29.07.2014 16:00:00

Баян Сұлу» АҚ-ң 18.07.2014 жылы мемлекеттік тіркеуден өткен эмиссиялық құнды қағаздарды шығару проспектіне енгізілген ақпарат.

1) эмиссиялық құнды қағаздарды шығару бағыттамасына өзгертулер енгізу үшін негіздеме болып табылатын құнды қағаздар шығарушы орган шешім қабылдаған күні, шешім қабылдаған органның атауы:
«Баян Сұлу» АҚ-ң 02.06.2014 жылғы шешімі, №16 хаттама және 23.06.2014 жылғы №17 хаттама;
2) эмиссиялық құнды қағаздарды шығару бағыттамасына енгізілген өзгертулердің мазмұны (мәні):
а) банктік деректемелердің өзгеруіне байланысты проспекттің «Акционерлік қоғамның банктік деректемелері» деп аталатын 6-тарау келесі басылымда баяндалсын;
б) Басқарма құрамының сандық құрамының ұлғаюына және Қоғам Басқармасының жаңа мүшелері Т.М. Садыков пен Д.Д. Ахметжановты сайлаумен байланысты Қоғам Басқармасының құрамына өзгертулер енгізілді (проспекттің 12-тарауының кестесі);
в) бөлімшенің жетекшілері туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіруге  байланысты «Акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері» деп аталатын  14-тармағының 1) тармақшасына және «Акционерлік қоғам бөлімшелерінің жетекшілері туралы мәліметтер» деп аталатын 14-тармағының 4) тармақшасына өзгертулер енгізілді;
г) Қоғамның үлестес жеке тұлғаларының құрамының өзгеруімен байланысты проспекттің «Акционерлік қоғамның басқа үлестес тұлғалары туралы мәліметтер» деп аталатын 18-тарауына өзгертулер енгізілді.