Премьер-Министр орынбасары Серік Жұманғарин жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді.
Бағдарлама тармақтарының бірі «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасына бару мәселесіне арналған болатын.
«Баян Сұлу» АҚ фабрикасының Президенті Тимур Садықов Серік Мақашұлына фабрикадағы ахуал туралы, жетістіктер мен келелі мәселелер жайлы, кондитерлік нарықтың келешегі жайында және фабриканы таяу жылдарда дамыту жоспарлары жөнінде баяндап берді.