«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2018 жылғы 30 мамыр, басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин., аяқталуы – 16 сағ. 15 мин. мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы;
2) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:
1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің жалпы жиналысына арналған күн тәртібін бекіту.
2. Есептеу комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау.
3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2017 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2017 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.
5. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2017 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
6. Дивидендтер туралы.
7. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгіну және оларды қарастыру қорытындылары туралы.
8. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директор кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2017 жылғы сыйақыларының көлемі мен құрамы туралы хабарлау.
3) акцонерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1-ші сұрақ бойынша.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс.
«Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ,
Қабылданған шешім:
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:
1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің жалпы жиналысына арналған күн тәртібін бекіту.
2. Есептеу комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау.
3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2017 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
4. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2017 жылға арналған қаржылық есептілігін бекіту.
5. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2017 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
6. Дивидендтер туралы.
7. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгіну және оларды қарастыру қорытындылары туралы.
8. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директор кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2017 жылғы сыйақыларының көлемі мен құрамы туралы хабарлау.
2-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
1. 4 адам құрамындағы есеп комиссиясы сайлансын:
Галиева Жанар Турсынбаева, комиссия төрағасы, Қоғамның заң қызметінің бастығы,
Деркач Светлана Николаевна, комиссия мүшесі, Қоғамның бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы,
Грунева Оксана Николаевна, комиссия мүшесі, Қоғамның шоколад цехінің бастығы,
Кункенова Асель Багытовна, комиссия мүшесі, Қоғамның орталық бухгалтериясының аға бухгалтері.
2. Есеп комиссия мүшелерінің өкілеттік мерзімі акционерлердің жылдық жалпы жиналысын 2021 жылы өткізу күніне дейін белгіленсін.
3-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ-ң 2017 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп бекітілсін, Басқарманың жұмысы қанағаттанарлық деп мойындалсын.
4-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ-ң 2017 жыл үшін аудит жүргізілген қаржылық есептілігі мына құрамда бекітілсін:
– қаржылық күйі туралы есеп;
– пайда мен шығын туралы және өзге бірлескен табыс туралы есеп;
– ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;
– капиталдағы өзгеріс туралы есеп;
– түсіндірме хат (қаржылық есептілікке ескертпе).
5-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ-ның 2017 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша алынған
2 257 999 725,62 теңге сомасындағы таза табысты бөлу тәртібі бекітілсін:
– 446 600 000 теңге сомасындағы таза табыстың бөлігі Қоғамның кәдімгі акциялары бойынша дивидендтерді төлеу үшін бағытталсын;
– 1 811 399 725,62 теңге сомасындағы таза табыстың қалған бөлігі бөлінбесін және Қоғамның бөлінбеген пайда шотында қалсын.
6-шы сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
1.«Баян Сұлу» АҚ-ның 2017 жылғы кәдімгі акциялары бойынша дивидендтерді төлеу үшін бағытталатын Қоғамның таза пайдасының 446 600 000 теңге мөлшеріндегі сомасына,
44 660 000 – орналастырылған кәдімгі акциялардың мөлшеріне сүйене отырып, 1 (бір) кәдімгі акция есебінде 10 теңге 00 тиын сомасында 2017 жылғы дивиденд мөлшері бекітілсін.
2. Дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны белгіленсін:
1) дивидендтерді төлеуді бастау күні – 2018 жылғы 27 тамыз күні;
2) дивидендтерді алуға құқылы акционерлер тізімінің күні – 2018 жылғы 16 тамыз күні;
3) «Баян Сұлу» АҚ-ң қарапайым акциялары бойынша дивидендтер «Баян Сұлу» АҚ орналасқан жерде қолма-қол ақшамен және ақшасыз нысанда төленеді.
Дивидендтер Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінде акционердің актуалды деректемелері туралы мәліметтер болған кезде, қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап тоқсан күннен кешіктірмей төленеді.
Акционердің актуалды деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда қарапайым акциялар бойынша дивидендтер акционер Қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесіне қажетті мәліметтер енгізгенін растайтын құжатпен Қоғамға жүгінген сәттен бастап тоқсан күн ішінде төленеді;
4) дивидендтер төлем агентін тартпай-ақ төленеді;
5) «Баян Сұлу» АҚ-ң атауы, орналасқан орны, банктік және өзге деректемелері:
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй
ЖСК – KZ11914398412ВС02320, «Ресей Жинақ банкі» АҚ Еншілес Банкінің филиалында;
БСК – SABRKZKA
БСН – 930940000055.
3. «Баян Сұлу» АҚ-ң қарапайым акциялары бойынша дивидендтер туралы шешім Қоғамның Жарғысында белгіленген бұқаралық ақпарат құралдарында шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жариялансын.
7-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешімдер:
2017 жылы акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты өтініштер жоқ екендігі туралы ақпарат назарға алынсын.
8-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар Кеңесі мен Басқармасының мүшелеріне 2017 жылы төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
4) акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге мәліметтер – жоқ.
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалының орналасқан орнын өзгерістіру туралы хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, пошталық индексі 030010, Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы, 1үй
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Қарағанды филиалының орналасқан орнын өзгерістіру туралы хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, пошталық индексі 100022, Қарағанды қаласы, Мельничная көшесі, 24/8 құрылысы
2017 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы 2017 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан орны: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Жиналысты шақыру бастамашысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының өткізілу күні, уақыты және орны: 2018 жылғы 30 мамыр , жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік – тұрмыстық корпус, акт залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақыттың 14 сағат 00 мин.
Егер бірінші жиналыс өткізілмесе, қоғам акционерлерінің өткізілуі тиіс қайталама жалпы жиналысының өткізілу күні мен уақыты: 2018 жылғы 31 мамыр жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин.
Акционерлердің жалпы жиналысында қатысу құқығы бар акционерлер тізімінің жасалу күні: 2018 жылғы 3 мамыр.
Акционерлердің жалпы жиналысының Күн тәртібі:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының Күн тәртібін бекіту.
2. Есеп комиссиясының сандық құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау.
3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2017 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі.
4. «Баян Сұлу» АҚ 2017 жылғы қаржылық есебін бекіту.
5. «Баян Сұлу» АҚ 2017 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
6. Дивидендтер туралы.
7. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы.
8.. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерін «Баян Сұлу» АҚ Директорлар Кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2017 жылғы сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпараттандыру.
Қоғамның акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен таныстыру тәртібі: акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар акционерлердің танысуы үшін жиналысты өткізу күнінен он күннен кешіктірмей мына мекенжайы бойынша қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198; акционердің сұрауы болған жағдайда – оған сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Жиналысты өткізу тәртібі:
Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке басының куәлігі болуы тиіс. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Жалпы жиналысқа арнайы шақырусыз өзге тұлғалар қатыса алмайды. Мұндай тұлғалар акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеуге ғана құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.
Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды, дауыс беру нысанын айқындайды – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша). Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Жалпы жиналыста дауыс беру келесі жағдайларды қоспағанда «бір акция – бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады:
– Жалпы жиналыста дауыс беру құқығы бар әрбір адамға Жалпы жиналысты өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыстан беруді қоспағанда, “бір акция – бір дауыс” принципі бойынша жүзеге асырылады.
Күн тәртібі, акционерлер сондай өзгертулер туралы жалпы жиналыстың өткізу күніне дейін он бес күннен кешіктірмей хабарланған жағдайда, ірі акционермен немесе директорлар кеңесімен толықтырылу мүмкін. Егер күн тәртібіне өзгертулерді және (немесе) толықтыруларды енгізу үшін жалпы жиналысқа қатысатын және жиналыстың дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтықта кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген болса, онда күн тәртібіне өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізілу мүмкін.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.
Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады.
Жиналыс сәйкестендіріліп өткізіліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35 – 37; 39 – 48; 50 -52; 76-баптары; ҚР ЖС 2008 жылғы 28.12. №8 НҚ 6, 13,15,16, 17-тармақтары.
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар Кеңесі»
Акцияларды орналастырылмау жөніндегі ақпаратты ескеру туралы
«Баян Сұлу» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 03 қазаннан бастап 2018 жылғы 02 сәуірге дейін есепті кезең ішінде «Баян Cұлу» АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы ақпаратты ескергенін хабарлайды (ҚР ҰБ 16.04.18. ж. №33-11-03/2141 хат).
2018 жылғы 02 сәуірдегі жағдай бойынша Қоғамның 55 340 000 (елу бес миллион үш жүз қырық мың) жай акциясы орналастырылмаған.
Ірі акционерлердің анықтамасы
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Астана филиалының орналасқан орнын өзгерістіру туралы хабарлайды: Қазақстан Республикасы, пошталық индексі 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Алаш шоссе, 24.
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
1)Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 08 ақпан 2018 жыл, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 00 мин., аяқталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 55 мин. келесі мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:
1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Есеп комиссиясының жаңа мүшесін сайлау.
3. «Баян Сұлу» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау.
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1-ші сұрақ бойынша.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібін бекіту:
1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Есеп комиссиясының жаңа мүшесін сайлау.
3. «Баян Сұлу» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау.
2-шы сұрақ бойынша.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Қоғамның заң қызметінің бастығы Жанар Турсынбаевна Галиева акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу күнін қоса алғанда өкілдік мерзімімен есеп комиссиясының төрағасы болып сайлансын.
3-ші сұрақ бойынша.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
«Crowe Horwath Nomad» ЖШС «Баян Сұлу» АҚ-ның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып белгіленсін.
4) акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге мәліметтер – жоқ
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес ақпарат акционерлерге және инвесторларға жіберетін мәселелердің тізбесі бойынша акционерлердің жалпы жиналасында және директорлар кеңесі қабылданған
Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан орны: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Жиналысты шақыру бастамашысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының өткізілу күні, уақыты және орны:
2018 жылғы 08 ақпан, жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік – тұрмыстық корпус, мәжіліс залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақыттың 14 сағат 00 мин.
Егер бірінші жиналыс өткізілмесе, қоғам акционерлерінің өткізілуі тиіс қайталама жалпы жиналысының өткізілу күні мен уақыты: 2018 жылғы 09 ақпан, жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин.
Акционерлердің жалпы жиналысында қатысу құқығы бар акционерлер тізімінің жасалу күні: 2018 жылғы 08 қаңтар.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:
- «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2.Есеп комиссиясының жаңа мүшесін сайлау.
3.«Баян Сұлу» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу.
Қоғамның акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен таныстыру тәртібі: акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар акционерлердің танысуы үшін жиналысты өткізу күнінен он күннен кешіктірмей мына мекенжайы бойынша қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198; акционердің сұрауы болған жағдайда – оған сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Жиналысты өткізу тәртібі:
Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке басының куәлігі болуы тиіс. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Жалпы жиналысқа арнайы шақырусыз өзге тұлғалар қатыса алмайды. Мұндай тұлғалар акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеуге ғана құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.
Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды, дауыс беру нысанын айқындайды – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша). Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Жалпы жиналыста дауыс беру келесі жағдайларды қоспағанда «бір акция – бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады:
– Жалпы жиналыста дауыс беру құқығы бар әрбір адамға Жалпы жиналысты өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыстан беру.
Күн тәртібі, акционерлер сондай өзгертулер туралы жалпы жиналыстың өткізу күніне дейін он бес күннен кешіктірмей хабарланған жағдайда, ірі акционермен немесе директорлар кеңесімен толықтырылу мүмкін. Егер күн тәртібіне өзгертулерді және (немесе) толықтыруларды енгізу үшін жалпы жиналысқа қатысатын және жиналыстың дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтықта кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген болса, онда күн тәртібіне өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізілу мүмкін.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.
Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады.
Жиналыс сәйкестендіріліп өткізіліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35 – 37; 39 – 48; 50 -52-баптары; ҚР ЖС 2009 жылғы 28.12. №8 НҚ 13,15,16, 17-тармақтары.