«Ұлы Отан соғысы» жеңісіне – 66 жыл
2011 жылдың 7 мамыры фабрикада «Ұлы Отан соғысы» жеңісінің 66 жылдығы атап өтілді.
Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерімен (42 адам) кездесу ұйымдастырылды. Ардагерлерге кондитерлік өнімдері бар сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, құттықтау хаттары мен гүл шоғыры табыс етілді. Кейін акті залында ардагерлердің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттік бөлім біткеннен соң барлық қатысушылар мерекелік асқа шақырылды. Дастархан басында фабрика мен басшылыққа қонақтардың атынан жылы лебіздер айтылды.