24.12.2020 11:30 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2020 жылғы 22 желтоқсан , басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 15 сағ. 40 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.

2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:

1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен бұрыннан жасаған «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесінің өзгертулер енгізу туралы.

3. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар ірі мәмілені жасау туралы

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1-ші сұрақ бойынша. 

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 441 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім: Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібін бекіту:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен бұрыннан жасаған «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесінің өзгертулер енгізу туралы.

3. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар ірі мәмілені жасау туралы.

2-ші сұрақ бойынша.

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 441 дауыс. «Қарсы болғандар – жоқ.«Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Қоғамның мүлігін қайта бағалауға және сәйкесінше барлық жасалған/жасалатын шарттар мен келісімдерге, соның ішінде кепіл шартына және көрсетілген шарттар мен келісімдердің қосымшаларына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуге байланысты, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен «Sweet City» ЖШС және «Азия АгроФуд» АҚ аффилденген тұлғаларымен «Баян Сулу» АҚ-ның жасалған, Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар, ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу мақұлдансын.

3-ші сұрақ бойынша.

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 441 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Шартты жасау мерзімі 01.01.2021 жылдан бастап 31.12.2022 жылға дейін, ҚҚС қоса, Шарттың болжамды сомасы 50 000 000 000 (елу миллиард теңге) болатын, аффилденген тұлға «Sweet City» ЖШС-мен «Баян Сұлу» АҚ-ныңКондитерлік өнімдерді жеткізу шартын жасаумен байланысты, Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар ірі мәмілені жасау мақұлдансын.