19.11.2011

«Кәсіби білім мен бизнес: әріптестер диалогы» атты ІІІ Халықаралық форум

2011 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Кәсіби білім мен бизнес: әріптестер диалогы» атты ІІІ Халықаралық форум өткізді.

Форум – кәсіби ьілім беру мен мамандарды даярлау жүйесін дамыту мәселелерінің басымдықтарын талқылау жөніндегі дәстүрлі диалог алаңы. Форум жұмысының барысында «Баян Сұлу» АҚ Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі атынан «техникалық және кәсіби білім берудің үздік әріптесі – 2011» дипломымен марапатталды.