Акционерлерге

19.02.2019 09:00:00 «Баян Сұлу» АҚ несиегерлері мен акционерлерінің назарына!

Қоғамның Басқармасы орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 үй) 15 сағ. 00 мин. 2019 жылғы 18 ақпанда өткен «Баян Сұлу» АҚ (бұдан әрі «Қоғам») акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы жасауда Қоғамның мүдделілігі бар ірі мәмілеге өзгерістер енгізуді мақұлдау туралы шешім қабылдады.

17.01.2019 16:45:00 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан орны: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды бастаушысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны:
2019 жылғы 18 ақпан, жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік – тұрмыстық корпус, мәжіліс залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақыттың 14 сағат 30 мин.
Егер өткізілуі тиіс бірінші жиналыс өткізілмеген болса, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қайта өтетін күні, уақыты және орны: 2019 жылғы 19 ақпанда 15 сағат 00 мин. жергілікті уақытпен.
Акционерлік қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2019 жылғы 25 қаңтар.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен бұрыннан жасаған «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесінің өзгертулер енгізу туралы.
3. Басқарма Төрағасы – Қоғамның Президенті Садыков Тимур Мейрханович мырзаға және/немесе Қоғамның қаржылық директоры Губарева Ольга Викторовна ханымға Келісімдерге, Шарттарға, оның ауқымында жасалатын барлық/кез-келген шарттарға және/немесе келісімдерге, сондай-ақ Келісімдердің, Шарттардың, Кепілзат шарттарының, Кепілдік шартының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымша келісімдерге және осы шешімді орындау үшін қажетті өзге құжаттарға қол қою құзыретін беру.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:
акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар акционерлердің танысуы үшін жиналысты өткізу күнінен он күннен кешіктірмей мына мекенжайы бойынша қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198; акционердің сұрауы болған жағдайда – оған сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі:
Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке басының куәлігі болуы тиіс. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Жалпы жиналысқа арнайы шақырусыз өзге тұлғалар қатыса алмайды. Мұндай тұлғалар акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеуге ғана құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.
Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды, дауыс беру нысанын айқындайды – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша). Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Әрбір акционердің бір дауысы болғанда, ал шешім қатысушылардың жай көпшілігімен қабылданғанда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (президиумнің) төрағасын және хатшысын сайлау мәселесі жөнінде дауыс беруді қоспағанда осы қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру «бір акция – бір дауыс» қағидасы бойынша жүзеге асырылады.
Осы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша шешімдері дауыс беруге қатысатын жалпы дауыс беруші акциялардың жай көпшілігімен қабылданады.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін:
1) өздігінен немесе басқа акционерлермен жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да артық пайызына ие болатын акционерлермен немесе қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналысты өткізу күніне дейін кемінде он бес күн бұрын хабарланған шарты сақталғанда директорлар кеңесімен ұсынылған толықтырулар;
2) оларды енгізу үшін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беруші акцияларының жиынтығында кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген өзгерістер және (немесе) толықтырулар.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.
Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сәйкестілікте жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-37; 39-48;50-52-баптары; ҚР ЖС 2009 жылғы 28.12. №8 НҚ 13,15,16, 17-тармақтары.

26.12.2018 15:30:00 Акционерлік қоғамы ірі мәмілелерді жасалғаны туралы ақпарат

Ақпарат

30.11.2018 14:00:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2018 жылғы 29 қараша, басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 15 сағ. 35 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:
1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. «Сбербанк» АҚ ЕБ бұрын жасалған, жасасуда Қоғамның мүдделігі бар «Баян Сұлу» АҚ ірі мәміленің шарттарына өзгерістер енгізу туралы.
3. Қоғамның Басқарма Төрағасы – Президенті Садықов Тимур Мейрханұлы мырзаға және/немесе Қоғамның қаржылық директоры Губарева Ольга Викторовна ханымға Келісімге, Шарттарға, оның ауқымында жасалатын барлық/кез-келген шарттарға және/немесе келісімдерге, сондай-ақ Келісімнің, Шарттардың, Кепілзат шарттарының, Кепілдік шарттарының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымша келісімдерге, оларға қатысты қосымша келісімдерге және осы шешімді орындау үшін қажет өзге құжаттарға қол қою құзыретін беру.
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1-ші сұрақ бойынша.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 765 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібін бекіту:
1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. «Сбербанк» АҚ ЕБ бұрын жасалған, жасасуда Қоғамның мүдделігі бар «Баян Сұлу» АҚ ірі мәміленің шарттарына өзгерістер енгізу туралы.
3. Қоғамның Басқарма Төрағасы – Президенті Садықов Тимур Мейрханұлы мырзаға және/немесе Қоғамның қаржылық директоры Губарева Ольга Викторовна ханымға Келісімге, Шарттарға, оның ауқымында жасалатын барлық/кез-келген шарттарға және/немесе келісімдерге, сондай-ақ Келісімнің, Шарттардың, Кепілзат шарттарының, Кепілдік шарттарының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымша келісімдерге, оларға қатысты қосымша келісімдерге және осы шешімді орындау үшін қажет өзге құжаттарға қол қою құзыретін беру.
2-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 765 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сулу» АҚ-тың жасалуында Қоғамның мүдделілігі бар ірі мәміле талаптарына төмендегілермен байланысты өзгертулерді енгізу мақұлдансын:
1) Жаңғырмалы несие желісін ашу туралы 09.06.2014 жылғы № 14-22214-09-КЛ Шарты бойынша Қоғам міндеттемелері бойынша қаржыландыру талаптарын мынадай шарттармен өзгерту (қаржыландыру мерзімін ұзарту): әрекет ету мерзімі 31.12.2021 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10,5% -дан 11,5%- ға дейін, 4 000 000 000 теңге мөлшеріндегі несие желісі, кепіл шарттарына өзгерістерін енгізуді мақұлдау және «АзияАгроФуд» АҚ-қа Қоғам міндеттемелері бойынша «АзияАгроФуд» АҚ-тың бұдан бұрын кепілге берілген мүлкін тарату туралы өтінішін мақұлдау, Қоғамның «АзияАгроФуд» АҚ және «Sweet City» ЖШС-ке несиелендіру мерзімінің артуына байланысты Қоғам міндеттемелері бойынша «АзияАгроФуд» АҚ және «Sweet City» ЖШС ұсынылған кепілдікке өзгертулер енгізу туралы өтініштерін мақұлдау;
2) Жаңғырмалы несие желісін ашу туралы 09.06.2014 жылғы № 14-0022ЦО_02 Шарты бойынша «АзияАгроФуд» АҚ қаржыландыру талаптарының өзгеруіне байланысты (қаржыландыру мерзімін ұзарту) «АзияАгроФуд» АҚ міндеттемелері бойынша Қоғамның бұдан бұрын берілген кепілдерін және кепілдіктерін таратуды мақұлдау: мерзімі 31.12.2021 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі 10,5% -дан 11,5% – ға дейін, 3 000 000 000 теңге мөлшеріндегі несие желісі.
3-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 765 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Қоғамның Басқарма Төрағасы – Президенті Садықов Тимур Мейрханұлы мырзаға және/немесе Қоғамның қаржылық директоры Губарева Ольга Викторовна ханымға Келісімге, Шарттарға, оның ауқымында жасалатын барлық/кез-келген шарттарға және/немесе келісімдерге, сондай-ақ Келісімнің, Шарттардың, Кепілзат шарттарының, Кепілдік шарттарының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымша келісімдерге, оларға қатысты қосымша келісімдерге және осы шешімді орындау үшін қажет өзге құжаттарға қол қою құзыреті берілсін.
4) акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге мәліметтер – жоқ

29.11.2018 15:45:00 «Баян Сұлу» АҚ акционерлері мен несиегерлерінің назарына!

Қоғамның Басқармасы орналасқан жері байынша (Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы,Бородин көш., 198 үй) 2018 жылғы 29 қарашада өткен «Баян Сұлу» АҚ (бұдан әрі «Қоғам») акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы жасауда Қоғамның мүдделілігі бар ірі мәміленің шарттарына өзгерістер енгізуді мақұлдау туралы шешім қабылдады.

09.11.2018 11:30:00 Акционерлік қоғамның мүлкін осы акционерлік қоғам активтерінің бес және одан да артық пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру туралы ақпарат.

Ақпарат

28.11.2018 15:00:00 Акционерлік қоғамның мүлкін осы акционерлік қоғам активтерінің бес және одан да артық пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру туралы ақпарат.

Ақпарат

26.11.2018 14:00:00 Акционерлік қоғамның мүлкін осы акционерлік қоғам активтерінің бес және одан да артық пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру туралы ақпарат.

Ақпарат

23.11.2018 14:30:00 Акционерлік қоғамның мүлкін осы акционерлік қоғам активтерінің бес және одан да артық пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру туралы ақпарат.

Акпарат

21.11.2018 14:00:00 Акционерлік қоғамның мүлкін осы акционерлік қоғам активтерінің бес және одан да артық пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру туралы ақпарат.

Акпарат