«Баян Сұлу» АҚ Құрмет кітапшасына енгізілген қызметкерлерді құттықтау
15 желтоқсанда «Баян Сұлу» АҚ Құрмет кітапшасына енгізілген кәсіпорын қызметкерлерін құттықтау рәсімі өтті.
Кәсіби қызметте жеткен жетістіктері мен табыстары үшін сертификаттар мен ақшалай сыйақыларға ие болды:
- Танатқанова Гүлжан Нұртанқызы – қантты өнімдердің кондитері, кәмпиттер цехының бисквитчит маманы.
- Власова Мария Ивановна – қантты өнімдердің кондитері, №1 шоколад цехының бисквит маманы.
- Огай Валерий Динович – карамель цехының темір ұстасы.
Еңбек жолындағы жоғары жетістігі мен қоғамдық жұмысқа орасан зор үлес қосқаны үшін «Баян Сұлу» АҚ-тың құрмет грамотасы және ақашалай сыйақысымен 29 адам марапатталды. Құрметті әріптестер, Сіздерді құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, еңбек жолындағы ізденістеріңізге табыс тілейміз.