Жаңалықтар

Жаңалықтар

Жылдар бойынша жаңалықтар мұрағаты →

Жаңа сызық зефир үшін

Жаңа сызық зефир үшін

Кәмпит цехында толассыз зефир өндіру бойынша желі іске қосылды. Зефир массасын дайындау Германияда өндірілген Hansa Industrie-Mixer фирмасының Compact Mix 700 жабдығында жүзеге асырылады. Ауаның көмегімен сұйықтардың дамылсыз көпіруіне арналған динамикалық көбік генераторы дәмдік сапасы және сыртқы түрі бар тамаша өнімді алуға мүмкіндік береді. Компоненттерді рецептураға сәйкес берілген бағдарламамен автоматты түрде мөлшерлеу, дәмдік-хошиістік қоспаларды біркелкі бөлу…

«Interfood Siberia-2013» көрмесі

«Interfood Siberia-2013» көрмесі

6 - 8 қараша аралығында Ресейдің Новосибирск қаласында «Interfood Siberia-2013» арнайы көрмесі өтті. Новосибирск облысында «Баян Сұлу» АҚ өнімдері бұрыннан белгілі және үлкен сұранысқа ие. Көрмеге келушілер мен қатысушылардың жаңа өнімдермен танысып қана қоймай, олардың дәмін татуға және сатып алуға мүмкіндіктері болды.  «Interfood Siberia-2013» көрмесіне белсенді қатысқаны үшін «Баян Сұлу» АҚ сертификатпен марапатталды. 

Халықаралық Қарттар күні

Халықаралық Қарттар күні

2013 жылдың 1 қазанында фабрикада жыл сайын Халықаралық Қарттар күні атап өтілді. Біздің тарапымыздан қазір демалыстағы, бұрынғы қызметкерлермен (260-қа жуық адам) кездесу өткізілді. Зейнеткерлерге кондитерлік өнімдері бар сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар берілді. Кейін акті залында зейнеткерлердің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттік бөлім біткеннен соң барлық қатысушылар мерекелік асқа шақырылды. Дастархан басында фабрика мен басшылыққа қонақтардың…

«World Food Moscow – 2013» азық-түлік көрмесі

«World Food Moscow – 2013» азық-түлік көрмесі

Күздің ең айтулы оқиғасы World Food Moscow – 2013» азық-түлік көрмесі ұйымдастырылып, оған «Баян Сұлу» АҚ та атсалысты. Бізбен бірге жылсайын өтетін көрмеге 69 мемлекеттен келген 1602 компания қатысты. 16-19 қыркүйек аралығында әлемдегі азық-түлік өндірудегі хас шеберлермен тең дәрежеде «Баян Сұлу» АҚ та өз өнімдерін паш етіп, тұтынушылардың пікірлерін тыңдауға зор мүмкіндік алды. «World Food…

«Агроөнеркәсіп форумы-2013» көрмесі

«Агроөнеркәсіп форумы-2013» көрмесі

«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы 2013 жылдың 3-5 қыркүйегі аралығында Екатеринбург қаласында өткен «Агроөнеркәсіп форумы-2013» көрмесіне қатысты. Аталмыш аймақта фабрика өнімі өзінің әрбір тұтынушысына танымал әрі ыстық – бұл сапа мен тіл үйірер дәмінің кепілдігі. Көрмеде «Казахстанский» шоколадының жиынтығы ерекше назарда болды. Оның сапасы жоғары бағаланып, алтын медаль мен дипломды иемденді.

«Қытай — Еуразия» ЭКСПО Халықаралық көрмесі

«Қытай — Еуразия» ЭКСПО Халықаралық көрмесі

«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы ағымдағы жылдың 2-7 қыркүйекгі аралығында Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында өткен «Қытай - Еуразия» ІІІ ЭКСПО Халықаралық көрмесіне қатысты. Әр түрлі мемлекеттен келген тұтынушылар арасында біздің өнімге деген қызығушылығы артып келеді. Көрме жұмысына белсенді қатысқаны үшін фабрикамыз дипломмен марапатталды.