30.10.2013 01:00:00
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының мүддесі бар мәміленің жасалуы туралы ақпарат
1) Акционерлік Қоғамының органы тарапынан, Қоғамның мүддесі бар мәмілені жасау ниеті туралы шешімнің қабылданған күні – «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің 18.10.2013 жылғы шешімі, №18 хаттама; 2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – 2 080 000 000 (Екі миллиард сексен миллион) теңге сомасындағы ақша; 3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні – қолданылмайды; 4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы – 11,8%; 5) мәміленің негізгі елеулі шарттары – БНК шеңберінде жасалған және оның ажырамас бөлігі болып табылатын әрбір/кез-келген келісім-шарт және/немесе келісім бойынша Банктің алдында «Баян Сұлу» АҚ-ның міндеттемелерінің орындалуын қамсыздандыру ретінде, «KazFoodProducts» ЖШС – «БТА Банк» АҚ-ның кепіліне: 2 080 000 000 (Екі миллиард сексен миллион) теңге көлеміндегі ұлғайтылған сомадағы ақшаны, есептелген сыйақыны, сондай-ақ БНК-де көрсетілген, уәкілеттті органдарда тіркелген кепіл келісім-шарттарын «Баян Сұлу» АҚ берген сәтке дейін, заңды тұлғамен жасалған «Формула успеха» банк салымы туралы 2013 жылғы 19 наурыздағы № 1704 келісім-шарт бойынша ДБВ-да ашылған салымшының құқықтарын ұсынады және Банктік жарна туралы келісім-шарт бойынша жинақ ақша шотындағы ақшаны және құқықтарды кепілге салу туралы келісім-шартқа арналған қосымша келісімге қол қояды. 6) мәміленің жасалған күні – Банктік жарна туралы №13/06/kz келісім-шарт бойынша ақша мен құқықтарды кепілге салу туралы келісім-шартқа арналған 25.10.2013 жылғы № 5 қосымша келісімнің жасалған күні.