Акционерлерге

02.05.2017 10:00:00

«Баян Сұлу» АҚ-ң құрметті акционерлері!

      «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 4-тармағына 27.02.2017 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес, дивидендтерді төлеу қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болған кезде жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған кезден бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс. 
      Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу акционердің қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне өзі туралы қажетті мәліметтердің енгізілгенін растайтын құжатпен бірге қоғамға өтініш жасаған кезден бастап тоқсан күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс. 
      Кері жағдайда дивидендтер төленбейтін болады. 
      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, акционерлік қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін тіркеуші ғана жүргізеді және ол ғана эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растай алады. 
      Қазақстанда осындай тіркеуші болып «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ (Бірыңғай тіркеуші) табылады. 
      Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі өз деректемелеріңізді актуалдандыру үшін тікелей «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-на мына мекен-жай бойынша: 050040, Алматы қ-сы, Бостандық ауд., Сәтпаев көш., 30А/3 үйі, эл. поштасы info@tisr.kz , тел./факс: 8 (727) 272-47-60, ішкі 230, немесе Бірыңғай тіркеушінің клиенттерінен бұйрықтар мен өкімдерді қабылдау бойынша өңірлердегі Бірыңғай тіркеушінің қызметтерін көрсететін «Қазпошта» АҚ тұлғасындағы Бірыңғай тіркеушінің трансфер-агентінің облыстық филиалына хабарласыңыз, ол Қостанай қаласында мына мекен-жай бойынша орналасқан: 110000, Қостанай қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 69 үй, тел.: 8(7142)54-94-03, эл.мекен-жайы: aziza.kurmangazieva@kazpost.kz. 
      Трансфер-агенттің өзге филиалдарының мекен-жайларымен, сондай-ақ Тізілімдер жүйесін жүргізу ережелерінің жинағымен және қажетті құжаттардың нысандарымен Сіз Бірыңғай тіркеушінің www.tisr.kz интернет-ресурсында «Байланыстар» және «Клиенттер» тарауында таныса аласыз. 
      Толығырақ кеңес алу үшін сіз қалалық телефоннан 8 800 080 88 80 нөмірі бойынша «жедел желі» телефонына немесе 8 (727) 272-47-60, ішкі 150, 151, 152 нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы Бірыңғай тіркелушінің фронт-кеңсесінің бөліміне хабарласа аласыз, қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін.

19.04.2017 16:30:00

Акцияларды орналастырылмау жөніндегі ақпаратты ескеру туралы

      «Баян Сұлу» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 03 қазаннан бастап 2017 жылғы 02 сәуірге дейін есепті кезең ішінде «Баян Cұлу» АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы ақпаратты ескергенін хабарлайды (ҚР ҰБ 13.04.17 ж. №33-3-03/1729 хат). 2017 жылғы 02 сәуірдегі жағдай бойынша. 
      Қоғамның 55 340 000 (елу бес миллион үш жүз қырық мың) жай акциясы орналастырылмаған.

11.04.2017 11:00:00

Хабарлама.

     Осылайша, «Баян Сұлу» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесі:

– «АзияАгроФуд» АҚ-ң Банк алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін «Сбербанк» АҚ ЕБ-не (бұдан әрі – Банк) Қоғамның мүлкін кепілге беру және Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені жасасуды, сондай-ақ Қоғамның «АзияАгроФуд» АҚ-на ертеректе жасалған Келісімдер мен Кредиттік желі ашу туралы шартқа сәйкес «Баян Сұлу» АҚ міндеттемелері бойынша мүлкін Банкке кепілге беру туралы өтінішін мақұлдау туралы;

– Қоғамның және «АзияАгроФуд» АҚ Банк алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін қосымша кепілзатпен қамтамасыз етумен байланысты ірі мәмілеге өзгертулер енгізуді мақұлдау туралы шешім 2017 жылғы 07 сәуірдегі №8 хаттама қабылдағанын хабарлайды.

03.04.2017 16:00:00

Справка о крупных акционерах по состоянию на 01.04.2017 00:00:00

30.03.2017 16:30:00

Акционерлік қоғам жасаған мәмілелер, қоғамның оларды жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді жасағаны туралы ақпарат

     Осы арқылы «Баян Сулу» АҚ мүдделілік танытылған мәмілелер жасалғандығы жөнінде хабарлайды:

   1) мәміле жасалған күн: 29.03.2017.;

   2) келісім-шарт нөмірі: 134 ;

   3) мәміле мәні: шартта ҚР заңымен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат бар;

   4) акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешімді қабылдау күні: 29.03.2017.

18.03.2017 17:30:00

Акционерлік қоғам жасаған мәмілелер, қоғамның оларды жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді жасағаны туралы ақпарат

     Осы арқылы «Баян Сулу» АҚ мүдделілік танытылған мәмілелер жасалғандығы жөнінде хабарлайды: 
1) мәміле жасалған күн: 17.03.2017.; 
2) келісім-шарт нөмірі: 2; 
3) мәміле мәні: шартта ҚР заңымен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат бар; 
4) акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешімді қабылдау күні: 14.03.2017. 

09.03.2017 10:00:00

Акционерлік қоғам жасаған мәмілелер, қоғамның оларды жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді жасағаны туралы ақпарат

27.02.2017 16:00:00

Хабарлама.

     «Баян Сұлу» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) осы арқылы келесіні хабарлайды. Қоғамның Директорлар Кеңесі қосымша түрде жасалып жатқан Несие желісін ашу туралы келісім және (немесе) Жаңғыртылатын несие желісін ашу туралы шарт және Қарыз алу туралы шарттар бойынша «Жинақ банкі» АҚ ЕБ алдындағы Қоғамның міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Банкіге бұған дейін кепілге берілген «Баян Сұлу» АҚ мүлкін инвестициялық мақсатпен – жабдықты сатып алумен байланыстырылған, Қоғам үшін ірі мәміленің жасалуын мақұлдау туралы 24.02.2017 жылғы шешімді, №3-хаттама, қабылдады.

02.02.2017 16:30:00

Акционерлік қоғам жасаған мәмілелер, қоғамның оларды жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді жасағаны туралы ақпарат

Осы арқылы «Баян Сулу» АҚ мүдделілік танытылған мәмілелер жасалғандығы жөнінде хабарлайды: 
     1) мәміле жасалған күн: 01.02.2017.; 
     2) келісім-шарт нөмірі: 003; 
     3) мәміле мәні: шартта ҚР заңымен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат бар; 
     4) акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешімді қабылдау күні: 27.01.2017.

13.01.2017 16:00:00

Справка о крупных акционерах по состоянию на 01.01.2017 00:00:00