22.08.2019

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасына келіп кетті

2019 жылғы 15 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен
«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасына келіп кетті. Сапар барысында, оған жақында ғана орнатылған ең жаңа кондитерлік өнім өндіру желілері көрсетілді. Фабриканың саясаты – Қазақстанның кондитерлік өнімдері нарығында көшбасшылардың бірі болса да, одан әрі дамуға үнемі көңіл бөліп тұру.
Фабрика өндіріс қуаттарын ұлғайтып, өндіріс технологиясын жетілдіру үстінде. Бұл, ең алдымен, Қазақстан Республикасы үкіметінің саясаты мен қолдауының арқасы. Оған ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған делегация мүшелерінің көздері жетті.