Акционерлерге

15.05.2019 16:30:00 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің 2018 жылғы жұмыс қорытындылары туралы жалпы жылдық жиналысына шақыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198 мекенжай бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы 2018 жылғы жұмыс қорытындылары туралы жалпы жылдық жиналысына шақыру туралы хабарлайды.

Қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын шақыруды бастаушысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы өтетін күні, уақыты және орны:
2019 жылғы 18 маусымда жергілікті уақытпен 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақытпен 14 сағат 30 минут.
Егер бірінші жиналыс өткізілмеген болса, қоғам акционерлерінің өткізілуі тиіс жалпы жиналысы қайта өтетін күні және уақыты:
2019 жылғы 19 маусымда, жергілікті уақытпен 15 сағат 00 минут.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні:2019 жылғы 23 мамыр.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.
2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2018 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2018 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.
4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2018 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту,
кәдімгі акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Баян Сұлу» АҚ бір кәдімгі акциясының есеппен дивиденд өлшемін бекіту.
5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2018 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
7. «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ өз міндеттерін орындағаны үшін Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы және шығындарды өтеу мөлшері мен жағдайларын анықтау.
8. Жасауда мүделілігі бар ірі мәмілені «Баян Сұлу» АҚ жасау туралы.
9.«Сбербанк» АҚ ЕБ бұрын жасалған, Қоғаммен жасауда мүделілігі бар «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу туралы.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:
акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар жиналыс өткізу күніне дейін он күннен кешіктірмей акционерлерге танысу үшін мына мекенжайы бойынша қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198; акционер сұранысы болғанда – сұраныс алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жолданатын болады.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын өткізу тәртібі:
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысын ашу үшін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге тұлғаны куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционер өкілі акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысу және дауыс беру өкілеттігін растайтын сенімхат ұсынуы тиіс.
Тіркелмеген Акционер (Акционердің өкілі) кворум анықталғанда есептелмейді және оның дауыс беруге қатысу құқығы жоқ.
Жалпы жиналыста арнайы шақырылмаған басқа тұлғалар қатыса алмайды. Ондай тұлғалардың акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеу құқығы бар.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болғанда жарияланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыс ашылу уақытын өзгертуге қарсы болмаған жағдайды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы жарияланған уақыттан бұрын ашылуы мүмкін емес.
Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасы (президиумі) мен хатшысын сайлауды жүргізеді, ашық немесе (бюллетеньдер бойынша) жасырын – дауыс беру нысанын анықтайды. Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Осы акционерлердің жалпы жылдық жиналысында дауыс беру мына жағдайларды қоспағанда «бір акция – бір дауыс» қағидаты бойынша жүргізіледі:
2) акционерлердің жалпы жылдық жиналысының төрағасы (президиумі) мен хатшысын сайлау жөніндегі мәселе бойынша дауыс беру, әрбір акционердің бір дауысы бар болғанда, ал шешім қатысқандар санынан қарапайым дауыс көпшілігімен қабылданатын болғанда;
2) директорлар кеңесінің мүшелерін сайлаған кезде жинақтамалы дауыс бергенде;
Жинақтамалы дауыс берген кезде акциялар бойынша берілетін дауыстар акционермен директорлар кеңесінің мүшелеріне бір кандидат үшін берілуі немесе директорлар кеңесінің мүшелеріне бірнеше кандидаттар арасында бөлінуі мүмкін. Ең көп дауыс мөлшерін алған кандидаттар директорлар кеңесіне сайланған деп танылады.
Егер акционерлердің жалпы жиналысында тікелей жүргізілетін дауыс беру жасырын тәсілімен жүзеге асырылатын болса, жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер дауыс берілуі жасырын тәсілімен жүзеге асырылатын әрбір мәселе бойынша бөлек құрастырылуы тиіс. Бұл арада тікелей жасырын дауыс беруге арналған бюллетень келесіні қамтуы тиіс:
1) мәселе берілісі немесе оның жиналыс күн тәртібіндегі реттік нөмірі;
2) мәселе бойынша «қолдау», «қарсы», «қалыс қалған» сөздерімен белгіленген дауыс беру нұсқалары немесе қоғам органдарына әрбір кандидат жөнінде дауыс беру нұсқалары;
3) акционерге тиесілі дауыс саны.
Акционер өзі бюллетеньге қол қоямын, соның ішінде заңнамаға сәйкес қоғамға оған тиесілі акцияларды сатып алу туралы талап ету мақсатында қалауы болған жағдайларды қоспағанда акционер тікелей жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қоймайды.
Тікелей жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер бойынша дауыстарды есептеген кезде дауыс беруші бюллетеньмен белгіленген дауыс беру тәртібі сақталған және дауыс беру нұсқаларының біреуі ғана белгіленген мәселелер бойынша дауыстар ескеріледі
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін:
1) өздігінен немесе басқа акционерлермен жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да артық пайызына ие болатын акционерлермен немесе қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналысты өткізу күніне дейін кемінде он бес күн бұрын хабарланған шарты сақталғанда директорлар кеңесімен ұсынылған толықтырулар;
2) оларды енгізу үшін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беруші акцияларының жиынтығында кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген өзгерістер және (немесе) толықтырулар.
Жалпы жиналыстың күн тәртіпке енгізілмеген мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында төрағаның қарастырылатын мәселе бойынша пікірталасты тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс беру тәсілін өзгерту туралы ұсынысты дауыс беруге шығару құқығы бар.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселені талқылауға қатысу құқығы бар тұлғаларға кедергі жасау құқығы жоқ, осындай сөйлеу сөздері акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соқтыратын немесе осы мәселе жөнінде пікірталас тоқтатылған жағдайлар кірмейді.
Акционерлердің жалпы жиналысының өз жұмысында үзіліс жасау және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, соның ішінде Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жеке мәселелерін қарауды келесі күнге қалдыру туралы шешім қабылдау құқығы бар.
Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарағаннан және олар бойынша шешім қабылдағаннан кейін ғана жабылған деп жариялуы мүмкін.
Дауыс беру нәтижелері бойынша есептеу комиссиясы дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы жасайды және оған қол қояды.
Акционердің дауыс беруге шығарылған мәселе жөнінде ерекше пікірі болған кезде қоғамның есептеу комиссиясы хаттамаға тиісті жазу енгізуге міндетті.
Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысын жапқаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құрастырылады және қолдары қойылады.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы сәйкестілікте жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 22, 23; 35 – 37; 39 – 48; 50 -52; 68-73-баптары, ҚР ЖС 28.12.2009ж. №8 НҚ 13,15,16, 17,19,20-тармақтары.

24.04.2019 16:45 Акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы ақпарат

Ақпарат

24.04.2019 16:45 Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасасу жөніндегі шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

Ақпарат

16.04.2019 16:30:00 Эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру.

Ақпарат

16.04.2019 10:00:00 Акционерлік қоғамы ірі мәмілелерді жасалғаны туралы ақпарат

Ақпарат

05.03.2019 10:00:00 Акционерлік қоғамы ірі мәмілелерді жасалғаны туралы ақпарат

Ақпарат

19.02.2019 14:30:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2019 жылғы 18 ақпан, басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 15 сағ. 45 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.

2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:
1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен бұрыннан жасаған «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесінің өзгертулер енгізу туралы.
3. Қоғамның Басқарма Төрағасы – Президенті Садықов Тимур Мейрханұлы мырзаға және/немесе Қоғамның қаржылық директоры Губарева Ольга Викторовна ханымға Келісімге, Шарттарға, оның ауқымында жасалатын барлық/кез-келген шарттарға және/немесе келісімдерге, сондай-ақ Келісімнің, Шарттардың, Кепілзат шарттарының, Кепілдік шарттарының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымша келісімдерге, оларға қатысты қосымша келісімдерге және осы шешімді орындау үшін қажет өзге құжаттарға қол қою құзыретін беру.

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 745 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: Жалпы кезектен тыс акционерлердің жиналысын күн тәртібі бекітілсін:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен бұрыннан жасаған «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесінің өзгертулер енгізу туралы.
3. Басқарма Төрағасы – Қоғамның Президенті Садыков Тимур Мейрханович мырзаға және/немесе Қоғамның қаржылық директоры Губарева Ольга Викторовна ханымға Келісімдерге, Шарттарға, оның ауқымында жасалатын барлық/кез-келген шарттарға және/немесе келісімдерге, сондай-ақ Келісімдердің, Шарттардың, Кепілзат шарттарының, Кепілдік шартының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымша келісімдерге және осы шешімді орындау үшін қажетті өзге құжаттарға қол қою құзыретін беру.

2-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 745 дауыс. «Қарсы болғандар – жоқ.«Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сулу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулердің енгізілуі мақұлдансын.

3-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 745 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Қоғамның Басқарма Төрағасы – Президенті Садықов Тимур Мейрханұлы мырзаға және/немесе Қоғамның қаржылық директоры Губарева Ольга Викторовна ханымға Келісімге, Шарттарға, оның ауқымында жасалатын барлық/кез-келген шарттарға және/немесе келісімдерге, сондай-ақ Келісімнің, Шарттардың, Кепілзат шарттарының, Кепілдік шарттарының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымша келісімдерге, оларға қатысты қосымша келісімдерге және осы шешімді орындау үшін қажет өзге құжаттарға қол қою құзыреті берілсін.

19.02.2019 14:30:00 Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасасу жөніндегі шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

Мәміленің шешімі_190219_1354_

19.02.2019 09:00:00 «Баян Сұлу» АҚ несиегерлері мен акционерлерінің назарына!

Қоғамның Басқармасы орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 үй) 15 сағ. 00 мин. 2019 жылғы 18 ақпанда өткен «Баян Сұлу» АҚ (бұдан әрі «Қоғам») акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы жасауда Қоғамның мүдделілігі бар ірі мәмілеге өзгерістер енгізуді мақұлдау туралы шешім қабылдады.

17.01.2019 16:45:00 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан орны: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды бастаушысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны:
2019 жылғы 18 ақпан, жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік – тұрмыстық корпус, мәжіліс залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақыттың 14 сағат 30 мин.
Егер өткізілуі тиіс бірінші жиналыс өткізілмеген болса, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қайта өтетін күні, уақыты және орны: 2019 жылғы 19 ақпанда 15 сағат 00 мин. жергілікті уақытпен.
Акционерлік қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2019 жылғы 25 қаңтар.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен бұрыннан жасаған «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесінің өзгертулер енгізу туралы.
3. Басқарма Төрағасы – Қоғамның Президенті Садыков Тимур Мейрханович мырзаға және/немесе Қоғамның қаржылық директоры Губарева Ольга Викторовна ханымға Келісімдерге, Шарттарға, оның ауқымында жасалатын барлық/кез-келген шарттарға және/немесе келісімдерге, сондай-ақ Келісімдердің, Шарттардың, Кепілзат шарттарының, Кепілдік шартының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымша келісімдерге және осы шешімді орындау үшін қажетті өзге құжаттарға қол қою құзыретін беру.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:
акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар акционерлердің танысуы үшін жиналысты өткізу күнінен он күннен кешіктірмей мына мекенжайы бойынша қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198; акционердің сұрауы болған жағдайда – оған сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі:
Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке басының куәлігі болуы тиіс. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Жалпы жиналысқа арнайы шақырусыз өзге тұлғалар қатыса алмайды. Мұндай тұлғалар акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеуге ғана құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.
Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды, дауыс беру нысанын айқындайды – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша). Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Әрбір акционердің бір дауысы болғанда, ал шешім қатысушылардың жай көпшілігімен қабылданғанда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (президиумнің) төрағасын және хатшысын сайлау мәселесі жөнінде дауыс беруді қоспағанда осы қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру «бір акция – бір дауыс» қағидасы бойынша жүзеге асырылады.
Осы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша шешімдері дауыс беруге қатысатын жалпы дауыс беруші акциялардың жай көпшілігімен қабылданады.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін:
1) өздігінен немесе басқа акционерлермен жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да артық пайызына ие болатын акционерлермен немесе қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналысты өткізу күніне дейін кемінде он бес күн бұрын хабарланған шарты сақталғанда директорлар кеңесімен ұсынылған толықтырулар;
2) оларды енгізу үшін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беруші акцияларының жиынтығында кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген өзгерістер және (немесе) толықтырулар.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.
Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сәйкестілікте жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-37; 39-48;50-52-баптары; ҚР ЖС 2009 жылғы 28.12. №8 НҚ 13,15,16, 17-тармақтары.