«Қытай – Еуразия» ІІ ЭКСПО Халықаралық көрмесі
«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы ағымдағы жылдың 2-7 қыркүйегі аралығында Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында өткен «Қытай – Еуразия» ІІ ЭКСПО Халықаралық көрмесіне қатысты.
ҚХР аймағында алғаш қатысқанымен, әр түрлі мемлекеттен келген қатысушылар арасында өнімге деген аса қызығушылық танытылды. Есте тез сақталатын әсем безендірулері бар «Баян Сұлу» таңбасының негізін құрайтын «табиғи» дәмі ерекше әсер қалдырды.