акцептісіз шығынға жазу құқығы берілген

29.07.2016 16:30:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені «Баян Сұлу» АҚ-ның жасағаны туралы ақпарат.

 «Баян Сұлу» АҚ, Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені жасағаны туралы ақпаратты хабарлайды.

1) мәміленің жасалған күні27.07.2016;

2) мәміленің мәні: принтер-сканер-копир (Тауар); мәміле тараптарының атауы: «Баян Сұлу» АҚ және «АзияАгроФуд» АҚ;

3) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні – Директорлар кеңесінің 27.07. 2016 жылғы №.17 шешімі.

22.07.2016 16:00:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелердің жасалуын «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі тарапынан мақұлдау туралы ақпарат.

     «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңе 21. 07.2016 жылы № 16 хаттамасында көрсетілген отырыста Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасуды мақұлдау туралы шешім қабылдады. Мәміленің мәні: «АзияАгроФуд» АҚ және «Сбербанк» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Банк) арасында жасалған барлық кепілзат шарттарына кепілзаттық жылжымайтын мүліктің бағалау құнын өзгерту бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу; «АзияАгроФуд» АҚ-ның Банкпен жылжымайтын мүлік кепілі шартын жасасу бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде 41 305 615 теңге сомасын ұсыну.

01.07.2016 11:30:00

Справка о крупных акционерах по состоянию на 01.07.2016 00:00:00

10.06.2016 16:30:00

«Баян Сұлу» АҚ Акционерлік қоғамның оны жасауға Қоғамның мүдделілігі бар мәміле жасағаны туралы ақпарат.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен бекітілген қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларына № 1 қосымшаның 6-тармағының талаптарын басшылыққа алып, «Баян Сұлу» АҚ Акционерлік қоғамның оны жасауға Қоғамның мүдделілігі бар және келесі көлемде Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын мәміле жасағаны туралы хабарлайды:

   1) 2016 жылғы 08 маусымдағы №/з келісім-шарт;

   2) мәміле мәні: тәртіптелген пайызсыз қайтарылатын қаржылық көмек;

   3) акционерлік қоғам органының мәміле жасағаны туралы шешім қабылдау күні: 2016 жылғы 08 маусымдағы Директорлар кеңесінің шешімі, № 16 хаттама».

30.05.2016 17:00:00

«Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша 2015 жылғы дивиндентер төлеу туралы «Баян Сұлу» АҚ-ның жылдық жалпы жиналысының шешімі.

    Осы арқылы «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай облысы, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй; ЖСК – KZ11914398412ВС02320, «Ресей Жинақ банкі» АҚ Еншілес Банкінің филиалында; БСК – SABRKZKA; БСН – 930940000055, былай деп хабарлайды: 2016 жылғы 26 мамырда болып өткен «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында Қоғамның жай акциялары бойынша 2015 жылғы дивидендттерді бір жай акция үшін 10 (он) теңге 00 тиынкөлемінде төлеу туралы шешім қабылданды (ҰСН – KZ1C24120012).

Дивидендтердің төлене басталатын күні – 2016 жылғы 15 маусым.

Дивидендтерді алуға құқылы акционерлер тізімінің күні – 2016 жылғы 01 маусым.

Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер Қоғамның орналасқан жері бойынша қолма-қол нысанда ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда төленеді.

Дивидендтерді төлеудің аяқталатын мерзімі белгіленбейді».

27.05.2016 17:00:00
  1. «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы органдарының құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат

1) шешім қабылдаушы акционерлік қоғам органының атауы көрсетіліп, акционерлік қоғам органы құрамының өзгертілуі немесе сайлануы (тағайындалуы) жөніндегі шешім шығарылған күн: «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы отырысының шешімі 26  мамыр 2016 жыл;

2) құрамы жаңадан сайланған (тағайындалған) немесе өзгертілген акционерлік қоғам органының атауы:  «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.

3) акционерлік қоғам органы құрамындағы өзгерістер:  орган құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), орган құрамына сайланған (тағайындалған) тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):

– мынадай құрамдағы Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталды:

1.Баймуратов Ерлан Уразгельдиевич,

2.Талгатбек Алихан Кайратбекулы,

  1. Касимов Булат Даулетханович, тәуелсіз директор,
  2. Алдонгаров Сабыр-бек Садыкович, тәуелсіз директор;

– мынадай құрамдағы Директорлар кеңесі сайланды:

  1. Баймуратов Ерлан Уразгельдиевич,
  2. Садыков Тимур Мейрханович,

3.Талгатбек Алихан Кайратбекулы,

  1. Касимов Булат Даулетханович, тәуелсіз директор,
  2. Алдонгаров Сабыр-бек Садыкович, тәуелсіз директор;        

4) акционерлік қоғам органы құрамына енуші әр тұлғаның тегі, есімі, әкесінің есімі (бар болған жағдайда) көрсетілуі арқылы енгізілген өзгерістер қарастырылған акционерлік қоғам органдарының құрамы:

1.Баймуратов Ерлан Уразгельдиевич,

2.Садыков Тимур Мейрханович,

3.Талгатбек Алихан Кайратбекулы,

  1. Касимов Булат Даулетханович, тәуелсіз директор,
  2. Алдонгаров Сабыр-бек Садыкович, тәуелсіз директор;

5) акционерлік қоғамның директорлар кеңесіне сайланған (тағайындалған) мүшеге тиесілі сайлаушы акциялардың акционерлік қоғамның сайлаушы акцияларының жалпы санына пайыздық қатынасы: Талгатбек Алихан Кайратбекулы – 0,1868  %;

 6) акционерлік қоғамның директорлар кеңесіне еншілес ұйымдарда сайланған (тағайындалған) мүшеге тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесімен) аталмыш ұйымдардың таралымдағы акцияларының жалпы санына (жарғылық капиталдағы үлесімен) пайыздық қатынасы:  «Баян Сұлу» АҚ-ның еншілес ұйымдары жоқ.

27.05.2016 17:00:00
  1. «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер жөніндегі ақпарат

1) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының өткізілу күні, уақыты және орны: 2016 жылдың 26 мамыры, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де, аяқталуы – 16 сағат 20 м. мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, мәжіліс залы. 
2) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

  1. Есептік комиссиясының сандық құрамы мен құзыреттілік мерзімін анықтау, мүшелерін сайлау.
  2. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
  3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2015 жылғы өз қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап беру.
  4. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2015 жылғы қаржылық есеп-қисабын бекіту.
  5. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2015 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
  6. Үлесақылар туралы.
  7. «Баян Сұлу» АҚ директорлары Кеңесінің сандық құрамын, оның сайланған мүшелерінің уәкілеттілік мерзімін анықтау, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін орындағаны үшін оларға сыйақылар және өтемақылар төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау.
  8. Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгінуі және оларды қарастыру қорытындылары туралы.
  9. «Баян Сұлу» АҚ-ң акционерлеріне Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2015 жыл үшін берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат ұсыну.
    3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы тарапынан қабылданған шешімдер, дауыс беру қорытындысы (нәтижесі):

1 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

  1. Келесі құрамдағы 3 адамнан құралған есептеу комиссиясы сайлансын: Коломейцева С.П.– комиссиясының төрағасы, Қоғамның аға кеңесші заңгері,

Лайконина А.А. – комиссия мүшесі, Қоғамның кәмпит цехының басшысы,

Грунёва Т.В. – комиссия мүшесі, Қоғамның карамель цехының басшысы.

  1. Есептеу комиссиясы мүшелерінің өкілеттік мерзімі акционерлердің келесі жылдық жалпы жиналысы өткізілетін күнді қоса алған мерзімге дейін белгіленсін. 

2 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту:

  1. Есептік комиссиясының сандық құрамы мен құзыреттілік мерзімін анықтау, мүшелерін сайлау.
  2. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
  3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2015 жылғы өз қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап беру.
  4. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2015 жылғы қаржылық есеп-қисабын бекіту.
  5. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2015 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
  6. Үлесақылар туралы.
  7. «Баян Сұлу» АҚ директорлары Кеңесінің сандық құрамын, оның сайланған мүшелерінің уәкілеттілік мерзімін анықтау, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін орындағаны үшін оларға сыйақылар және өтемақылар төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау.
  8. Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгінуі және оларды қарастыру қорытындылары туралы.
  9. «Баян Сұлу» АҚ-ң акционерлеріне Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2015 жыл үшін берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат ұсыну.
    3 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім: 
«Баян Сұлу» АҚ Басшылығының 2015 жылғы қызметінің нәтижесі туралы Есебін бекіту, Басшылық жұмысын қанағаттанарлық деп тану. 
4 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім: 

«Баян Сұлу» АҚ-ның 2015 жыл бойынша аудиттелген қаржылық есебін мына құрамда бекіту: 
– қаржылық жағдай туралу есеп-қисап; 
– жиынтық кіріс туралы есеп; 
– ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп-қисап; 
– капитал өзгерісі туралы есеп; 
– түсіндірме жазба (қаржылық есептерге қосымша ескертулер).

5 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ-ның 2015 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша 1 752 668 131 теңге сомасында алынған таза кірісті бөлу тәртібі:

– 446 600 000 теңгені «Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша 2015 жылғы дивидендтерін төлеуге бағыттау;

– 1 306 068 131 теңгені өндірісті дамытуға бағыттау. 

6 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

  1. 446 600 000 теңге көлеміндегі «Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша 2015 жылғы дивидендтерін төлеуге бағытталған «Баян Сұлу» АҚ-ның таза кіріс сомасы, 44 660 000 – жарияланған жай акциялардың негізінде, 2015 жыл бойынша 1 (бір) жай акцияға 10 теңге 00 тиын сомасындағы дивиденд көлемін бекіту.
  2. Дивидендтердің төлене басталатын күні 2016 жылғы 15 маусым болып белгіленсін.

3.Дивидендтерді төлеудің аяқталатын мерзімін белгілемеу керек.

  1. Дивидендтерді алуға құқылы акционерлер тізімінің күні – 2016 жылғы 01 маусым болып белгіленсін.

5.Дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны: «Баян Сұлу» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер «Баян Сұлу» АҚ орналасқан жері бойынша қолма-қол нысанда ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда төленеді.

  1. «Баян Сұлу» АҚ, дивидендтерді төлеу үшін төлем агентін тартпайды.
  2. «Баян Сұлу» АҚ атауы, орналасқан жері, банктік және басқа деректемелері:

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй

ЖСК – KZ11914398412ВС02320, «Ресей Жинақ банкі» АҚ Еншілес Банкінің филиалында;

БСК – SABRKZKA

БСН – 930940000055

  1. «Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімі, шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде Қоғам жарғысымен бекітілген бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы керек.

7 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

  1. «Баян Сұлу» АҚ-ның 5 адамнан тұратын Директорлар кеңесінің құрамын бекіту.
  2. Жаңа Директорлар кеңесі сайланатын акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні мерзімі өтетін «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін (– 3 жыл) бекіту.
  3. «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесін мына құрамда сайлау:

1.Баймуратов Ерлан Уразгельдиевич, Қоғамның ірі акционері «KazFoodProducts» ЖШС-нің өкілі.

2.Садыков Тимур Мейрханович, Қоғамның ірі акционері «KazFoodProducts» ЖШС-нің өкілі.

3.Талгатбек Алихан Кайратбекулы, акционер, Қоғамның ірі акционері «KazFoodProducts» ЖШС-нің өкілі.

  1. Касимов Булат Даулетханович – тәуелсіз директор
  2. Алдонгаров Сабыр-бек Садыкович – тәуелсіз директор
  3. «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне, өкілеттік мерзімі аясында штаттық кестемен белгіленген көлем мен шарт бойынша ай сайын өнім өндірудегі өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеу. 

8 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ және оның қызметтік тұлғаларының әрекеттеріне 2015 жылы акционерлер тарапынан жүгінулер болмағандығы жөніндегі ақпаратты ескеру. 

9 мәселе бойынша. Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесі мүшелерінің 2015 жыл бойынша алатын сыйақыларының көлемі мен құрамы жөніндегі ақпаратты ескеру. 

4) акционерлік қоғамның шешімдері бойынша өзге ақпараттар – жоқ.