15.10.2015 17:30:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының жасау ниеті туралы ақпараты.

1) акционерлік қоғамның органы мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдаған күні: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесінің 20.08.2015 жылғы шешімі, №17   хаттамасы;

2) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің құны:  1 441 710 416 теңге ;

3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: 02.03.2015;

4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның   активтерінің жалпы құнының қатынасы:   7,2  %;

5)  мәміленің негізгі елеулі шарттары:

   1) «Ресей Жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк), «АзияАгроФуд» АҚ және «Баян Сұлу»АҚ арасында жылжымалы мүлік кепілі келісім-шартын жасау, соған сәйкес «Баян Сұлу»АҚ 2015 жылғы 25 маусымдағы №15-08650-00-КЛ жаңартылмайтын кредит желісін ашу туралы келісім-шарттың жағдайларына және барлық өзгерістер мен толықтырулармен, оған өзге де келісімдерге сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ Банк алдында міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуде айналымдағы тауарларды (дайын өнім) Банкке кепілдікке береді,

     2) «Ресей Жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк), «АзияАгроФуд» АҚ және «Баян Сулу» АҚ арасында жабдық кепілі келісім-шартын жасау, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ 09.06.2014 ж. кредит желісін ашу туралы № 14-0022ЦО Келісім, 25.11.2014 ж. жаңартылмайтын кредит желісін ашу туралы № 14-53431-00-КЛ Келісім-шарт, 25.06.2015 ж. жаңартылмайтын кредит желісін ашу туралы № 15-08650-00-КЛ келісім-шарт және/немесе Келісім-шарттар/Қосымша келісімдер (оның аясында жасалған және оның ажырамас бөлігі болып табылатын әрқайсы/кез келген келісім-шарт және/немесе келісім) бойынша «АзияАгроФуд» АҚ Банк алдында міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуде MILLETWIST 8012 10 (он) орау автоматтарын қоса алғанда, салындысы бар қалыпталған қатты карамель және карамель орауышының өндірісі бойынша ағымдық желісін Банкке кепілдікке береді;

6) мәміленің жасалған күн –  13.10.2015.