14.05.2020 15:00 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің 2019 жылғы жұмыс қорытындылары туралы жалпы жылдық жиналысына шақыру туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы , 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198 мекенжай бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы осы арқылы 2019 жылғы жұмыс қорытындылары туралы жалпы жылдық жиналысына шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері: «Баян Сұлу» Акционерлік қоғамының Басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006,
Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын шақыруды бастаушысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ Директорлар Кеңесі.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы өтетін күні, уақыты және орны:
2020 жылғы 15 маусымда, жергілікті уақытпен 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік-тұрмыстық корпус, мәжіліс залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақытпен 14 сағат 30 минут.
Егер бірінші жиналыс өткізілмеген болса, қоғам акционерлерінің өткізілуі тиіс жалпы жиналысы қайта өтетін күні және уақыты:
2020 жылғы 16 маусым, жергілікті уақытпен 15 сағат 00 мин.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2020 жылғы 22 мамыр.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының Күн тәртібін бекіту.
2. Есептеу комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, есептеу комиссиясының жаңа мүшесін сайлау туралы.
3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2019 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
4. «Баян Сұлу» АҚ 2019 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.
5. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2019 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы және «Баян Сұлу» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту.
6. «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
7. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2019 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
8. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу туралы.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:
акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар жиналыс өткізу күніне дейін он күннен кешіктірмей акционерлерге танысу үшін мына мекенжайы бойынша қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198; акционер сұранысы болғанда – сұранысты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жолданатын болады.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын өткізу тәртібі:
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысын ашу үшін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге тұлғаны куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционер өкілі акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысу және дауыс беру өкілеттігін растайтын сенімхат ұсынуы тиіс.
Тіркелмеген Акционер (Акционердің өкілі) кворум анықталғанда есептелмейді және оның дауыс беруге қатысу құқығы жоқ.
Жалпы жиналыста арнайы шақырылмаған басқа тұлғалар қатыса алмайды. Ондай тұлғалардың акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеу құқығы бар.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болғанда жарияланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыс ашылу уақытын өзгертуге қарсы болмаған жағдайды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы жарияланған уақыттан бұрын ашылуы мүмкін емес.
Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасы (президиумі) мен хатшысын сайлауды жүргізеді, ашық немесе (бюллетеньдер бойынша) жасырын – дауыс беру нысанын анықтайды. Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Әрбір акционердің бір дауысы болғанда, ал шешім қатысушылардың жай көпшілігімен қабылданғанда акционерлердің жылдық жалпы жиналысының (президиумнің) төрағасын және хатшысын сайлау мәселесі жөнінде дауыс беруді қоспағанда осы қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру «бір акция – бір дауыс» қағидасы бойынша жүзеге асырылады.
Егер акционерлердің жалпы жиналысында тікелей жүргізілетін дауыс беру жасырын тәсілімен жүзеге асырылатын болса, жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер дауыс берілуі жасырын тәсілімен жүзеге асырылатын әрбір мәселе бойынша бөлек құрастырылуы тиіс. Бұл арада тікелей жасырын дауыс беруге арналған бюллетень келесіні қамтуы тиіс:
1) мәселе берілісі немесе оның жиналыс күн тәртібіндегі реттік нөмірі;
2) мәселе бойынша «қолдау», «қарсы», «қалыс қалған» сөздерімен белгіленген дауыс беру нұсқалары немесе қоғам органдарына әрбір кандидат жөнінде дауыс беру нұсқалары;
3) акционерге тиесілі дауыс саны.
Акционер өзі бюллетеньге қол қоямын, соның ішінде заңнамаға сәйкес қоғамға оған тиесілі акцияларды сатып алу туралы талап ету мақсатында қалауы болған жағдайларды қоспағанда акционер тікелей жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қоймайды.
Тікелей жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер бойынша дауыстарды есептеген кезде дауыс беруші бюллетеньмен белгіленген дауыс беру тәртібі сақталған және дауыс беру нұсқаларының біреуі ғана белгіленген мәселелер бойынша дауыстар ескеріледі
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін:
1) өздігінен немесе басқа акционерлермен жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да артық пайызына ие болатын акционерлермен немесе қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналысты өткізу күніне дейін кемінде он бес күн бұрын хабарланған шарты сақталғанда директорлар кеңесімен ұсынылған толықтырулар;
2) оларды енгізу үшін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беруші акцияларының жиынтығында кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген өзгерістер және (немесе) толықтырулар.
Жалпы жиналыстың күн тәртіпке енгізілмеген мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында төрағаның қарастырылатын мәселе бойынша пікірталасты тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс беру тәсілін өзгерту туралы ұсынысты дауыс беруге шығару құқығы бар.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселені талқылауға қатысу құқығы бар тұлғаларға кедергі жасау құқығы жоқ, осындай сөйлеу сөздері акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соқтыратын немесе осы мәселе жөнінде пікірталас тоқтатылған жағдайлар кірмейді.
Акционерлердің жалпы жиналысының өз жұмысында үзіліс жасау және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, соның ішінде Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жеке мәселелерін қарауды келесі күнге қалдыру туралы шешім қабылдау құқығы бар.
Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарағаннан және олар бойынша шешім қабылдағаннан кейін ғана жабылған деп жариялуы мүмкін.
Дауыс беру нәтижелері бойынша есептеу комиссиясы дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы жасайды және оған қол қояды.
Акционердің дауыс беруге шығарылған мәселе жөнінде ерекше пікірі болған кезде қоғамның есептеу комиссиясы хаттамаға тиісті жазу енгізуге міндетті.
Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысын жапқаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құрастырылады және қолдары қойылады.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы сәйкестілікте жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 22, 23; 35-37; 39-48; 50-52; 68-73-баптары, ҚР ЖС 28.12.2009ж. №8 НҚ 13,15,16, 17,19,20-тармақтары.