19.03.2026 16:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2026 жылғы 18 наурыз , басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 15 сағ. 45 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2.«Bereke Bank» АҚ-мен (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) жасауға қызығушылық болған, бұрын жасалған ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1-ші сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны -72 044 325
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 72 044 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібін бекіту:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2.«Bereke Bank» АҚ-мен (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) жасауға қызығушылық болған, бұрын жасалған ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.
2-ші сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны -72 044 325 Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 72 044 325 дауыс. «Қарсы болғандар – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Бұрын «Bereke Bank» АҚ-мен (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) жасалған, оны жасауға мүдделілік бар ірі мәмілеге өзгерістерді енгізу мақұлдансын.