«Дені саудың – жаны сау»
«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасында қызметкерлердің корпоративтік рухы мен салауатты өмір салтын қолдау мақсатымен 19 сәуір күні басталған үстел теннисі бойынша турнирдің финалы 27 сәуірде өтті. Апта бойы 14 қатысушы фабриканың үздік теннисшісі атағына күрес жүргізді. Спорт сайысы аяқталғанда қорытынды жасап, естелік дипломдар мен сыйлықтар берілді. Жарыста үшінші орын алған Ибентаев Данияр, екінші орында — Приходько Сергей, ал турнирдің жеңімпазы болған Дускалиев Рустам.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылардың барлығы Астана қаласындағы «ЕХРО – 2017» көрмеге барып қайтатын «Баян Сұлу» АҚ делегациясының құрамына кірді.