27.03.2015 16:00:00
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат
110006 Қостанай қ-сы Бородин к-сі, 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі 26.03.2015 жылы жергілікті уақытпен сағат 11-де өткен отырыста № 6-1 хаттама келесідей шешім қабылдады:
Қоғамның жасауға мүддесі бар мәмілелер жасау мақұлдансын: «Баян Сұлу» АҚ «АзияАгроФуд» АҚ-мен тауар қоймасында жауапты сақтау келісім-шартын жасау, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ тапсырады, ал «АзияАгроФуд» АҚ келісім-шарттың талаптарына сәйкес тауарларды (ұн, сірне, кебек, астық қалдықтары, жүгері және басқаларын) жауапты сақтауға қабылдайды. Тауарды сақтау бойынша қызметтің құны ҚҚС есепке алғанда айына 800 000 (сегіз жүз мың) теңгені құрайды, келісім-шарттың әрекет ету мерзімі 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін.