«АГРО – 2013» XIII мамандандырылған көрме
27-29 наурыз аралығында Оренбург қаласында («АГРО – 2013» XIII мамандандырылған көрмесі өтті. Көрмеге «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы Ресей, Татарстан, Башқұртстан және Мордовия сынды елдердің ірі кәсіпорындарымен бірге қатысты.
Біз Қазақстан Республикасы атынан Оренбург облысында бұрыннан танымал әрі үлкен сұранысқа ие «Баян Сұлу» кондитерлік өнімдерін ұсындық. Көрме қатысушылары өнімнің жаңа түрлерімен танысып қана қоймай, олардың дәмін татып, сатып алуларына мүмкіндік туды. («АГРО – 2013» XIII мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысқаны үшін «Баян Сұлу» АҚ дипломмен марапатталды.