Қазақстан халқының бірлігі күні
1 мамыр күні қостанайлықтар да Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті.
Қала ұйымдары мен кәсіпорындары ұжымдарының ұйытқы болуымен салтанатты шеру өтіп, қалада мәдени-сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылды. Түрлі-түсті шарлар, жалау, көліктер безендірілген 150-ден астам адамды құрайтын ең үлкен сап «Баян Сұлу» АҚ –қа тиесілі болды. Қазақстанда тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің бірлік-ынтымағы жарасқан көңіл-күйлері мереке көркін ары қарай қыздыра түсті.