Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының эпидемиологиялық жағдайын жақсарту жөнінде тапсырмасына сәйкес Covid-19 вирусына ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында «Баян Сұлу» АҚ-нда 29.04. және 30.04. күндері фабрика жұмыскерлеріне ерікті екпе егу жүргізіледі. Екпе егуді Қостанай қ. 1-ші емханасының медициналық қызметкерлері жүргізеді.
«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасының ұжымы Қостанай қаласы әкімдігінің жалпықалалық санитарлық тазалау күніне қатысу үшін шақыруына үндесіп, фабриканың іргелес аумақтарын жинастыру жөнінде экологиялық іс-шараларды ұйымдастырды.
«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасының өкілдері азық-түлік, сусындар мен шикізатты өндіру үшін Мәскеу қ. 28-ші халықаралық ПРОДЭКСПО-2021 көрмесіне барып қайтты. Көрмеге біздің қатысуымыз дәстүр болып қалыптасты: жаңа серіктестер, іскерлік байланыстар - халықаралық нарықта біздің елімізді лайықты түрде көрсетіп ұсынамыз!
Үш дәм: Milk – сүтті, Classic – 49% какао қосылған классикалық және Dark – какао мөлшері кемінде 82% қоңыр шоколад дәмі таңдаулы үш түсті қаптамасында: бірегей күлгін, классикалық қоңыр және игілікті қара.
«Баян Сұлу» АҚ кәсіпорнында 2020 жылғы 22 желтоқсан күні еңбектегі жоғары жетістіктер мен жұмыстағы елеулі үлес үшін марапаттау қағаздары мен сыйлықақы табысталды. Іс-шара ковидке қарсы барлық қажетті шектеулер мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, тез өткізілді. Сонымен қатар, есімін «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының Құрмет кітабына енгізіп, ұжымға сіңірген көрнекті қызметі үшін дәстүрлі Сертификатты Марина Ашрафовна Крицкая алды.…