19.05.2017 10:30:00
2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан орны: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Жиналысты шақыру бастамашысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының өткізілу күні, уақыты және орны:
2017 жылғы 19 маусым, жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік – тұрмыстық корпус, акт залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақыттың 13 сағат 30 мин.
Егер бірінші жиналыс өткізілмесе, қоғам акционерлерінің өткізілуі тиіс қайталама жалпы жиналысының өткізілу күні мен уақыты: 2017 жылғы 20 маусым, жергілікті уақыттың 15 сағат 00 мин.
Акционерлердің жалпы жиналысында қатысу құқығы бар акционерлер тізімінің жасалу күні:2017 жылғы 29 мамыр.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:
- «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
- Есеп комиссиясының сандық құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау.
- «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2016 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі.
- «Баян Сұлу» АҚ 2016 жылғы қаржылық есебін бекіту.
- «Баян Сұлу» АҚ 2016 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
- Дивидендтер туралы.
- «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы.
- «Баян Сұлу» АҚ акционерлерін «Баян Сұлу» АҚ Директорлар Кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2016 жылғы сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпараттандыру.
- «Баян Сұлу» АҚ мен «Сбербанк» АҚ ЕБ арасында жасалған ірі мәмілеге өзгертулер енгізу туралы.
- Басқарма Төрағасы – Қоғамның Президенті Садыков Тимур Мейрханович мырзаға және/немесе Қоғамның қаржылық директоры Губарева Ольга Викторовна ханымға Келісімдерге, Шарттарға, оның ауқымында жасалатын барлық/кез-келген шарттарға және/немесе келісімдерге, сондай-ақ Келісімдердің, Шарттардың, Кепілзат шарттарының, Кепілдік шартының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымша келісімдерге және осы шешімді орындау үшін қажетті өзге құжаттарға қол қою құзыретін беру.
Қоғамның акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен таныстыру тәртібі: акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар акционерлердің танысуы үшін жиналысты өткізу күнінен он күннен кешіктірмей мына мекенжайы бойынша қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198; акционердің сұрауы болған жағдайда – оған сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Жиналысты өткізу тәртібі:
Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке басының куәлігі болуы тиіс. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Жалпы жиналысқа арнайы шақырусыз өзге тұлғалар қатыса алмайды. Мұндай тұлғалар акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеуге ғана құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.
Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды, дауыс беру нысанын айқындайды – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша). Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Жалпы жиналыста дауыс беру
– Жалпы жиналыста дауыс беру құқығы бар әрбір адамға Жалпы жиналысты өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыстан беруді қоспағанда, “бір акция – бір дауыс” принципі бойынша жүзеге асырылады.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.
Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады.
Жиналыс сәйкестендіріліп өткізіліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35 – 37; 39 – 48; 50 -52; 76-баптары; ҚР ЖС 2008 жылғы 28.12. №8 НҚ 6, 13,15,16, 17-тармақтары