10.01.2014 17:00:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені акционерлік қоғамның жасағаны туралы ақпарат.

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні – Директорлар кеңесінің  27.12.2013 жылғы шешімі, №26 хаттамасы;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні – қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы – қолданылмайды;
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Баян Сұлу» АҚ-ң «KazFoodProducts» ЖШС-мен арада «Баян Сұлу» АҚ-ң өндірісін дамыту және «Баян Сұлу» АҚ-ң өндірістік-шаруашылық қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша жеткізушілерді тарту жөнінде ақпараттық, делдалдық және басқа қызметтерді көрсету, сонымен қатар төменде келтірілген қызметтерді көрсету туралы келісім-шарт жасасуы «Баян Сұлу» АҚ-ң шикізаттар, материалдар, жабдықтар бойынша сатып алу жоспарын қамтамасыз етуді, сонымен қатар ҚР-ң аумағындағы әлеуетті жеткізушілермен және шетелдік серіктестермен өзара тиімді келісім-шартты жасасуды ұйымдастыру;
жеткізушілермен және контрагенттермен кездесулер мен келіссөздер өткізуге көмектесу;
ҚР-ң аумағында және шетелде кездесулерді ұйымдастыру және өткізу; сауда-коммерциялық қызмет және басқа қызмет салаларында ақпарат беру, осы қызметтердің болжалды құны 
24 000 000 (жиырма төрт миллион) теңгені құрайды, соның ішіне ҚҚС кіреді.
6) мәміленің жасалған күні – 08.01.2014.