20.09.2026 15:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2026 жылғы 19 қазан , басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 15 сағ. 40 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:
1.«Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. «Баян Сұлу» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу.
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1-ші сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –75 823 552.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 75 823 552 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібін бекіту:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. «Баян Сұлу» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу.
2-ші сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны – 75 823 552.
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» -72 044 325 дауыс. «Қарсы болғандар – жоқ. «Қалыс қалғандар» – 3 779 227 дауыс.
Қабылданған шешім:
«Crowe Audit KZ» ЖШС «Баян Сұлу» АҚ-ның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып белгіленсін.