«Тамақ өнеркәсібі» көрмесі
«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы 2012 жылдың 29-31 наурызы аралығында Волгоград қаласында өткен «Тамақ өнеркәсібі» көрмесіне қатысты.
Бұл аймақта біздің өнім алғаш рет ұсынылды, десек те, фабрикамыздың кондитерлік өнімдері кеңінен танымал екені белгілі. Көрме қатысушыларының пікірлеріне сүйенсек, өнімнің безендірілуі мен сапасы жоғары бағаға ие болды. Волгоград тұрғындары жақын арада фабрикамыздың өнімдеріне қол жеткізетін болады. Қаланың сауда нүктелерінен табуға болады. Көрме жұмысына белсенді қатысқаны үшін фабрикамыз дипломмен марапатталды.