26.01.2015 15:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының өзі мүдделі болып табылатын мәмілені жасасу ниеті туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні: Директорлар кеңесінің 23 қаңтар 2015 жылғы шешімі, № 2А хаттама;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы: қолданылмайды; 
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Баян Сұлу» АҚ мен «АзияАгроФуд» АҚ арасында тауар қоймасында сақтау туралы келісім-шарттың жасалуы, соған сәйкес, «АзияАгроФуд» АҚ кондитерлік өнімдерді қабылдайды, сақтайды және «Баян Сұлу» АҚ-ның бірінші талабы бойынша сақталған күйде қайтарады, тауарды сақтау қызметінің құны ҚҚС-пен бірге айына 400 000 (төрт жүз мың) теңге сомасын құрайды;
6) мәміленің жасалған күні: тиісті келісім-шарттың болашақта жасалатын күні.